Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмысшы топпен бірге Шымкент қаласындағы халықаралық әуежайды қайта құру бойынша жиынға қатысты. Мәжіліске жұмысшы топтан бөлек, облыс әкімі Ж.Түймебаев қатысып, Шымкент әуежайы елдегі ең қарқынды дамып келе жатқан әуежайлардың бірі екенін айтты. Сонымен бірге әкім осы жылдың 9 айында мұндағы жолаушылар ағымы 600 мыңнан астам адамды құрап, өткен ...
Толығырақ »Көкейтесті
ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Алаштың асыл перзенті» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына келген ғалымдармен кездесті. Қонақтардың қатарында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Жалғас Әбілдаев, Сауд Арабиясы елінен келген араб-орыс ақпарат орталығының директоры, профессор Маджид ибн Абдуль Азаз ат -Турки, ҚР ҰҒА-ның Құрметті академигі, халықаралық Н.Төреқұлов атындағы ...
Толығырақ »ТӘЖІРИБЕ АЛМАСЫП ҚАЙТТЫ
Ордабасы ауданының кәсіпкерлері бәсекеге қабілеттілікті арттыру халықаралық бағдарламасы аясында Түркия елінен іскерлік тәжірибе алмасып қайтты. Түркияның экономика министрлігі ұйымдастырған шара «Мал шаруашылығын экспорттау, қарқынды бауды дамыту, жеміс-жидекті сақтау және қайта өңдеу» тақырыбында өткізілді. Іс-сапар барысында оңтүстікқазақстандық кәсіпкерлер Нигде қаласындағы «Алма-ата» фирмасының 1000 гектарлық қарқынды бауы мен мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты. «Алма-ата» серіктестігінің төрағасы Атилла Капланның мәлімдеуінше, бүгінде бұл фирма ...
Толығырақ »ҚЫЛМЫС САНЫ ТӨМЕНДЕГЕН
Түстік өңірде облыстық жергілікті полиция қызметі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде жалпы қылмыстың саны 2017 жылдың 9 айында 13,6 пайызға төмендеп отыр. Бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Әбдіғани Сейдуалиев мәлім етті. Әбдіғани Тойшыұлының айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айында 190 мың 641 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, оларға ...
Толығырақ »ТҮРІК ФИЛЬМДЕРІНІҢ АПТАЛЫҒЫ
Оңтүстік Қазақстан облысында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылына орай түрік фильмдерінің апталығы басталды. Түркия Республикасы Мәдениет Министрлігі мен ОҚО әкімдігінің ұйымдастыруымен 1-5 қараша аралығында Шымкент қаласындағы «Shymkent plaza» ойын-сауық орталығының кино залында тарихи, драма бағытындағы фильмдер күнгей көрермендерінің назарына ұсынылатын болады. Түрік фильмдері апталығының салтанатты ашылу рәсіміне Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев, Түркия мемлекетінен келген қонақтар – ...
Толығырақ »«ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН»
Түркістан қаласында ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, «ТҮРКСОЙ» Халықаралық Ұйымы және Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бірлесуімен «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылды. Конференция жұмысына Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы және отандық ғалымдар мен музей ісінің 30-дан аса мамандары қатысты. Конференцияның мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани ...
Толығырақ »ҚЫЛМЫСТАР 5,9 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН
Оңтүстік Қазақстан облысында тұрмыста жасалған қылмыстардың алдын алу мақсатында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Сондай-ақ «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасы аясында акциялар ұйымдастырылды. Нәтижесінде отбасы-тұрмыстық саладағы қылмыстар 5,9 пайызға төмендеді. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Жергілікті полиция қызметінің бастығы Әбдіғани Сейдуалиев мәлім етті. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 26,4 пайызға, ал көшеде жасалған қылмыстар 32,9 ...
Толығырақ »ТАЛАПТАРҒА САЙ БОЛУЫ ТИІС
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2. Қазақстан Республикасының ...
Толығырақ »«АЛТЫН ҚАЗЫНА» БАЙҚАУЫ
Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі облыстық жобалық кеңсенің «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының іс-шара жоспарына сәйкес, Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен колледж студенттер арасында алғаш рет Шымкент қаласы, №2 колледжде 26 қазан күні ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы қолөнер байқауы өткізілді. Байқауға білім басқармасына қарасты 25 колледждің жас ...
Толығырақ »СЫЗАТ ТҮСІРЕ АЛМАЙДЫ – 02
Қырғыз халқының арғы-бергі тарихында ол елге қазақтай тату, қазақтай жақын ел болмаған шығар. Сондықтан біз екі халықтың ежелден тарихы мен тамыры бір, діні ортақ, тілі де ұқсас, мәдениеті де егіз деп білеміз. Осы тығыз байланыстың көрінісін кешегі екі мемлекеттің үкімет басшыларының кездесуіне көруге болады. Қазақ-қырғыз халықтары арасында арнайы жол картасы дайындалып жатыр. Онда, экономиканы дамытуға бағытталған сауда-саттық, көлік қатынасы қарастырылған. ...
Толығырақ »СЫЗАТ ТҮСІРЕ АЛМАЙДЫ – 01
Расында да, «жақсы адамның ашуы – шайы орамал кепкенше, жаман адамның ашуы – басы жерге жеткенше», – деп бабаларымыз тектен тек айтпаған болса керек. Қырғыз билігінен кеткен Алмазбек Атамбаев әлі де болса, ішкі наразылығын жасыра алмай келеді. Алайда, Атамбаевтың пікірін қырғыз сарапшылары қолдамайды. Себебі, екі мемлекеттің (Қазақстан мен Қырғызстан) арасындағы байланыстың орнағанына біршама уақыт болды. Екі елдің арасындағы достық қарым-қатынасқа ...
Толығырақ »УАҚТЫЛЫ ҚАБЫЛДАНҒАН ТАРИХИ ШЕШІМ
ОҚО білім басқармасына қарасты №5 колледж ұжымының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазанда №569 қаулысымен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиіне қатысты кездесу өтті. Басқосу барысында сөз алған колледж директоры Гүлмира Тағаева латын графикасы жайында өз ойын жеткізді. «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы өз уақытында қабылданған тарихи шешім деп ...
Толығырақ »ЛАТЫНДЫ ҚОЛДАУ – 02
ОҚО-ның қоғамдық ұйымдары латын әліпбиіне көшуді бір ауыздан қолдайды. Осыған орай, өңірдегі үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері дөңгелек үстелде бас қосты. Бірлестік төрағаларының пікірінше, латын әліпбиінің бекітілген нұсқасы заман талабына сай болып табылады. Бектай Орманов, «Нұр Әлем» қоғамдық бірлестігінің төрағасы: – Латын графикасына негізделген жаңа әліпбиіге өтуіміз құтты болсын! Елбасының қаулысымен бекітілген қуанышты жаңалықты барлығымыз қуана қабыл алдық. Неге қуанбасқа біріншіден, ...
Толығырақ »ЛАТЫНДЫ ҚОЛДАУ – 01
ОҚО-ның үкіметтік емес ұйымдары латын әліпбиіне қатысты дөңгелек үстел басында жиналды. ОҚО-ның қоғамдық ұйымдары латын әліпбиіне көшуді бір ауыздан қолдайды. Осыған орай, өңірдегі үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері дөңгелек үстелде бас қосты. Бірлестік төрағаларының пікірінше, латын әліпбиінің бекітілген нұсқасы заман талабына сай болып табылады. Шәріпбек Жамалбек, ОҚО Азаматтық альянсының төрағасы: – 2017 жылдың 26 қазаны Қазақстан үшін тарихи, ел тәуелсіздігінің тарихында ...
Толығырақ »ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымына Рахмет Әбдікәрімұлы Бектаев тағайындалды. Р.Ә.Бектаев 1965 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-құрылысшы, заңгер. Еңбек жолын 1986 жылы №18 «Шымкентселстрой» тресті №1 темір-бетон зауытында жұмысшысы ретінде бастаған. 1986-1989 жылдары «Югстройконструкция» өндірістік бірлестігінде 2-разрядты формовщик, «Главмоспромстрой материалы №1 құрылыс материалдары және конструкциялары Бескудников комбинаты» Мәскеу қаласында 4-разрядты формовщик, 1990-1991 ...
Толығырақ »ОРАЛМАН МӘРТЕБЕСІ БЕРІЛДІ
Оңтүстік Қазақстан облысында 13 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары бар. Одан бөлек аудандарда 7 күндізгі қатынау бөлімі жұмыс жасайды. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлім етті. «Айта кетерлігі, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек. Оның қазіргі әлеуметтік төлемдерден басты айырмашылығы, ол тұрмысы төмен азаматтарға немесе отбасыларға ...
Толығырақ »ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПРОФИЛАКТИКАСЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті. Комиссия қызметінің мақсаты – құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру болып табылатынын айтқан аймақ басшысы мәжілісте облыстық ішкі істер департаменті және жергілікті полиция қызметі бастықтарының 9 айлық есебі тыңдалатынын жеткізді. Бірінші болып сөз алған облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов тоғыз ...
