Шымкентте «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары да Құрылтай сайлауында дауыс беруге Қажымұқан атындағы Орталық стадионға келді.
Футболшылар Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов, Жасұлан Әмір, Мағжан Тоқтыбай, Эльхан Астанов және тағы басқа команда мүшелері №90 сайлау учаскесінде өз таңдауларын жасады.
– Біздің команданың матчтарында шымкенттік жанкүйерлердің қолдауы мен ықыласы бізге ерекше күш береді. Жанкүйерлеріміз өте көп. Жалпы, футбол – бұқаралық спорт. Құрылтай сайлауы да бұқара болып шешім шығаратын аса маңызды саяси мереке. Сол себепті барлық азаматтарды жауапкершілік танытып, дауыс беруге шақырамыз, – дейді қақпашы Бекхан Шайзада.
Атап өтсек, «Ордабасы» командасы қазіргі уақытта ҚР Премьер-Лигасы ойындарында кестенің жоғары сатысында келеді. Жергілікті футболшылар еліміздің тарихында алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай сайлауына да белсене қатысты.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Бақыткүл Нәлібаева бұл аумақта 2619 дауыс беруші бар екенін, азаматтар белсенді қатысып жатқанын атап өтті.