«Әділет» партиясы Тұран аудандық филиалының штаб мүшелері құрылыс саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында алдағы мәслихат депутаттарының сайлауы, «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы және алдағы бес жылға арналған негізгі басымдықтары талқыланды.
Штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған бағыттарға тоқталып, қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, тұрғын үй мәселесін шешу, жол және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру, жұмыс орындарын ашу және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар құрылыс саласын дамыту, сапалы әрі қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету, құрылыс нысандарының сапасы мен қауіпсіздігін сақтау мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Өз кезегінде құрылыс саласының қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Штаб мүшелері қатысушыларға сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Кездесу барысында штаб мүшелері Шымкент қаласының тұрғындары үшін лайықты жұмыс орындары, қолжетімді баспана, экологиялық тазалық, сенімді коммуналдық инфрақұрылым, сапалы жолдар, қолжетімді білім беру мен денсаулық сақтау, отбасылардың әл-ауқаты және ертеңгі күнге деген сенімділік маңызды басымдықтар екенін атап өтті.
Спикерлердің айтуынша, «Әділет» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасы дәл осы өзекті мәселелерді шешуге, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға және Шымкенттің тұрақты дамуына бағытталған.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.
Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

