Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлеумет » Студенттер арасында Жаңа Конституция насихатталды

Студенттер арасында Жаңа Конституция насихатталды

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Жаңа Конституцияны насихаттауға арналған «дөңгелек үстел» өтті. Қаладағы іргелі жоғары оқу орындарының бірі саналатын университетте бүгінде 22 мыңнан астам студент бар.

Жиынды саясаттану ғылымдарының PhD, «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі Ардақ Базарбекұлы ашып, қатысушыларды Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуімен құттықтады. Ата Заңымыз еліміздің саяси-құқықтық дамуының жаңа кезеңін айқындайтынын айтып, мұндай өзгерістердің әділетті мемлекет құру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.

Заң ғылымдарының докторы, профессор, «Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс» кафедрасының меңгерушісі Айсана Сман Жаңа Конституцияның мемлекетіміздің құқықтық жүйесін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың жаңа тетіктерін қалыптастыратынын жеткізді.

Профессордың айтуынша, Конституция қабылданған күннен бастап кафедрада білім алатын 2,5 мың студент арасында Конституциялық реформалардың мәні мен мазмұнын түсіндіруге бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауатын арттырып, азаматтық жауапкершілігін нығайтуға ықпал етеді.

Іс-шара барысында сөз алған өзге де қатысушылар Ата Заңды құрметтеу әрбір азаматтың басты міндеті екенін ерекше атап өтті.

Жиын барысында студенттер өздерін толғандырған құқықтық және қоғамдық мәселелер бойынша сауалдарын қойып, ашық әрі еркін пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Еркін форматтағы талқылау жастардың конституциялық реформалардың мәнін тереңірек түсінуіне және заң үстемдігі қағидаттарының маңызын терең ұғынуына мүмкіндік берді.

Пікір жазу