Шымкент қаласында 2026 жылдың 6 айында жіті ішек инфекциясының 473 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 316 жағдай (66,8%) 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған. Аурудың негізгі таралу себептері тағам және тұрмыстық қарым-қатынас арқылы жұғумен байланысты. Сонымен қатар есепті кезеңде қалада дизентерияның 16 жағдайы тіркеліп, оның 13-і балалар арасында анықталған. Жаз мезгілінде ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында санитариялық талаптарды сақтау, жеке гигиена ...
Толығырақ »Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫН НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАҢА ФОРМАТТА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын қоғамда кеңінен дәріптеу мақсатында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірқатар ақпараттық және ағартушылық іс-шаралар өткізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар аясында жастармен, кәсіпкерлермен және қала тұрғындарымен кездесулер ұйымдастырылып, заң талаптарын сақтау, құқықтық жауапкершілік және қоғамдық тәртіптің маңызы кеңінен түсіндірілді. Кәсіпкерлерге бизнестің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылықты арттыру және заманауи қауіптердің алдын алу ...
Толығырақ »ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында тұрғындардың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылды. Негізгі мақсат – азаматтардың қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, интернет кеңістігіндегі қауіптерден сақтану дағдыларын нығайту. Осы кезеңде өңірде ауқымды ақпараттық іс-шаралар ұйымдастырылып, түрлі жастағы тұрғындар қамтылды. Атап айтқанда, жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған дәрістер мен семинарларда қаржылық сауаттылық, жеке қаржыны тиімді басқару, цифрлық гигиена, ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТТЕ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласында Терроризмге қарсы комиссия жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті, Полиция, Төтенше жағдайлар, Мемлекеттік кірістер, Әділет, Қылмыстық-атқару жүйесі, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің өкілдері, сондай-ақ басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау науқанына дайындық аясында сайлау учаскелеріндегіқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Биылғы жылдың ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҮНДІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстан Республикасындағы Үндістан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Сайлас Тангал бастаған делегациямен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейту перспективалары, екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Қала әкімі Шымкенттің инвестициялық және өнеркәсіптік әлеуетін таныстырып, мегаполистің еліміздің ірі экономикалық орталықтарының бірі ретіндегі бәсекелестік артықшылықтарына тоқталды. ...
Толығырақ »ИНТЕРНЕТ КАБЕЛЬДЕРІ НЕ СЕБЕПТІ ДЕМОНТАЖДАЛЫП ЖАТЫР?
Әлеуметтік желілерде Шымкент қаласының кейбір көшелерінде интернет кабельдерінің демонтаждалуына қатысты тұрғындардың шағымдары жариялануда. Бұл жұмыстар инженерлік және қауіпсіздік талаптарын сақтамай орналастырылған кабель желілерін ретке келтіру мақсатында жүргізіліп жатыр. Өткен жылы жүргізілген тексеру барысында сыртқы жарықтандыру тіректеріне интернет-провайдерлердің кабель желілерін заңсыз орналастыру фактілері анықталды. Мұндай кабельдер тұрғындардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ олардың мүлкіне қауіп төндіріп, апаттық жағдайлардың туындау қаупін арттырады. Осыған ...
Толығырақ »КОМИССИЯ ШЕШІМІМЕН 105 ТҰРҒЫНҒА ГРАНТ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Шымкент қаласында 2026 жылдың алғашқы легі бойынша бизнес-идеяларды іске асыруға арналған business.enbek.kz порталы арқылы 435 өтінім қабылданды. Грантқа үміткерлер өз бизнес-жобаларын комиссия алдында қорғады. Бағалау барысында комиссия мүшелері жобалардың өміршеңдігіне, нарықтағы сұранысына, үміткерлердің осы саладағы тәжірибесіне және жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігіне басымдық берді. Комиссия құрамына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кәсіпкерлер, жоғары оқу орындарының ғалым-оқытушылары, сондай-ақ, Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму ...
Толығырақ »120-ДАН АСТАМ ӨНДІРУШІ ӨЗ ӨНІМДЕРІН КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА ҰСЫНДЫ
Шымкент қаласында «Қазақстанның үздік тауары – 2026» және «Бір ауыл – бір өнім» өңірлік көрме-байқаулары өтіп, оған 120-дан астам жергілікті тауар өндіруші қатысты. Қала әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасының бірлесіп ұйымдастыруымен өткен іс-шара қаланың өндірістік әлеуетін таныстыруға, отандық өнімді насихаттауға және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталды. «Көрме» орталығында тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс индустриясы және өзге де салалардағы кәсіпорындар өз ...
