«Әділет» партиясы Шымкент қалалық сайлауалды штабының мүшелері «Ай-нұры» медициналық клиникасының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуге партияның Шымкент қалалық филиалының төрағасы Таймас Қамбатыров, төраға орынбасары Ербол Байқонысов, Тұран аудандық филиалының төрағасы Есімхан Бертаев және қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Муфтулла Қонақбаев қатысты.
Жиын барысында партия өкілдері сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырып, алдағы бес жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
Талқылау кезінде қаланың адами капиталын дамыту, сапалы білім мен медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мәселелеріне басымдық берілді. Атап айтқанда, Шымкент халқының өсуіне байланысты балабақшалар мен мектептер желісін кеңейту, білім беру ұйымдарының жүктемесін азайту, еңбек нарығының сұранысына сай мамандар даярлау мәселелері қозғалды.
Сонымен қатар алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру, медицина кадрларының әлеуетін дамыту, жастарды қолдау және бұқаралық спортты өркендету бағыттары сөз болды.
Кездесу соңында клиника қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Партия өкілдері қойылған сұрақтарға жауап беріп, айтылған ұсыныстарды назарға алды.
Кездесудің негізгі мақсаты – сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын түсіндіру және медицина саласы өкілдерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.
Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.


