Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2025 » Сентябрь

Месячные архивы: Сентябрь 2025

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ – ЖАҺАНДЫҚ НАРЫҚҚА ШЫҒУДЫҢ БАСТЫ ТЕТІГІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында еліміздің Еуропа мен Азия арасындағы маңызды көпір ретіндегі рөлін ерекше атап өтті. Соңғы жылдары Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалдау көлемі 1 миллиард тоннадан асты. Бұл – еліміздің көлік-логистика саласындағы әлеуетінің нақты көрсеткіші. Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктері бұдан да кең. «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі арқылы Парсы шығанағы мен Оңтүстік Азия елдерінің нарығына тікелей шығуға болады. Ал «Шығыс ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕРЛЕР ЕЛІМІЗДІҢ ЦИФРЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ БОЛУЫ ТИІС

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтты. Президенттің айтуынша, қазіргі заманда жаңа технологияларды игеру, инновацияны енгізу және ІТ саласын өркендету – ел экономикасының тұрақты өсіміне серпін беретін басты факторлардың бірі. Сонымен қатар Мемлекет басшысы цифрлық инфрақұрылымды дамытудың, бизнеске қолайлы жағдай жасаудың және жас кәсіпкерлердің бастамаларын қолдаудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Бұл шаралар Қазақстанды заманауи технологиялар мен ...

Толығырақ »

Жаһандық басқару бастамасы: Ғаламдық қауіпсіздік пен әділдікті қалыптастыру жолында

Қасым-Жомарт Тоқаев Орнықты даму мақсаттарына тезірек жетуге ықпал ететін Жаһандық даму бастамасына (Global Development Initiative) еліміздің қолдау көрсететінін жеткізді. – Бұл ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Тяньцзинде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіндегі Қытайдың кейінгі стратегиялық ұсынысына – Жаһандық басқару бастамасына (Global Governance Initiative) сай келеді. Аталған бастама тұрлаусыз әлемге оң әсер етіп, көптеген елдің мақсат-мұратын айқын жеткізуіне көмектеседі. Осы ретте негізгі ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы Қытайдың жаһандық бастамасы жөніндегі жоғары деңгейдегі кеңеске қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында ҚХР-дың жаһандық даму және жаһандық басқару саласындағы бастамалары бойынша жоғары деңгейдегі кеңесте сөз сөйледі. Іс-шара «Жаһандық дамудың жарқын келешегін бірлесе құру, бастапқы ұмтылыстарға адалдық» тақырыбына арналды. Мемлекет басшысы аса маңызды әрі дер кезінде ұйымдастырылған жиын үшін Қытай тарапына ризашылығын білдірді. Біз ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің көреген басшылығы мен анағұрлым әділ, инклюзивті ...

Толығырақ »

Президенттің Нью-Йорк қаласындағы кешегі жұмыс кестесі жоғары деңгейдегі мазмұнды кездесулерге толы болды

Президенттің Нью-Йорк қаласындағы кешегі жұмыс кестесі жоғары деңгейдегі мазмұнды кездесулерге толы болды. Жалпы, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттермен, премьер-министрлермен, министрлермен, халықаралық ұйымдардың және компаниялардың жетекшілерімен 20-дан астам кездесуі өтті. Жүздесулерде қарастырылған мәселелер ауыл шаруашылығы, білім беру, спорт, инвестициядан бастап жасанды интеллектіге дейінгі көптеген бағытты қамтыды. Елімізге миллиардтаған доллар инвестиция тарту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстан мен АҚШ-тың ірі компаниялары арасында ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы: «АҚШ уранның орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды»

Мемлекет басшысы аталған стратегиялық маңызды міндетті жүзеге асыру ісінде Американың энергетика компаниялары басты рөл атқаратынына назар аударды. Сонымен қатар Президент геологиялық барлау әрі іске асырылып жатқан жобалардың аясын кеңейту, әсіресе, уран өндіру және оны өңдеу саласында жаңа мүмкіндіктерді зерделеу қажет екенін атап өтті. Қазақстан әлемдік уран нарығындағы сұраныстың шамамен 40 пайызын өтейді. Ал АҚШ осы материалдың орта есеппен 24 пайызға ...