Толығырақ »ЖАҢА ҚЫЗМЕТІНЕ ТАБЫС ТІЛЕДІ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Шымкент қаласы әкімі қызметін атқарған Ғ.Әбдірахымовты қабылдап, абыроймен атқарған қызметі үшін жылы лебізін білдірді. Аймақ басшысы бар күш-жігерін, қаланың экономикасын дамытуға арнап, білікті ұйымдастырушы ретінде көзге түскен Ғабидолла Рахматұллаұлына облыс әкімдігінің атынан алғыс айтып, жаңа қызметтегі еңбегіне сәттілік тіледі. «Өздеріңіз білесіздер, Шымкент қаласы Елбасының назарында болып, оның дамуына әрдайым көңіл аударып келеді. Мемлекет басшысының міндеттеген ...
Толығырақ »БЮДЖЕТКЕ 1,4 МЛРД. ТЕҢГЕ ТҮСТІ
Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылға шетелдік жұмыс күшін жұмысқа тартуға 4983 бірлік квота бөлінген. Квота негізінде 88 кәсіпорын мен ұйымда 3307 шетел азаматтарына рұқсат берілді. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлім етті. Бұдан бөлек, басқарма басшысының мәлімдеуінше, 2017 жылы Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерімен ...
Толығырақ »РОБОТ ТЕХНИКАСЫН ҚҰРАСТЫРАТЫН МЕКТЕП – 02
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында робот жасау техникасының мектебі ашылып, оған балалар 5-7 жастан қабылданады. Курс 4 айға созылады. Оқу ақысы – айына 15 мың теңге. Облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм бағдарламасы өкілдерінің айтуынша, «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік гранттар шағын және орта бизнес субъектілеріне, оның ішінде бастауыш кәсіпкерлерге беріледі. Бұған қоса, әйелдерге, мүгедектер ...
Толығырақ »РОБОТ ТЕХНИКАСЫН ҚҰРАСТЫРАТЫН МЕКТЕП – 01
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында робот жасау техникасының мектебі ашылды. Бұл игі шараны «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының мемлекеттік грантын жеңіп алған Астана қаласындағы Н.Назарбаев университетінің түлектері қолға алып отыр. Роботтарды құрастырудың алғашқы жобасы Астанада сәтті жүзеге асырылған соң жастар кибермашиналарды құрастыру негізін шымкенттік балаларға үйретуге шешім қабылдапты. 3 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант иеленген түлектер бұл ...
Толығырақ »«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА
Оңтүстік Қазақсатан облысының әкімдігінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың жай-күйі талқыланды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Дархан Сатыбалдының төрағалығымен штаб отырысына жауапты сала мамандары мен бірқатар аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Жиын барысында сөз алған облыстық құрылыс басқармасының басшысы Қ.Жамашев құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардың ағымдағы жай-күйін баяндады. Басқарма басшысы алдынғы штаб отырыстарында айтылған кемшіліктерді жою жұмыстары баяу іске ...
Толығырақ »ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Аграрлы аймақ – Оңтүстік Қазақстан облысы озық технологияларды қолдануда көш бастап тұр. Мәселен, жаңа бастамамен облыста алғаш рет 59 гектар жерге жаңғақ, 7 гектарға бадамша егілді. Ал, тамшылатып суғару әдісі 7,5 мың га ендіріліп, жалпы көлемі 58,5 мың га жетті. Бұл республикалық үлестің 72 пайызын құрап отыр. Сондай-ақ, өңірде жалпы жылыжайлар көлемі 1 294 гектардан асса, биылдың өзінде 171 га ...
Толығырақ »МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ЖҮРГЕН БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТАР
Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметке маман таңдауда дамыған елдердің тәжірибесі кеңінен қолданылатын болады. Бұл ретте әлемдік тәжірибеде кең қолданылатын «Таланттарды басқару» әдісінің берері мол. Бүгін бұл туралы бір топ мемлекеттік қызметкерлермен кездескен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілер өңір басшысына біліктілікті жетілдіру, әлеуметтік жағдайды көтеру, ынталандыру мәселері бойынша өз ұсыныстарын айтып, емін-еркін пікір алмасты. ...
Толығырақ »ӘЛЕУМЕТТІК САУДА ОРТАЛЫҚТАРЫ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев селекторлық режимде өткен аппараттық жиында азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру және тауар өндірушілер мен диқандарға өз өнімдерін саудалауға мүмкіндік беретін әлеуметтік базар ашуды аудан, қала әкімдеріне тапсырды. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауар бағаларының өсуіне жол бермеу мақсатында өңірде бір ай көлемінде әлеуметтік базарлар ашуымыз қажет. Ол үшін Шымкенттен 1-1,5 гектар жер қаралып, талапқа сай жасақталуын, ал ...
Толығырақ »