Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкентте дәрігелер қолқа тамыры жарылған жүкті келіншектің жүрегіне ашық ота жасады

Шымкентте дәрігелер қолқа тамыры жарылған жүкті келіншектің жүрегіне ашық ота жасады

Шымкентте дәрігелер қолқа тамыры жарылған жүкті келіншектің жүрегіне ашық ота жасады. Операция кезінде медицина мамандары іштегі баланы босандырып, келіншектің жүрегін тоқтатып қойған. Бір мезетте жасалған екі күрделі отаның нәтижесінде салмағы 3 келіден асатын ұл бала дүние есігін ашты.

Дәрігерлер ана мен баланың бүгінгі жағдайы жақсы дейді. Кардиохирругтар операция кезінде ана мен баланың өміріне қауіп төнгенін жасырмайды. Тәуекелге барған дәрігерлер отаны сәтті жасап шығып, екі адамның өмірін аман алып қалды. Ота жасалған жүкті келіншекке «1 типті қолқаның жедел жыртылуы» диагнозы қойылған. Мұндай ауру кардиология мен кардиохирургияда сирек кездеседі. Статистика мәліметтеріне сүйенетін болсақ, мұндай диагноз қойылған пациенттердің 50%-ы жедел жәрдем келгенге дейін, қалғаны отаға дейін өліп кетеді.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін Калалық кардиологиялық орталығында мұндай қосарланған патологиямен жүкті әйелге ота жасалған емес. ҚР бойынша Республикалық орталықтарда бірлі-жарым мұндай жағдайлар болған. Көптеген жағдайларда санитарлық авиация желісі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ҰҒКО республикалық орталықтарға тасымалдауға мәжбүр болатын едік.

Пациенттерді санитарлық авиация желісі бойынша тасымалдау мемлекет үшін шығынды, сонымен қатар қолқаның жыртылуының асқынуы мен өлім қаупі өте жоғары. Біздің жағдайда пациенттің жағдайы тасымалдауға жарамайды деп бағаланған. Жедел түрде консилиум ұйымдастырылып, Шымкент қаласының кардиологиялық орталығында жедел түрде ота жасау қажет деген шешеім қабылданды. Операция кезінде кардиоорталықтың кардиохирургтар командасы жасанды қан айналым жүйесінің көмегімен жүректі тоқтатып қойып, қолқа тамырының доғасы мен супракоронарлық аймағына протез орнатылды.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласының кардиологиялық орталығында білікті мамандар жұмыс атқарады, сонымен қатар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 2019 жылы қолқа тамыры жыртылған 7 пациентке ота жасалды, нәтижелері қанағаттанарлық.

Пікір жазу