Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «GEELY» АВТОСАЛОНЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«GEELY» АВТОСАЛОНЫНЫҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Әділет» партиясының Шымкент қалалық сайлауалды штаб мүшелері «Geely» автосалонының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесуге Шымкент қалалық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Баймаханов Мэлс Талғатұлы және Шунгараева Гүлайым Әскерқызы қатысты.

Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, кәсіпкерлікті қолдау, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, автокөлік саласындағы заманауи технологияларды дамыту, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, шағын және орта бизнестің әлеуетін кеңейту бағытындағы бастамаларға тоқталды.

Кандидаттар қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға, қолайлы кәсіпкерлік орта қалыптастыруға және экономикалық мүмкіндіктерді арттыруға бағытталған ұсыныстарымен бөлісті.

Кездесу барысында автосалон қызметкерлерінің пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, еңбек ұжымын толғандырған мәселелер бойынша ашық пікір алмасу жүргізілді.

 

Мұндай кездесулер халықпен тікелей байланыс орнатып, еңбек ұжымдарының сұранысы мен ұсыныстарын зерделеуге, өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға мүмкіндік береді.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.

Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған

«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Пікір жазу