Толығырақ »Шымкентте сыртқы жарнама төлемақысын арттыру мәселесі қаралды
Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Жиын Мемлекет басшысының тапсырмасымен бекітілген «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылып, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төленетін ай сайынғы базалық төлемақы мөлшерлемелерін арттыруды көздейтін мәслихат шешімі жобасын талқылауға арналды. Отырысқа Кеңес мүшелері, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтардың өкілдері және ...
Толығырақ »Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар жалғасуда
Шымкент қаласы Полиция департаменті қала тұрғындарын тазалық талаптарын сақтауға, қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға және қоршаған ортаны ластамауға шақырады. Шымкент қаласында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала тазалығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Полиция қызметкерлері уәкілетті органдармен бірлесіп, абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылауда. Қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтарды анықтау үшін бейнебақылау камералары тиімді пайдаланылуда. Олардың көмегімен қоқыс ...
Толығырақ »Шымкентте аппарат мәжілісінде өзекті мәселелер қаралды
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде киберқылмысқа қарсы іс-қимыл, Әл-Фараби және Еңбекші аудандары тұрғындарының өтініштері бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы, сондай-ақ, атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды. Полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожаевтың айтуынша, 2026 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Шымкент қаласында интернет-алаяқтықтың 330 фактісі тіркелген. Қылмыстардың ашылу деңгейі 41,3 пайызды құрап, республикалық орташа көрсеткіштен жоғары болып тұр. Жәбірленушілерге ...
Толығырақ »ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Шымкент қаласында депутаттардың, қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің, аудан әкімдерінің, басқарма басшыларының, құқық қорғау органдары мен мекемелер өкілдерінің, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXVII сессиясы өтті. Сессия барысында депутаттар бірқатар ұйымдастырушылық және кадрлық мәселені қарады. Кадрлық өзгерістерге байланысты қала әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның жаңартылған құрамы бекітілді. Сонымен қатар, өз өтініші негізінде Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы ...
Толығырақ »ҚАЛА ӘКІМІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ НЫСАНДАРДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫҢ БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті қаланы аралау барысында 30 отбасыға жаңа пәтер кілтін табыстау рәсіміне қатысты. Баспаналар «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары аясында төлем қабілеттілігін растаған азаматтарға берілді. Қала әкімі жаңа қоныс иелерін құттықтап, тұрғын үйлерге кепілдік қызмет көрсету тәртібін түсіндірді. Баспаналы болғандардың қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар, сондай-ақ бюджет саласының қызметкерлері бар. Сонымен ...
Толығырақ »ФРАНЦИЯ ЕЛШІСІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және туристік бағыттардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар өткен жылы Шымкентте Францияның Құрметті консулдығының ашылуы мен ынтымақтастық жөніндегі Жол картасының қабылдануы өзара серіктестікті жаңа деңгейге көтергенін атап өтті. Сонымен қатар халықаралық «Франкофония көктемі» фестивалі аясында ұйымдастырылған «Париждегі ...
Толығырақ »ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА
Еңбекші ауданында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес бекітілген 2022–2025 жылдарға арналған Жол картасы аясында ауыз су, табиғи газ, электрмен жабдықтау, кәріз жүйесі және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша бірқатар жобалар іске асырылып келеді. Аудан тұрғындарының басым бөлігі негізгі инженерлік жүйелермен қамтамасыз етілген. 2025 жылдың қорытындысымен халық шоғырланған аумақтарды сапалы ...
Толығырақ »ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Еңбекші ауданында тұрғындарға қолайлы әрі жайлы орта қалыптастыру бағытындағы абаттандыру және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Қоғамдық кеңістіктерді көбейту, балалар мен спорт алаңшаларын салу, әлеуметтік нысандарды жаңғырту және көшелердің бірыңғай келбетін қалыптастыру бағытындағы жобалар кезең-кезеңімен іске асырылуда. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындардың ұсыныстары негізінде аулаларды көркейту, балалар ойын және спорт алаңшаларын салу, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру ...
Толығырақ »Шымкенттің цифрлық дамуына халықаралық серіктестік серпін береді
Шымкент қаласының цифрлық трансформациясы халықаралық деңгейде жаңа серіктестік байланыстар арқылы жалғасуда. Осы бағыттағы маңызды кездесулердің бірі – қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың Португалияның жетекші технологиялық орталықтарының бірі – «Taguspark» технопаркінің бас директоры Эдуарду Баптишта Коррейамен өткен келіссөз. Кездесу барысында тараптар цифрландыру, инновациялық технологияларды енгізу, технологиялық кәсіпкерлікті дамыту және тәжірибе алмасу мәселелерін жан-жақты талқылады. Бүгінде әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қалалардың бәсекеге қабілеттілігі ең ...
