Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » 200 КӨШЕГЕ 3500 ДАНА БАҒАНАНЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

200 КӨШЕГЕ 3500 ДАНА БАҒАНАНЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Тұран ауданында жалпы 597 көше бар, оның 254-і жарықтандырылған. 2024 жылы 21 шағын ауданда 165 шақырымды құрайтын 200 көшеге 3500 дана бағананы жарықтандыру жоспарлануда, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Тұран Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұран ауданы бойынша барлығы 383 ойын алаңшасы, 99 спорт алаңшалары бар. 2024 жылы Тұран ауданы бойынша Халық қатысатын бюджет жобасы аясында жалпы 40 алаңша салу жоспарда. Оның ішінде, 30 ойын алаңша, 8 кешенді алаңша (балалар /спорт), 2 спорт алаңша.
Сондай-ақ, Ю.Гагарин, Республика даңғылы, А.Байтұрсынов көшесі, Орманов, Б.Момышұлы және т.б көшелерге барлығы 4870 м2 аула аралық жолдар салынатын болады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу