Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Годовые архивы: 2026

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ЕЛ БАЙЛЫҒЫ!

Халыққа сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету – денсаулық сақтау саласының басты міндеттерінің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында өңірлердің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға ерекше мән берілген. Өңірлерде 70-ке жуық денсаулық сақтау нысанын салу бастамасы ауылдық елді мекендер мен шалғай аймақтардағы медициналық инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Жаңа медициналық нысандардың бой көтеруі: халықтың медициналық ...

Толығырақ »

Путь к религиозной грамотности

В современном обществе религиозная грамотность молодежи и информационная безопасность приобретают особую актуальность. Именно этим темам посвящен сериал «Жол» («Путь»), снятый при поддержке Управления по делам религий города Шымкента. Премьерный показ картины состоялся в Молодежном ресурсном центре. В центре сюжета — молодые люди, которые находятся в поиске религиозных ориентиров, но поддаются влиянию сомнительной информации и посторонних лиц. Сериал подчеркивает критическую важность ...

Толығырақ »

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚҚА БАСТАЙТЫН “ЖОЛ”

Қазіргі қоғамда жастардың діни сауаттылығы мен ақпараттық қауіпсіздігі маңызды мәселеге айналып отыр. Осы тақырыптарды арқау еткен «Жол» сериалы Шымкент қаласының Дін істері басқармасының қолдауымен түсіріліп, көрерменге ұсынылды. Туындының тұсаукесер көрсетілімі Жастар ресурстық орталығында өтті. Сериалда діни сенімге қатысты ізденіс үстіндегі жастардың түрлі ақпарат пен адамдардың ықпалына түсуі, мұндай жағдайларда отбасы қолдауының маңызы сөз болады. Сериалдың режиссері Олжас Уәлханов бұл тақырыпты ...

Толығырақ »

АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ: МҮМКІНДІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында атом энергетикасын дамытудың стратегиялық маңызын атап өтті. Мемлекет басшысы 2029 жылға қарай электр энергиясын артығымен өндіру міндетін қойып, «Балқаш» АЭС-інің құрылысын 2027 жылы бастауды, сондай-ақ «Мойынқұм» АЭС-ін салу жөніндегі ынтымақтастықты жеделдетуді ұсынды. Сонымен бірге шетелдік серіктестерді жоғары технологиялық өндірістер ашуға, тәжірибе беруге және отандық мамандар даярлауға ...

Толығырақ »

Ғабит Сыздықбеков жол және көлік саласының мамандарына алғыс білдірді

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков автомобиль көлігі және жол саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Салтанатты кездесу барысында шаһар басшысы сала ардагерлері мен мамандарына қаланың көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі, жауапкершілігі мен кәсіби еңбегі үшін алғыс хаттар табыстады. Қаланың аумағы кеңейіп, тұрғындар саны мен автокөлік қозғалысы артып келе жатқан кезеңде жол инфрақұрылымын жаңғырту ерекше маңызға ие. Осыған байланысты жаңа жолдар мен ...

Толығырақ »

Шымкент әкімі тұрғын үй және жол инфрақұрылымы нысандарын аралады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Сонымен қатар жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары арқылы баспаналы болған 30 отбасыға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады. Пәтер иелері «Отбасы банк» АҚ жүзеге асыратын «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларының қатысушылары. Барлық үміткерлер белгіленген талаптарға сәйкес төлем қабілетін растаған. Жаңа баспанаға қол жеткізгендердің қатарында ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қалалық ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар аясындағы рухани тәрбие – ұрпақтар сабақтастығының негізі» тақырыбында форум өтті. Жиынның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, рухани тәрбиенің маңызын арттыру және аға буын мен жас ұрпақ арасындағы сабақтастықты нығайту. Форумға «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің төрағасы Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Кенжехан Атақұлұлы Төлебаев, зиялы қауым өкілдері, білім ...

Толығырақ »

Шымкентте тұңғыш рет ұлттық мереке – Республика күніне орай «Бүгінгі Қазақстан» ауқымды мюзиклі өтті

Республика күні қарсаңында Шымкент қаласында тұңғыш рет ел тарихы мен заманауи өнерді тоғыстырған «Бүгінгі Қазақстан» атты ауқымды мультиформатты музыкалық-театрландырылған қойылым сахналанды. «Шымкент концерт» концерттік ұйымы ұсынған бұл туынды Тәуелсіздік жылдарымен тағдырлас бір әулеттің өмір жолын арқау етіп, көрерменге ерекше рухани әсер сыйлады. Қойылымның басты идеясы – Қазақстанның Тәуелсіздік алған жылдардан бергі 35 жылдық даму жолын сахналық өнер арқылы бейнелеу. Мюзиклдің ...

