Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНЫ АНЫҚТАУШЫҒА КӘСІБИЛІГІ ҮШІН АЛҒЫС АЙТТЫ

ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНЫ АНЫҚТАУШЫҒА КӘСІБИЛІГІ ҮШІН АЛҒЫС АЙТТЫ

Қалалық полиция департаментіне жергілікті тұрғыннан алғыс хат келіп түсті, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент Қаласының Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азамат полиция қызметкеріне жедел жұмысы үшін алғысын білдірген.
Хатта көрсетілгендей, ол Тұран ауданының полиция басқармасына алаяқтық жайты туралы арызданған. Аталған хабарлама бойынша анықтаушы Мыңайдар Альжанов тиісті шараларды қабылдап, жәбірленушінің шығыны толық өтелді.
“Тұран ауданы полиция басқармасы анықтау бөлімінің анықтаушысы М.Альжанов менің арызым бойынша қозғалған қылмыстық істі өте тиянақты тергеп-тексеріп сотқа жолдады. Тергеу барысында маған келтірілген материалдық шығындар толығымен қайтарылды. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін”, — деп ризашылығын білдірді тұрғын.
Тәртіп сақшысы, өз кезегінде, азаматтардың алғысы полицей үшін ең жоғарғы марапат екенін атап өтті.
© Didarbek.kz

Пікір жазу