Толығырақ »

Президент: «Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздейді»

Мемлекет басшысы Қазақстанның өңірдегі экономикасы ең қуатты ел ретінде Орталық Азияға Америка бизнесінің инвестициясын тарту және олардың кәсіп аясын кеңейту ісінде жетекші рөл атқаруға дайын екенін жеткізді. Бұл бағыттағы күш-жігерге С5+ және B5+ форматындағы тұрақты ынтымақтастық тың серпін бере алады. Президент дөңгелек үстел қатысушыларына елімізде жүзеге асырылып жатқан экономикалық және саяси реформалар туралы мәлімет берді. – Қазақстан білім мен инновацияға ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырысында сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йорктегі жұмыс сапары АҚШ-тың ірі бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстел» отырысында жалғасты. Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ-тың кеңейтілген стратегиялық серіктестігі қарқынды түрде дамып келе жатқанына назар аударды. – Біз Американы маңызды серіктестеріміздің бірі санаймыз және сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенімізді растаймыз. Америка Құрама Штаттарының да осы стратегиялық ұстанымды қолдайтыны қуантады. Оған Президент Дональд Трамппен ...

Толығырақ »

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ МЕН КИБЕРҚАУІПСІЗДІК – БАСТЫ МІНДЕТ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында атап өткендей, киберқылмыстардың алдын алуға мүмкіндік беретін заманауи, интеллектуалды жүйе құру қажет. Бұл ретте қажеттілігіне қарай тиісті заңнамаға өзгерістер енгізу және құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру міндеті тұр. Сондай-ақ Президенттің айтуынша, Ұлттық банктің инвестициялық корпорациясы негізінде цифрлық активтердің мемлекеттік қорын құру маңызды. Аталған құрылым жаңа цифрлық қаржы жүйесінде болашағы зор активтерден тұратын ...

Толығырақ »

WORLD CLEANUP DAY АЯСЫНДА ШЫМКЕНТТЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасының ұжымы “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясының аясында жалпықалалық сенбілікке шықты. Акция барысында мекеме қызметкерлері қала көшелерінің бойындағы ирригациялық арықтар мен тұрғын үй аулаларын, жолдарды қоқыстан тазартты. Сондай-ақ, мекеме мамандары белгіленген аумақты қоқыстан тазалап, жасыл желектердің айналасын ретке келтіріп, қаланың көркін арттыруға бағытталған жұмыстарды жасады. Іс-шара қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұжымы “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясының аясында жалпықалалық сенбілікке шықты. Акция барысында мекеме қызметкерлері Т.Айбергенов көшесінің бойындағы ирригациялық арықтар мен тұрғын үй аулаларын, жолдарды қоқыстан тазартты. Мекеме мамандары бекітілген аумақты қоқыстан тазалап, жасыл желектердің айналасын ретке келтіріп, қаланың көркін арттыруға бағытталған жұмыстарды атқарды. Бұл іс-шара қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру мен тұрғындар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыруға ...

Толығырақ »

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ПЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ РӨЛІ

Бүгін Шымкент қаласында «Орталық Азия елдері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Бұл басқосудың негізгі мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен татулықты нығайтудағы тәжірибесін талқылап, Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты дамытудың жаңа мүмкіндіктерін айқындау. Жиында ұлтаралық достықты сақтау ісінде қалыптасқан үлгілер сараланып, мемлекетаралық қарым-қатынастардың жаңа бағыттары сөз болды. Алқалы шараның ...