Толығырақ »

Тазалық әр адамның күнделікті іс-әрекетінен басталады

Бүгін Шымкентте «Таза Шым» қалалық акциясы аясында қаланың тазалығына, табиғатқа жанашырлықпен қарауға және жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға арналған кездесу өтті. Іс-шара Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылды. Кездесуге Әл-Фараби ауданы прокуратурасының прокуроры Диана Оразымбетова, Экология департаменті басшысының орынбасары Дүйсен Құлтілеуов, «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің президенті, Шымкент қаласындағы ACCESS бағдарламасының түлегі Данара Саранoва, Жастар ресурстық орталығы басшысының ...

Толығырақ »

В Шымкенте обсудили повышение экологической ответственности молодёжи

Сегодня в Шымкенте состоялась встреча в рамках городской акции «Таза Шым», посвящённая чистоте города, бережному отношению к природе и экологической ответственности молодёжи. Она прошла по инициативе городского Молодёжного ресурсного центра в рамках принципа «Закон и порядок». В ней приняли участие прокурор прокуратуры Аль-Фарабийского района Диана Оразымбетова, заместитель руководителя Департамента экологии Дуйсен Культилеуов, президент молодёжного общественного объединения «ASAA», выпускница программы ACCESS ...

Толығырақ »

ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ – АДАЛДЫҚ, БІЛІМ ЖӘНЕ ЖАСАМПАЗ ЕҢБЕК

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің тұрақты дамуы үшін қоғамдық сананы жаңғырту, «Адал азамат» идеологиясын орнықтыру, білім мен ғылымды дамыту және отаншылдық құндылықтарды нақты іспен көрсету қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, реформалардың нәтижелі болуы үшін заңнаманы жетілдіру мен саяси институттарды нығайту жеткіліксіз. Ең алдымен, қоғамның көзқарасы мен азаматтардың жауапкершілігі жаңаруға ...

Толығырақ »

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ МЕН ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІ: ПРЕЗИДЕНТ БАЛАЛАРҒА ТЕҢ МҮМКІНДІК БЕРІП, МЕКТЕПТЕГІ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ АРТТЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау, инклюзивті білім беру инфрақұрылымын дамыту және мұғалімдердің кәсіби қызметіне қолайлы жағдай жасау мәселелерін көтерді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда инклюзивті білім алуға тиіс 237 мыңнан астам бала бар. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар санының артуы бұл бағыттағы жұмысты жүйелі ...

Толығырақ »

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ: ПРЕЗИДЕНТ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА МІНДЕТТЕРДІ АЙҚЫНДАДЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік көмектің атаулылығын қамтамасыз ету, ана мен бала денсаулығын қорғау, медициналық инфрақұрылымды кеңейту және азаматтардың табысын арттыру мәселелеріне басымдық берді. Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекеттік қолдау ең алдымен шын мұқтаж азаматтарға көрсетілуге тиіс. Бұл ретте әлеуметтік саясатты жетілдіру барысында халықтың тұрмыс жағдайын жан-жақты ескеріп, реформаларды мұқият сараптау ...

Толығырақ »

ИНФЛЯЦИЯНЫ ТЕЖЕУ, ҚАРЖЫ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖАҢА АЗАМАТТЫҚ КОДЕКС: ПРЕЗИДЕНТ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕФОРМАЛАРДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫН БЕЛГІЛЕДІ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту, халықтың табысын арттыру, қаржы жүйесінің мүмкіндіктерін экономиканы дамытуға бағыттау және құқықтық ортаны жаңғырту жөніндегі маңызды міндеттерді айқындады. Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекеттік саясаттың тиімділігі ең алдымен азаматтардың әл-ауқаты мен экономикалық белсенділігі арқылы бағалануға тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, халықтың табысын ұлғайту және инфляцияны төмендету негізгі ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАН ЦИФРЛЫҚ ЭКОНОМИКА МЕН АУҚЫМДЫ ҚҰРЫЛЫС АРҚЫЛЫ ЖАҢА ДАМУ КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСАДЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллект негізіндегі цифрлық экономиканы қалыптастыру, өңірлердің инфрақұрылымын жаңғырту және мемлекеттік басқару сапасын арттыру бағытындағы басым міндеттерді айқындады. Мемлекет басшысының айтуынша, Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында озық әрі технологиялық тұрғыдан дамыған мемлекет құруға серпін берілді. Ендігі міндет – осы жұмысты жүйелі жалғастырып, жасанды интеллект мүмкіндіктеріне ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖҮЙЕСІ ЖЕТІЛДІРІЛІП, ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында инвестиция тарту тетіктерін жетілдіру және шағын және орта бизнестің әлеуетін арттыру мәселелеріне тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, жаһандық инвестициялық бәсекелестік күшейген жағдайда жедел шешім қабылдап, инвесторларға қолайлы жағдай жасау маңызды. Осыған байланысты инвестиция тарту және инвесторларды қолдау жұмыстарын үйлестіретін біртұтас жүйені қалыптастыру қажеттігі атап өтілді. Президент қазіргі ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАН АГРОӨНЕРКӘСІБІ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕН ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ АРҚЫЛЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛЕДІ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту, фермерлерді ұзақ мерзімді қаржыландыру, агроөнеркәсіп кешеніне озық технологияларды енгізу және отандық өнімнің қосылған құнын арттыру бағытындағы басым міндеттерді айқындады. Мемлекет басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды салаларының бірі. Өткен жылы бұл сала шамамен 6 пайызға өсіп, агроөнеркәсіп кешенінде өндірілген өнім көлемі ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНДУСТРИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІ ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ЖАҢА ӨНДІРІСТЕР АРҚЫЛЫ НЫҒАЯДЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің индустриялық-технологиялық дамуын жеделдету, жер қойнауын зерттеудің заманауи тәсілдерін енгізу және ұлттық экономиканы жаһандық өндіріс тізбегіне кіріктіру бағытындағы басым міндеттерді айқындады. Мемлекет басшысы Қазақстанның минералдық-шикізаттық әлеуетін тиімді пайдалану экономиканың ұзақ мерзімді дамуы үшін маңызды екенін атап өтті. Осыған байланысты геологиялық барлау жұмыстарын түбегейлі жаңартып, озық технологияларды ...

Толығырақ »

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТРАНЗИТТІК ӘЛЕУЕТІ АРТЫП, КӨЛІК-ЛОГИСТИКА ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҢҒЫРТЫЛАДЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту, транзиттік әлеуетті арттыру және халықаралық тасымал бағыттарының тиімділігін күшейту мәселелеріне басымдық берді. Мемлекет басшысының айтуынша, заманауи логистика инфрақұрылымы елдің экономикалық өсімі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін маңызды факторлардың бірі. Сондықтан Қазақстанның барлық өңірін байланыстыратын, жүк тасымалының мүмкіндіктерін кеңейтетін және халықаралық көлік дәліздерінің тиімділігін ...

Толығырақ »

«ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС»: ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛЕДІ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында өңірлерді кешенді дамыту, қалалардың әлеуетін арттыру және елдің әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы басым міндеттерді айқындады. Мемлекет басшысының айтуынша, ауыл-аймақтарды дамыту мәселесі тұрақты назарда болғанымен, ірі қалалар да экономикалық өсімнің, білім мен технологияның және адами капиталдың негізгі орталығы саналады. Осыған байланысты әрбір ірі қаланың орта және ұзақ ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҢҒЫРТУ – БАСТЫ МІНДЕТТЕРДІҢ БІРІ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, ұлттық егемендікті нығайту және халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытындағы басым міндеттерге тоқталды. Мемлекет басшысы қазіргі әлемдегі геосаяси ахуалдың күрделенуі мен жаһандық сын-қатерлердің артуы жағдайында ел ішіндегі тұрақтылықты сақтау, қоғамдық бірлік пен келісімді нығайту маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, тұрақты даму мен ...

Толығырақ »

Абай ауданында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқын алды

Шымкент қаласының Абай ауданында инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру, көше-жол желісін жаңарту және тұрғындарға жайлы қоғамдық орта қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында жол сапасын жақсарту, көшелерді жарықтандыру және қоғамдық орындарды абаттандыру бағытында бірқатар жоба жүзеге асырылды. Абай ауданының құрамына 27 елді мекен кіреді. Қазіргі уақытта мұнда 269,2 мың адам тұрады. Аудан тұрғындары ауыз су, электр энергиясы және табиғи ...

Толығырақ »

Абай ауданында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жылумен қамтылды

Шымкент қаласының Абай ауданында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылыту маусымына дайындау шаралары аяқталып, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көпқабатты үйлерге жылу берілді. Бұдан бөлек, аудан тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында абаттандыру, қоғамдық орындарды жаңғырту және инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Қазіргі таңда аудан аумағында 350 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Оның 170-і пәтерішілік автономды жылыту жүйесімен қамтылған. Ал «Атлант» тұрғын үй ...

Толығырақ »

«ҰЛЫ МҰРАДАН ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА»

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің жаңа оқу корпусының салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Ұлы мұрадан жарқын болашаққа» тақырыбымен ұйымдастырылған айтулы шара – университет тарихындағы маңызды белестердің бірі әрі еліміздің жоғары білім беру жүйесін дамытуға бағытталған игі бастамалардың жарқын көрінісі. Салтанатты жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының басшылары, білім және ғылым саласының өкілдері, ардагер ұстаздар, зиялы қауым өкілдері, ...

Толығырақ »

АБАЙ АУДАНЫНДА ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖҮЙЕЛІ ТҮРДЕ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында Шымкент қаласының Абай ауданында жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Негізгі мақсат – тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасап, көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен сапасын арттыру. Қазіргі таңда ауданда жалпы ұзындығы 1080 шақырымды құрайтын 1274 көше бар. Оның ішінде 1233 көшеге асфальт төселген. Асфальт жолдардың жалпы ұзындығы 1054,7 шақырымды құрап, аудан көшелерінің 96,8 пайызы ...

Толығырақ »