Толығырақ »БОЗАРЫҚТА ЖАҢА ҚОНЫС ИЕЛЕРІ КӨБЕЙДІ
Шымкентте баспаналы болғандардың қатары тағы да көбейді. Көрме орталығында өткен салтанатты рәсімде тағы 30 отбасы көптен күткен баспанасының кілтіне ие болды. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қоныс иелеріне пәтер кілтін табыстап, айтулы қуаныштарымен құттықтады. Жаңа пәтерлер қаланың қарқынды дамып келе жатқан Бозарық шағын ауданында орналасқан. Тұрғын үйлер қажетті инженерлік-коммуникациялық және әлеуметтік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген. Баспаналар «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және ...
Толығырақ »Аппараттық кеңесте бірқатар маңызды мәселе қаралды
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте биылғы қаңтар-маусым айларындағы қала бюджетінің орындалуы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар және мемлекеттік қажетіне жер учаскелерін қайтару жұмыстарының барысы қаралды. Қаржы басқармасының басшысы Руслан Бақтыбаевтың айтуынша, Шымкент салық түсімдерінің өсу қарқыны бойынша жоғары көрсеткішті сақтап, еліміздегі үздік бес өңірдің қатарына кіріп отыр. Сонымен қатар, бюджет кірісін ұлғайту ...
Толығырақ »ҚАЛА ӘКІМІ «TAGUSPARK» ТЕХНОПАРКІНІҢ БАСШЫСЫМЕН ЦИФРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Португалиядағы жетекші технологиялық парктердің бірі – «Taguspark» технопаркінің басшысы Эдуарду Баптишта Коррейамен кездесті. Кездесу барысында цифрландыру, инновациялар, технологиялық кәсіпкерлікті дамыту және озық тәжірибе алмасу бағытындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Кездесу барысында Мемлекет басшысының бастамасымен 2026 жылдың Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғаны атап өтілді. Бұл бастама Шымкент қаласында цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және инновациялық ...
Толығырақ »АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ: 150-ДЕН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАЛДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков басқарма басшыларымен және аудан әкімдерімен бірге азаматтарды кезекті жеке қабылдады. Қабылдау барысында 150-ден астам тұрғын әлеуметтік қолдау, кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй және жер қатынастары, аумақтарды абаттандыру, сондай-ақ, көлік инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері бойынша өтініштерін білдірді. Әр азаматтың өтініші бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берілді. Олардың мәселесін жан-жақты қарау үшін жауапты орындаушылар белгіленіп, нақты орындау мерзімдері ...
Толығырақ »Шымкентте әлеуметтік және өндірістік нысандардың жұмысы тексерілді
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар әлеуметтік, инфрақұрылымдық және өндірістік нысандарды аралап, ондағы құрылыс және жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Алдымен қала басшысы қалалық диагностикалық орталық ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді. Құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жоба аяқталғаннан кейін медициналық мекеме заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, диагностикалық қызметтің мүмкіндігі кеңейіп, көрсетілетін медициналық көмектің сапасы артады. Сондай-ақ «Білім-инновация» №1 ер балаларға арналған лицей-интернатының ...
Толығырақ »АППАРАТ ОТЫРЫСЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫС БАРЫСЫ БАЯНДАЛДЫ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар әлеуметтік, инфрақұрылымдық және өндірістік нысандарды аралап, ондағы құрылыс және жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Алдымен қала басшысы қалалық диагностикалық орталық ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстарын тексерді. Құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жоба аяқталғаннан кейін медициналық мекеме заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталып, диагностикалық қызметтің мүмкіндігі кеңейіп, көрсетілетін медициналық көмектің сапасы артады. Сондай-ақ «Білім-инновация» №1 ер балаларға арналған лицей-интернатының ...
Толығырақ »В микрорайоне Нурсат провели разъяснительную встречу по установке базовой станции
В микрорайоне Нурсат состоялась встреча представителей акимата и оператора мобильной связи Kcell с жителями домов №198 и №199. Темой обсуждения стали вопросы, связанные с установкой новой базовой станции, которая необходима для улучшения качества мобильной связи и доступа к сети Интернет. На встрече присутствовали профильные специалисты, готовые предоставить жильцам всю необходимую техническую документацию и разъяснения по поводу санитарных норм. Заместитель руководителя ...
Толығырақ »«Таза Қазақстан»: обсуждены вопросы усиления экологической дисциплины
В Шымкенте прошло межведомственное совещание, посвященное вопросам реализации общенационального проекта «Таза Қазақстан» и принципа «Закон и порядок». В заседании приняли участие представители городской прокуратуры, Департамента полиции, Департамента экологии, Управления развития комфортной среды, службы по чрезвычайным ситуациям, а также других государственных органов и волонтерских организаций. На совещании были подведены итоги работы за первые шесть месяцев 2026 года и определены задачи на ...
Толығырақ »