«Әділет» партиясы Шымкент қалалық штаб мүшелері «Bal Textile» ЖШС кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында кәсіпорынның өндірістік қызметімен танысып, тоқыма өнеркәсібін дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жұмыс орындарын сақтау және еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, кездесуге қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, еңбек адамдарының ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Штаб мүшелері өз сөздерінде еңбек адамының қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтіп, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, еңбек құқықтарын қорғау, қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастыру және қызметкерлердің әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту мәселелеріне тоқталды.
Сондай-ақ өндіріс орындарын қолдау, отандық кәсіпорындардың дамуына жағдай жасау, тұрақты жұмыс орындарын сақтау және жұмысшылардың кәсіби дамуына мүмкіндік беру маңызды міндеттердің бірі екені айтылды.
Штаб мүшелері тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен ашық диалог орнатып, көтерілген мәселелердің назардан тыс қалмайтынын атап өтті.
Спикерлер еңбек адамын қолдау – экономиканы дамытудың және қоғамның әл-ауқатын арттырудың маңызды негізі екендігін айтты. Өйткені елдің өркендеуі адал еңбек пен өндірістің тұрақты дамуына тікелей байланысты.
Дайындаған: «Әділет» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Байқонысов Е.Р.
Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.


