«Әділет» партиясының штаб мүшелері «TABA INDUSTRIAL» ЖШС кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Жиын барысында партияның негізгі басымдықтары, сайлауалды бағдарламасының бағыттары мен алдағы жоспарлары таныстырылды. Сонымен қатар өндіріс саласын дамыту, отандық кәсіпорындарды қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және еңбек адамының құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мен еңбек құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты мәселелерге назар аударылды.
Мұндай кездесулердің басты мақсаты – еңбек ұжымдарының пікірін тыңдау, өзекті мәселелерді талқылау және қоғам мен өндіріс саласының дамуына қатысты ұсыныстарды назарға алу.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.
Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.