«Әділет» партиясы Шымкент қалалық штаб мүшелері «Ahmet Tas» ЖШС кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында штаб мүшелері кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен, өндірістік жұмыс барысымен танысып, қызметкерлермен саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселелеріне басымдық берілді.
Сонымен қатар №10 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидаттың сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Бағдарламада тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау, аудан инфрақұрылымын жетілдіру және халықты толғандырған мәселелерді шешу бағыттары қамтылған.
Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Штаб мүшелері көтерілген мәселелерді назарға алып, тұрғындармен ашық диалог пен тұрақты кері байланыстың маңызын атап өтті.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.
Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

