⠀
Қалада жылыту маусымы кезеңінде тұрғын үйлерде өрт оқиғаларының, табиғи және улы газдан улану жағдайларына жол бермеу мақсатында ауқымды профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Қысқы жылыту маусымы кезеңінде улы газдан уланудың алдын-алдын алудың маңызы зор. Осы орайда тұрғындарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.⠀
⠀
Бүгін Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қала прокуратурасымен бірлесе, улы газдан уланудың және тұрғын үйлердегі өрттердің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу іс-шарасын өткізді.⠀
Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры Қанат Берденов улы газдан улану және өрт жағдайларының алдын алуда газосигнализатор құрылғысын орнатудың маңызы зор екенін атап өтті.⠀
Жоспарға сәйкес, Төтенше жағдайлар департаменті, қала прокуратурасы және “Газ техникалық қызметі” мекемесі қызметкерлері бірлесе Тассай шағын ауданында азаматтарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жаднамалар таратты. Мамандар тұрғындарға⠀газосигнализатор құрылғысын орнатып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет екенін ескертті. Бүгінгі іс-шарада жалпы 600 газосигнализатор құрылғысы орнатылды.⠀