Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2024 » Июнь (страница 9)

Месячные архивы: Июнь 2024

КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ «АТАМЕКЕННІҢ» ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КАРТАСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы өңірлік инвестициялық картаны іске қосылғанын хабарлады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен жиында айтылды. Брифингке Шымкент қаласы прокуратурасы басқармасының басшысы Бақытжан Байғозиев, аға прокурор Бақытбек Амалдықов, Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, «ҚазақИнвест» өңірлік өкілдігінің директоры Дінмұхамед Зиятбеков қатысты. Жиында Сабира Адамбекова Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының тарапынан инвесторлық жобаларды қолдау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК ҚОНАҚ ҮЙЛЕРІНДЕ ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТЕДІ

Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университеті – туризм саласындағы еліміздегі алғашқы бейінді мемлекеттік оқу орны. Оқу орнының ерекшелігі – дуалды оқыту жүйесі қолға алынған. Яғни студент оқып жүріп, білім ордасы келісімшартқа тұрған нысандарда ақылы түрде жұмыс істей алады. 2023-2024 оқу жылында 3,4-курстардың 170 студенті дуалды оқыту бағдарламалары бойынша оқыған. Оның ішінде 18 студент «Rixos Dubai» қонақ үйінде тәжірибеден өткен. ...

Толығырақ »

8 МЫҢНАН АСТАМ ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛМАҚ

Түркістан қаласы әкімдігі жанында «Халықтық кеңсе» мен «1310» Бірыңғай байланыс орталығы тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеуде. Сонымен қатар қала аумағында 6 сектор құрылып, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста өзекті мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуда. Бұл туралы бүгін өткен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының түркістандықтармен кездесуінде мәлімденді. 2024 жылдың алғашқы 4 айдың қорытындысы мен алдағы жоспарларды қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков баяндады. Халықтық кеңсе арқылы ...

Толығырақ »

БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЛАРЫН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ СУ ЖИНАУ ҒИМАРАТЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖҰМЫСТАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістанда инфрақұрылым саласы жақсарып келеді. Қаланы 100% таза ауыз сумен қамту үшін 2 нысанның құрылысы жүргізілуде. Ауыз су құбырларын қайта жаңғырту және су жинау ғимаратын қайта құру жұмыстары жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Бұл туралы бүгін өткен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының түркістандықтармен кездесуінде айтылды. Қалада орталықтандырылған кәріз жүйесімен 36,5% немесе 16 336 абонент қамтылған. Жыл қорытындысымен 55,8%-ға жеткізу ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАННЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТА ТҮСТІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кестеге сай Түркістан қаласы тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді. Кездесуде Түркістан қаласын дамыту жолдары қаралып, тұрғындардың өтініштері, ұсыныстары, сұрақтары тыңдалды. Өңір басшысы облыс орталығында атқарылған жұмыстарға тоқталып, кемшіліктерді жою жөнінде де ой қозғады. – Түркістан қаласының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне қысқаша тоқталсақ, өсім байқалады. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 38 пайызға өсіп, 2023 жылы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНҒА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 300 МЫҢНАН АСТАМ ТУРИСТ КЕЛДІ

Түркістан облыс орталығы ретінде жаңа серпінмен дамып, өркендеудің алғашқы кезеңін өткерді. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды қала тұрғындарымен кездесіп, қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің 2024 жылдың алғашқы 4 айдың қорытындысы және алдағы жоспарлар бойынша баяндамасын тыңдады. Түркістанның жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халық саны 230,2 мыңға жетті. Жыл басынан бері Түркістан қаласына келуші зияратшылар ...

Толығырақ »

Шымкент қаласының әкімі телекоммуникациялық компания басшыларымен кездесті

Бүгін Шымкент қаласына «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы мен компаниясы өкілдері келді. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевпен және «Kcell» акционерлік қоғамы компаниясының өкілдерімен кездесті. Шымкент қаласының әкімі Цифрландыру басқармасына жиында айтылған міндеттерді жүзеге асыру тетіктерін жан-жақты пысықтауды тапсырды. Кездесу барысында қалада кең жолақты интернетке қосылуды дамыту мәселелері және «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Шымкент ...

Толығырақ »

«Қазына» халық би ансамбліне 35 жыл толды

Биыл еліміздің ең беделді «Қазына» халық би ансамблі өзінің 35 жылдығын атап өтуде. Алғаш рет 1989 жылы әл-Фараби атындағы мәдениет институтының негізінде құрылған, би ансамблінің алғашқы жетекшісі – Сәуле Балбаракова, ал көркемдік жетекшісі – ҚР мәдениет қайраткері Мұса Жарқынбеков болған. 2003 жылдан бастап ансамбльдің көркемдік жетекшісі және бас балетмейстері Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты Әжібекова Зауре Бекембайқызы. 35 ...

