Шымкент қаласы Полиция департаменті қала тұрғындарын тазалық талаптарын сақтауға, қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға және қоршаған ортаны ластамауға шақырады. Шымкент қаласында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қала тазалығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Полиция қызметкерлері уәкілетті органдармен бірлесіп, абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылауда. Қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтарды анықтау үшін бейнебақылау камералары тиімді пайдаланылуда. Олардың көмегімен қоқыс пен құрылыс қалдықтарын белгіленбеген жерге төгу, ортақ пайдалану орындарын ластау деректері анықталып, құқық бұзушыларға заң талаптарына сәйкес шаралар қолданылуда. Сонымен қатар тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Шымкент қаласы Полиция департаменті қала тұрғындарын тазалық талаптарын сақтауға, қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға және қоршаған ортаны ластамауға шақырады.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында қала аумағын көркейту, санитарлық жағдайды жақсарту және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған жұмыстарға ерекше мән берілуде. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастырып, тазалықты сақтауды күнделікті өмір салтына айналдыру.
Бастама аясындағы жұмыстарға тұрғындар, қоғамдық ұйымдар және түрлі мекемелердің қатысуы қаланың тазалығын қамтамасыз етудегі ортақ жауапкершілікті күшейтеді. Сенбіліктер өткізу, аумақтарды абаттандыру және қоқысты сұрыптап жинауға көңіл бөлу арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік бар.
«Таза Қазақстан» – тек белгілі бір кезеңде өткізілетін акция емес, табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттайтын маңызды қоғамдық бастама. Әр тұрғын өз ауласы мен көшесінің тазалығына жауапкершілікпен қарап, қоршаған ортаға ұқыпты қараса, бұл қаланың жалпы көрінісі мен өмір сүру сапасына оң әсер етеді.