Шымкент қаласының Жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты «Жасыл белдеу» мемлекеттік мекемесінің қарамағында жалпы аумағы 17 гектарды құрайтын орман тұқымбағы орналасқан.
Қазіргі уақытта мекемеге қарасты тұқымбақта 30 мың түп қарағаш көшеті топырақтан қазып алынуда. Бұл көшеттер алдағы уақытта белгіленген орман қоры аумақтарына отырғызылып, қаланың жасыл желек қорын молайтуда пайдаланылады.
Сонымен қатар, жоспарға сәйкес, орман тұқымбағында ағаш-бұта өсімдіктерінің 19 түрінен жалпы 2 395 келі тұқым жинау көзделген. Тұқым жинау жұмыстары әр ағаш-бұта түрінің пісу мерзіміне сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Бұл бағыттағы жұмыс қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға, орман алқаптарын ұлғайтуға, жасыл аймақты кеңейтуге және қоршаған ортаны көгалдандыруға бағытталған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: stan.kz