Толығырақ »

ЦЕНТРАЛЬНАЯ АЗИЯ: РОЛЬ АССАМБЛЕИ НАРОДА КАЗАХСТАНА В УКРЕПЛЕНИИ ДРУЖБЫ И СОТРУДНИЧЕСТВА

Сегодня в Шымкенте, в университете имени Жумабека Ташенова, состоялась международная научно-практическая конференция на тему: «Роль Ассамблеи народа Казахстана в укреплении дружбы и сотрудничества между странами Центральной Азии». Основная цель мероприятия – обсудить опыт Ассамблеи народа Казахстана в укреплении общественного согласия и единства, а также определить новые возможности для развития сотрудничества между странами Центральной Азии. На встрече были рассмотрены устоявшиеся модели ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: 2025 ЖЫЛЫ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 1 ТРИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСАДЫ

«Ірі инвесторлармен қатар орта және шағын инвесторлармен тығыз байланыста жұмыс істеу керек. «Инвестицияға тапсырыс» өндірістің сұранысына сай жасалуы қажет», – деп атап өтті Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында. Шымкент қаласының экономикасы соңғы жылдары тұрақты даму үрдісін көрсетіп отыр. Бұл – инвестиция тарту бағытында жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесі. 2025 жылдың қаңтар–сәуір айларында қалаға 233 млрд теңге инвестиция тартылып, ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ЖЕТІ ҚАЛАҒА ТІКЕЛЕЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«Жергілікті атқарушы органдар әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болады», – делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында. Халықаралық Шымкент әуежайынан 5 мемлекеттің 7 қаласына, атап айтқанда Мажарстан, Германия, Корея, Қытай және Египет елдеріне тікелей әуе рейстері ашылды. Алғашқы сапар Мюнхен және Будапешт қалаларына бағытталды. Жаңа халықаралық бағыттардың іске қосылуы Шымкентке келетін туристер ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА КОМЬЮНИТИ-ОРТАЛЫҚ ПЕН ЖАҢАРТЫЛҒАН ЭТНОМҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және олардың пікір алмасуына арналған жаңа комьюнити-орталық өз жұмысын бастады. Бұл орталық «Достық үйінде» орналасқан және бұрын жертөле ретінде пайдаланылған кеңістік заманауи талаптарға сай бейімделіп, жастар үшін тәулік бойы (24/7) жұмыс істейтін заманауи алаңға айналды. Орталықта жарықтандыру және желдету жүйелері жоғары деңгейде орнатылған, бір уақытта 200-ге жуық жасқа қызмет көрсету мүмкіндігі бар. Бұл жоба ...

Толығырақ »

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИСЬ НОВЫЙ КОММЬЮНИТИ-ЦЕНТР И ОБНОВЛЕННЫЙ ЭТНОМУЗЕЙ

В Шымкенте начал работу новый коммьюнити-центр, направленный на развитие творческого потенциала молодежи и обмен их мнениями. Центр расположен в «Доме дружбы» и занимает ранее использовавшееся как подвал помещение, которое было модернизировано в соответствии с современными требованиями и теперь функционирует как современная площадка с круглосуточным режимом работы (24/7). Центр оснащён высококачественными системами освещения и вентиляции и способен одновременно обслуживать около 200 ...

Толығырақ »

«Shymkent Marathon – 2025» бұқаралық сайысының жеңімпаздары анықталды

Шымкент қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан ауқымды спорттық шара – «Shymkent Marathon – 2025» өз мәресіне жетті. Биылғы жылы аталған бұқаралық жүгіру жарысына 7 мыңға жуық қатысушы тіркеліп, спорт мерекесі жоғары деңгейде өтті. Жарысқа кәсіби спортшылармен қатар, салауатты өмір салтын ұстанатын қала тұрғындары мен қонақтары белсенді түрде атсалысты. Марафон барысында қатысушылар түрлі қашықтықтар бойынша сынға түсті. Атап айтқанда, 5, ...

Толығырақ »

Определены победители массового забега «Shymkent Marathon – 2025»

В городе Шымкент завершилось одно из самых масштабных спортивных мероприятий — традиционный массовый забег «Shymkent Marathon – 2025». В этом году спортивный праздник прошёл на высоком уровне и собрал около 7 тысяч участников. В марафоне приняли участие как профессиональные спортсмены, так и жители и гости города, ведущие здоровый образ жизни. Во время марафона участники соревновались на различных дистанциях. Были организованы ...

