Шымкент қаласында күн сайын газ қызметі, жергілікті атқарушы органдар және аудандық ТЖ бөлімдері мамандарының бірлескен рейдтері өтуде. Әл-Фараби ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері кезекті бірлескен рейдті Химфарм және Забадам шағын аудандарында өткізді. Әл-Фараби ауданының әкімі Г. Мәуленқұлов алдын ала бекітілген бірлескен жоспарға сәйкес осындай бірлескен рейдтерге жеке қатысып отырғанын атап өту қажет.
Басым көпшілік жанулардың тұрғын секторларында орын алатындығы белгілі. Жылу беру маусымында қауіп-қатер еке есе өседі. Рейд жүргізудің негізгі мақсаты газ жабдығының жай-күйін, газ құбырларының дұрыс монтаждалуын, тұрғындардың өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауын тексеру, халықты қауіпсіз жүріс-тұрыс шараларына оқыту болып табылады. ТЖ қызметкерлері пәтер иелері мен пәтер жалдаушылармен өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша қосымша нұсқамалар жүргізіп, халыққа газ жабдығын дұрыс пайдаланудың маңыздылығын түсіндірді, жадынамалар тапсырды. Газ қызметінің өкілдері газ жабдығының техникалық жай-күйін үнемі тексеру қажеттілігіне тұрғындардың назарын аударады және пәтер немесе үй ішіндегі газ жабдығының дұрыстығы үшін жауапкершілік меншік иелеріне жататынын еске салды.
ТЖ қызметкерлері газ жабдығын пайдалану ережелерін тағы да еске салады:
— газ плитасын таза ұстаңыз;
— плитаның жанында тез тұтанатын заттарды қалдырмаңыз;
— жұмыс істеп тұрған газ құралдарын қараусыз қалдырмаңыз;
— олардың үстінде заттарды кептірмеңіз;
— оларды бөлмені жылыту үшін пайдаланбаңыз.
Иіс шыққан жағдайда – ашық отты пайдаланбаңыз, жарықты, электр құралдарын қоспаңыз және сөндірмеңіз, газ беруді тоқтатуға тырысыңыз, егер мүмкін болса, үй-жайды желдетіп, өрт сөндірушілерді шақырыңыз. Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, сіз өзіңізді және көршілеріңізді жарылыс пен өрттің туындауынан сақтайсыз!
Шымкент қ. ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы