Шымкент қаласы әкімнің тапсырмасымен қала әкімінің орынбасалары, аудан әкімдері және басқарма басшыларының қатысумен халықты қабылдау күні өтті. Қабылдауда аудан әкімі Бухарбай Парманов тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелерін шешуге ат салысты, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Абай Ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұрғындар тұрғын үй кезегі, демеушілер тарапынан әлеуметтік көмек, балалар және спорт алаңшалар сынды өтініштерін айтты.
Қабылдау барысында көтерілген мәселелер бойынша шешу жолдары түсіндіріліп, салаға жауапты мамандарға заңға сәйкес тиісті жұмыстарды атқару үшін тапсырмалар берілді.
© Didarbek.kz