«Әділет» партиясының штаб мүшелері «AQUA ROSSA» ЖШС кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесу өткізіп, партияның негізгі басымдықтары мен алдағы жұмыс жоспарларын таныстырды.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасында көзделген міндеттер, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамалар және кәсіпкерлік саласын қолдау мәселелері кеңінен сөз болды. Әсіресе, отандық кәсіпорындардың тұрақты дамуына жағдай жасау, жұмыс орындарын сақтау, жаңа жұмыс орындарын ашу, еңбек адамының құқықтары мен мүдделерін қорғау бағыттарына ерекше назар аударылды.
Жиын ашық диалог форматында өтіп, штаб мүшелері кәсіпорын қызметкерлерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Өз кезегінде еңбек ұжымы өндіріс саласына қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды. Қатысушылар кәсіпорындардың дамуы мен жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Кездесу барысында еңбек адамының қоғамдағы орны, кәсіпкерлік пен өндірістің ел экономикасындағы маңызы, сондай-ақ жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы өзара жауапкершілік мәселелері де назардан тыс қалмады.
Мұндай кездесулердің маңызы зор. Өйткені еңбек ұжымдарымен тікелей байланыс орнату арқылы саладағы нақты мәселелерді анықтап, тұрғындардың талап-тілегі мен ұсыныстарын назарға алуға мүмкіндік туады.
«Әділет» партиясы қоғаммен ашық диалог орнату, еңбек адамдарының мүддесін қорғау және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бағытындағы кездесулерді жалғастыра береді.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.
Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
