Психологиялық-педагогикалық түзету орталығында бүгінде 106 бала тәлім алуда. Оларға дефектолог, психолог мамандары дәріс өтіп, қабілеттерін ашуға жәрдем береді. Дене, тіл жаттығуларын жасау арқылы ой-өрісін дамытуға септігін тигізуде.
Бұл туралы «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі Д.Өмірзақованың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.
Гүлжаһан Төленова — «Психологиялық-педагогикалық түзету орталығының» басшысы: Шараның өтуіне аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мен ерікті жастар ұйытқы болды. Аймақтағы кәсіпкер азамат түзету орталығының тәрбиеленушілеріне тәттіден тарту жасады. Еріктілер жылы аясында игі істер әлі де жалғасатынын айтты.
Бағлан Тілеуқабылов – жеке кәсіпкер: Бала күлсе – әлем күледі, демекші, ауылымыздың балаларына көңіл бөлуді қолға алдық. Жалпы ауданымызда өткізілетін белгілі істерге жас кәсіпкер ретінде атсалысып отырамыз.
Асыл Абжалов — «Жастар ресурстық орталығының» директоры: Жастардың жанашырлығы мен қамқорлығы аудан тұрғындарын сүйсінтті. Еріктілер бұдан кейін де халықтың жайлы өмір сүруі үшін барын салып, жақсы істің басынан табылатынын жеткізді.