Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары, алға қойған мақсат-міндеттері және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басымдықтар таныстырылды.
Штаб мүшелері партияның бастамалары мен жоспарлары туралы кеңінен ақпарат беріп, ұжым өкілдерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек адамының құқығын қорғау және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері сөз болды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қызметкерлер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
Осындай кездесулер қоғам мен партия арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың ұсыныстарын ескеруге мүмкіндік береді.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.
Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

