Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » АЗАТ ОРАЛБАЕВ: «ЖОСПАР ҚОЙЫЛДЫ МА, ОЛ ОРЫНДАЛУЫ КЕРЕК!»

АЗАТ ОРАЛБАЕВ: «ЖОСПАР ҚОЙЫЛДЫ МА, ОЛ ОРЫНДАЛУЫ КЕРЕК!»

Aудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 3 человека
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары, ауыл әкімдері мен мекеме жнтекшілері қатысты.
Күн тәртібінде бюджет қаржысының атқарылуы және әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің, көктемгі дала жұмыстарының орындалуы және аудан көлеміндегі ауыз су ұңғымаларының жағдайы туралы мәселелер қаралды.
Әрбір мәселе бойынша сала басшылары баяндама жасап, жыл басынан (4-5 ай) атқарылған жұмыстарға және алдағы жоспарларға тоқталды. Атап айтар болсақ, ауылшаруашылық өнім көлемі төрт айда артығымен (НКИ 111,2%) орындалған. Инвестиция көлемі де біршама артқан. Дегенмен, аудан әкімі өнеркәсіп пен өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің көрсеткіші өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төмен екенін айтып, сала басшыларына оларды арттыру бойынша индикаторларға нақты талдау, сараптау жұмыстарын жүргізу бойынша тапсырмалар берді.
Возможно, это изображение 8 человек, люди учатся и текст
2024 жылы 71,6 мың га егістік жерді игеру жоспарланса, қазіргі таңда 71,7 мың га жер игерілген. Одан бөлек, осы жылы 1300 га жерге су үнемдеу технологиясын ендіру (тамшылатып суғару — 1000 га, жаңбырлатып суғару — 300 га) жоспарланған болса, бүгінге ол 426,35 га ендірілген. Өз кезегінде аудан басшысы атаған жұмыстарды жүзеге асыруда жауапсыздық танытқан бірқатар ауылдық округтердің әкімдеріне ескерту жасады. Жаңбырлатып, тамшылатыр суғару технологиясын ендіру бойынша әрбір шаруашылыққа талдау жүргізуді, олармен кездесулер өткізуді, сонымен қатар ауылшаруашылық саласына инвестиция тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Жиында аудан әкімі “Таза су” мекемесіне қарасты су мұнараларының жай-күйіне нақты талдау (абонент саны, есептегіш құралдарының жағдайы, электр шығыны, тазалығы және т.б.) жүргізуді тапсырды.
Возможно, это изображение 3 человека
Аудан әкімі тиісті салалық бөлімнің басшысына, ауыл әкімдеріне елді мекендерде салынып жатқан балалар ойын алаңшаларының сапасына да көп көңіл бөлу керектігін баса айтты.
© Didarbek.kz

Пікір жазу