Толығырақ »

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ — ҚАЗАҚСТАН БАЛАЛАРЫНА

Шымкент қаласының Білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарының басшылары мен ата-аналар комитетінің төрағалары «Шығармашылық интеллигенция — Қазақстан балаларына» тақырыбында балалар газет-журналдарының өкілдерімен кездесті. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Түркістанда және Атырауда өткен Ұлттық құрылтайдағы тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Оқуға құштар мектеп» жобасы және «Балалар кітапханасы» бағдарламасы еліміздің барлық өңірлерінде іске асырылуда. Кездесудің мақсаты – қазақстандық балалар журналдары мен газеттері ...

Толығырақ »

AMANAT ПАРТИЯСЫНЫҢ «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АКЦИЯСЫ БАСТАУ АЛДЫ

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясын қолдау мақсатында AMANAT партиясының «Таза бейсенбі» тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды. Экоакцияға мәслихат депутаттары, партия қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, Жастар рухы белсенділері, кәсіпкерлер және қала тұрғындары қатысып, тазалыққа үлес қосты. Алғашқы іс-шарада көпшілік Тұран ауданы, Құрсай елді мекені (А2 жолының бойы) аумағын қоқыстан тазартты. «Таза бейсенбі» акциясы еліміздің барлық аймағында, аудан орталықтардында, елді мекендерде өтуде. AMANAT партиясы Шымкент ...

Толығырақ »

БАЛАЛАР АРАСЫНДА АУРУЛАРДЫ ТЕЗ АНЫҚТАУ БАҒЫТЫНДА ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

“Асар” шағынауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасы базасында «Балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра басқару» ресурстық орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры М. Ембергенова қала әкімінің орынбасары С.Құранбек қатысты. Орталықта медициналық қызметкерлерді оқыту, сондай-ақ балалармен стационарлық ем алып жатқан ата-аналарға 5 жасқа дейінгі күтім мен тамақтандыру мәселелері бойынша кеңестер беріледі. Орталық оқу-әдістемелік материалдар ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ НЕЙРОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Ауыр нейрохирургиялық дертке шалдыққан науқастарға стационарлық көмек көрсетуге бағытталған медициналық орталық №2 қалалық аурухана базасында іске қосылды. Осыған дейін пациенттер тиісті қызметтерді алу үшін еліміздің өзге аймақтарына, қаладағы медициналық ұйымдарға барып, уақыт оздырып келген болатын. Енді бас-ми жарақаты бар, түрлі ауыр дертке шалдыққан нейрохирургиялық көмекті қажет ететін науқастар осында тәулік бойы жедел түрде қабылданады. Қазір мұнда оқу орталығы ашылып, резиденттер, ...

Толығырақ »

ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

5 маусым – Бүкіләлемдік экологтар және қоршаған ортаны қорғау күні, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Сарыағаш Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осыған орай, бүгін аудан аумағында тазалық жұмыстары жүргізілуде. Аудан тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Бүгін қоршаған ортаның экологиялық тазалығын сақтау мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың бастамасымен аудандық деңгейде тазалық жұмыстары жүргізілді. Дарбаза және Жартытөбе ...

Толығырақ »

ҚАТТЫ ЫСТЫҚ КҮТІЛУДЕ

«Казгидрометтің» хабарламасына сәйкес, Түркістан облысында 5-10 маусым күндері аралығында ауа температурасы 37-42 градус қатты ыстыққа дейін көтеріледі деп күтіледі. Өрт қауіптілігі сақталады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Арыс Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осыған орай, барша тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтауға, мүмкіндігінше үйден шықпауға, сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз. © Didarbek.kz

Толығырақ »

ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕККЕН ӨҢІРЛЕРДЕГІ БАЛАЛАР ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

27 маусымда «Туған елге саяхат» жазғы танымдық-туристік пойызы жолға шығады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Отырар Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 12 күн ішінде балалар Астана, Бурабай, Алматы, Тараз, Түркістан, Байқоңыр аймақтарындағы танымал мәдени-тарихи орындарға барады. «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен жүзеге асырылатын әлеуметтік жоба екі маусымда өтіп, әр кезеңде 10-15 жас аралығындағы 200 баладан қамтитын болады. «Балалар саяхат пойызындағы сапардан ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ШЫҒАРАТЫН ЕКІНШІ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Түркістан облысында су шығынын азайту технологиясы 32 298 гектарға енгізіліп, ол суды 2 есе үнемдеп, өнімді 3 есе арттыруға мүмкіндік берді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еліміздегі ең алғаш су үнемдеу технологиясын шығаратын зауыт Түркістан облысында ашылды. Жылына 9 мың гектарды тамшылатып суғару жүйесін өндіретін екінші кәсіпорын «Тұран су» ШЖҚ МКК болмақ. Түркістан облысының ...

Толығырақ »

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮРДЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ АНЫҚТАП, ШЕШУГЕ МҮМКІНДІК БЕРУДЕ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков алдын ала жазылған азаматтарды қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын қарастырды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тұрғындар баспана алу, жұмысқа орналасу, жер телімдерін беру және заңдастыру, инфрақұрылым мен жолдардың сапасын жақсартуға қатысты мәселелерін көтерді. Жауаптылар барлық өтініштер бойынша егжей-тегжейлі түсіндірме берді. Әкім орынбасарлары, аудан әкімдері мен басқарма басшылары 170 тұрғынның арыз-шағымын тыңдап, ...

Толығырақ »

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫНДА ХІХ ҒАСЫР КӨЛІГІ БАР

ХІХ ғасырдың көлігі «Пәуескені» енді «Ұлы Дала Елі» Орталығында тамашалай аласыздар, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жәдігерді 2011 жылы Түркістан қаласынан ашылған Тарихи-мәдени этнографиялық орталық қорына Кентау қаласының тұрғыны Жанұзақұлы Сағымбай сыйға берген болатын. Пәуеске (Тарантас) – ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қолданыста болған көлік түрі. Пәуеске – жабық төрт доңғалақты ...

Толығырақ »

А.ИСМАИЛОВ: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Халықпен тығыз байланыс орнату, жекелеген азаматтардың өтініштерін, ұсыныс-пікірлерін тыңдау мақсатында Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаилов Қазығұрт, Шарбұлақ ауыл округтерінен және Шымкент қаласынан келген бірқатар аудан тұрғындармен жеке қабылдау өткізді, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Қазығұрт Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, тиісті бөлім-мекеме басшылары мен мамандары, жоғарыда аталған ауыл округі әкімдері қатысты. Аудан әкімінің қабылдауына келген ...

Толығырақ »

АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ЕКІ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Төлеген Телғараевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Төлеби Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мәжілістің күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласы бойынша индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы туралы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Раимбеков баяндады. Төлеби ауданы бойынша өнеркәсіп саласында негізгі өнім беретін ...

Толығырақ »

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: «ЖОСПАР ҚОЙЫЛДЫ МА, ОЛ ОРЫНДАЛУЫ КЕРЕК!»

Aудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары, ауыл әкімдері мен мекеме жнтекшілері қатысты. Күн тәртібінде бюджет қаржысының атқарылуы және әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің, көктемгі дала жұмыстарының орындалуы және аудан көлеміндегі ауыз су ұңғымаларының жағдайы туралы мәселелер қаралды. Әрбір мәселе бойынша сала ...

Толығырақ »

АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Шымкент қаласы әкімнің тапсырмасымен қала әкімінің орынбасалары, аудан әкімдері және басқарма басшыларының қатысумен халықты қабылдау күні өтті. Қабылдауда аудан әкімі Бухарбай Парманов тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелерін шешуге ат салысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тұрғындар тұрғын үй кезегі, демеушілер тарапынан әлеуметтік көмек, балалар және спорт алаңшалар сынды өтініштерін айтты. Қабылдау барысында көтерілген ...

Толығырақ »

200 КӨШЕГЕ 3500 ДАНА БАҒАНАНЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Тұран ауданында жалпы 597 көше бар, оның 254-і жарықтандырылған. 2024 жылы 21 шағын ауданда 165 шақырымды құрайтын 200 көшеге 3500 дана бағананы жарықтандыру жоспарлануда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тұран ауданы бойынша барлығы 383 ойын алаңшасы, 99 спорт алаңшалары бар. 2024 жылы Тұран ауданы бойынша Халық қатысатын бюджет жобасы аясында жалпы 40 алаңша салу ...

Толығырақ »

ПОЛИЦИЯ ЖОЛ АПАТЫН ЖАСАП, ҚАШПАҚ БОЛҒАН МАС ЖҮРГІЗУШІНІ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫ АРҚЫЛЫ 2 МИНУТТА ТОҚТАТТЫ

Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасы көмегімен жол апатын жасап, оқиға орнынан бой тасаламақ болған жүргізуші дер кезінде анықталды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан Облысының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Нақтырақ айтсақ, облыс орталығындағы С.Ерубаев пен Т.Нышанов көшесі қиылысында сағат 20:25 шамасында «Оpel» маркалы көлік «Matiz-ды» соғып, жол-көлік оқиғасы орын алған жерге тоқтамаған. Мұны бейнебақылау камерасын бақылап ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНЫ АНЫҚТАУШЫҒА КӘСІБИЛІГІ ҮШІН АЛҒЫС АЙТТЫ

Қалалық полиция департаментіне жергілікті тұрғыннан алғыс хат келіп түсті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Азамат полиция қызметкеріне жедел жұмысы үшін алғысын білдірген. Хатта көрсетілгендей, ол Тұран ауданының полиция басқармасына алаяқтық жайты туралы арызданған. Аталған хабарлама бойынша анықтаушы Мыңайдар Альжанов тиісті шараларды қабылдап, жәбірленушінің шығыны толық өтелді. “Тұран ауданы полиция басқармасы анықтау бөлімінің ...

Толығырақ »