Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕҢЕЙТІЛУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КЕҢЕЙТІЛУДЕ

Шымкент қаласында қалалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру, тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және мемлекеттік басқару процестерін автоматтандыру мақсатында цифрлық технологиялар енгізілуде. 2026 жылдың 11 айында білім беру, көлік, денсаулық сақтау, коммуналдық шаруашылық және мемлекеттік басқару салаларында бірқатар жоба жүзеге асырылды.

Білім беру саласында мектеп қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Айқын» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 147 мектепке 10 290 бейнебақылау камерасы орнатылды. Сонымен қатар, 161 мектеп 100 Мбит/с жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етілді.

Білім беру саласындағы қаржылық ашықтықты арттыру үшін «Qarqyn» бірыңғай интеграциялық жүйесі енгізілді. Ол Kundelik, 1С, Balabaqsha, Qosymsha, Pana, Smartnation және Sana платформаларымен біріктірілген. Жүйе нәтижесінде қосымша білім беру саласында 10 млрд теңге үнемделді.

Көлік саласында жол қозғалысын басқарудың интеллектуалды жүйесі – ITS іске қосылды. Қазіргі таңда жүйе 360 көше қиылысын қамтиды. Оның нәтижесінде көлік қозғалысының орташа жылдамдығы 20 пайызға, жолдардың өткізу қабілеті 26 пайызға артып, кептеліс 28 пайызға төмендеді.

Қоғамдық көлік жолаушыларына қолайлы жағдай жасау үшін аялдамаларға 143 медиатақта орнатылды. Онда автобустардың келу уақыты мен ауа райы туралы ақпарат көрсетіледі. Сондай-ақ Avtobys жүйесі арқылы жолақысын QR-код, NFC, мобильді қосымша және банк карталары арқылы төлеуге болады.

Қоғамдық қауіпсіздік бағытында қала аумағындағы 400-ге жуық нысанды бақылау үшін 16 дрон пайдаланылуда. Олар төтенше жағдайларды ерте анықтау, қоғамдық қауіпсіздік пен қала аумағын мониторингтеу жұмыстарына тартылған.

Мемлекеттік аппаратты цифрландыру аясында «I-protocol» жүйесі арқылы хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау автоматтандырылды. Қала мемлекеттік органдарында 23 ақпараттық жүйе пайдаланылуда. Электрондық құжат айналымын жетілдіру мақсатында «Documentolog» жүйесіне 385 ұйым қосылып, «Бірыңғай кадр жүйесі» 137 ұйымда іске қосылды.

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Firewall, Kaspersky және DLP жүйелері енгізілді. Сонымен қатар, ақпараттық инфрақұрылымды жаңғырту шеңберінде 44 коммутатор, 4 сервер, 6 үздіксіз қуат көзі және 6 деректерді сақтау жүйесі жаңартылды. Ақпараттық қауіпсіздік бойынша 30 мемлекеттік қызметші арнайы оқудан өтті.

Жалпы, цифрлық технологияларды енгізу қалалық инфрақұрылымды тиімді басқаруға, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік беруде. Алдағы уақытта жасанды интеллект пен ақпараттық жүйелерді дамыту, сондай-ақ цифрлық шешімдерді қаланың барлық саласына енгізу жұмыстары жалғасады.

Денсаулық сақтау саласында жасанды интеллект технологияларын қолдану кеңейтілуде. Қалалық №2 емханада инсультті ерте анықтауға арналған Cerebra AI жүйесі арқылы 1 802 клиникалық жағдай өңделді. Ал дәрігерлерге диагноз қою мен емдеу барысында көмектесетін PULS AI жүйесі 13 емханада пилоттық режимде енгізілді. Медициналық бейнелерді сақтау және өңдеуге арналған PACS Systems жүйесі 21 медициналық ұйымға орнатылды.

Сонымен қатар, жедел жәрдемнің 120 бригадасына 240 смарт-бейнежетон берілді. Қабылдау бөлімшелерінің жұмысын бақылауға арналған бейнеаналитика мен SOS батырмасы 9 медициналық мекемеге енгізілді.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында коммуналдық ресурстарды есепке алу цифрландырылуда. Қала бойынша 756 272 есепке алу аспабы жұмыс істейді. Оның ішінде 341 082 су, 306 456 электр энергиясы, 107 933 газ және 801 жылу есептегіші бар. Жылу желілерінің жағдайын бағалау үшін жасанды интеллектке негізделген Art code жүйесі де пилоттық режимде қолданылуда.

Экологиялық бағытта «zhasylshym.kz» жүйесіне 443 816 жасыл желек енгізіліп, өсімдіктердің 250 түрі есепке алынған. Ал қатты тұрмыстық қалдықтарды басқаруға арналған «Tumar.online» жүйесі арнайы техниканың қозғалысын бақылау, маршруттарды талдау және контейнерлердің толу деңгейін анықтау мүмкіндіктерін қамтиды.

 

Пікір жазу