Толығырақ »

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ОЗЫҚ АГРОЭКОНОМИКАҒА КӨШУ ҮШІН ҮКІМЕТТІҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК»

«Ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру қажет. Бұл салаға тың серпін беру үшін мемлекет соңғы жылдары реформа жүргізіп жатыр. Қомақты қаражат бөлінуде, биыл шаруаларды қолдауға бір триллион теңге жұмсалды. Қажетті несиелер уақытында берілді. Мұндай ауқымды қолдау елімізде бұрын-соңды болмаған. Бірақ, агроөнеркәсіптің орасан зор әлеуетін толық ашуға бұл шаралардың әзірге жеткіліксіз екені анық. Мәселе – қаражаттың көлемінде емес, ең бастысы, оны тиімді ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ РЕТІНДЕ АТАДЫ

«Елімізде ауқымды аэро-геофизика зерттеулері әбден ескірген. Цифрлық құралдарды пайдалана отырып, жер қойнауының заманауи картасын жасайтын уақыт келді. Мұндай қадам кен орындарының әлеуетін жаңа сапалық тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа да халықаралық сарапшыларды тартуға болады. Әрине, ғылыми негізі болмаса, барлау жұмысын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Келесі жылдың ортасына дейін озық халықаралық стандарттарға сай сертификаты бар зертхана ашу керек. Оны Ұлттық ...

Толығырақ »

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»

Бұл бағытта соңғы бес жылда бірқатар жетістік бар деп айтуға болады. Өңдеу өнеркәсібінің жалпы қосымша құны екі есе өсіп, 17 триллион теңгеге жуықтады. Ал, оның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 12,4 пайызға жетті. Былтырдың өзінде 163 жаңа өндіріс іске қосылды. Соның нәтижесінде 12,5 мың тұрақты жұмыс орны пайда болды. Мысалы, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Атырау облыстарында машина жасау және металлургия саласындағы ірі ...

Толығырақ »

ПРЕЗИДЕНТ АЙМАҚТАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҚ ИНДЕКСІН ЕНГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ

«Тағы бір мәселе. Өңірлерге инвестиция тарту барысында арнайы экономикалық аймақтар айрықша рөл атқарады. Алайда олардың көбінің жұмысы мәз емес. Бұл мәселе бойынша әңгімелер талай рет айтылды. Үкімет арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін арттыру үшін терең сараптама жасап, түбегейлі шаралар қабылдауға дайын болуы керек. Арнайы экономикалық аймақтарды басқаруға жеке компанияларды, қажет болса, шетел компанияларын тартуға болады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар аймақтардың экономикалық өсімін арттыратын ...

Толығырақ »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «АЛАТАУ ҚАЛАСЫ ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢА ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БОЛУҒА ТИІС»

«Қарқынды өсіп келе жатқан көптеген мемлекетте даму көшінің басында жүретін қалалар инвестициялар мен технологияларды өзіне тартатын полюске айналған. Алатау қаласы еліміздің жаңа іскерлік және инновациялық орталығы болуға тиіс. Жалпыұлттық маңызы бар осы жобаны жүзеге асыру үшін арнайы жер бөлінді, бастапқы жоспарлау жұмысы аяқталды, инфрақұрылымның негізгі желілері қосылды. Жақында Қытайға барған сапарымда әлемнің жетекші компанияларымен құны миллиардтаған қаржы тұратын келісімдер жасалды. ...

Толығырақ »

Мемлекет басшысы: «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс»

Мемлекет басшысы: «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс» «Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейді. Бұл жерде білім беру саласы айрықша рөл атқарады. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 217 мектептің 150-і қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Қалған мектептердің құрылысы алдағы үш ай ішінде аяқталуға тиіс. Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын ...

Толығырақ »