«Әділет» партиясы Еңбекші аудандық филиалының штаб мүшелері «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, өндіріс пен кәсіпкерлікті дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында арнайы экономикалық аймақтың қызметі, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыру, инвестиция тарту, отандық өндірісті қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу бағыттары кеңінен сөз болды. Сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілеріне қолайлы жағдай жасау, өндіріс орындарының тұрақты жұмыс істеуі және еңбек адамының мүддесін қорғау мәселелеріне басымдық берілді.
Жиын барысында штаб мүшелері партияның негізгі бағыттары мен алдағы жоспарларына тоқталып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамалар туралы ақпарат берді.
Өз кезегінде арнайы экономикалық аймақ қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Ашық пікір алмасу барысында өндіріс саласындағы өзекті түйткілдер мен оларды шешу жолдары талқыланды.
Арнайы экономикалық аймақтар – өңір экономикасын өркендетуге, инвестициялық мүмкіндіктерді кеңейтуге және халықты жұмыспен қамтуға ықпал ететін маңызды алаңдар.
«Әділет» партиясы еңбек ұжымдарымен тұрақты байланыс орнатып, олардың ұсыныс-пікірлерін назарға алу және көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ету бағытындағы жұмыстарын жалғастырады.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.
Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
