Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 18)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

Рухани тәрбие – жас ұрпақтың қауіпсіз болашағының кепілі

Ордабасы ауданы бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша «Рухани тәрбие – жас ұрпақтың қауіпсіз болашағының кепілі» тақырыбында арнайы іс-шара өтті. Іс-шарада Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары М.Ақмұратов, «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық оқиғалары және ата-ана жауапкершілігі» тақырыбында аудан прокуроры А.Қыдырбай, «Оқушылардың құқықтық сауаттылығын дамыту, заң талаптарын түсіндіру» тақырыбында Ордабасы аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғ.Қуашбаев, «Бала тәрбиесіндегі ата- аналардың ...

Толығырақ »

БАЛАЛАРҒА ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ТОҚТАТУ ШЕШІМІ

Мәселе ЮНИСЕФ Қазақстандағы өкілетті органдармен бірге жүргізген зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, ересектердің шамамен 75%-ы отбасында балалардың мінез-құлқын қадағалап отыру үшін дене жазалауын қолдануды құптайтын көрінеді. 2-14 жас аралығындағы әрбір екінші бала отбасында зорлықпен тәртіпке салу шараларына душар болады. Мектеп оқушыларының үштен екісі басқа оқушылар немесе мұғалімдер тарапынан зорлық-зомбылық көрсетуге немесе кемсітуге шалдыққан немесе соның куәсі болған. Зорлық-зомбылықтың жоғары деңгейі интернат мекемелерінде ...

Толығырақ »

Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады

Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады.Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап,оның өмірін,денсаулығын,тыныштығын қорғап отырған заң бар. Сондықтан біз Ата Заңды құрметтейміз. Түркістан қаласында балалардың құқығын қорғау мақсатында құқық қорғау органдары арнайы кездесулер ұйымдастыруда. Түркістандық сақшылар мектеп жасындағы балалар мен және олардың ата аналарымен кездесіп, ана мен бала құқығы, отбасындағы әке құқығы секілді маңызды тақырыптарда әңгімелер қозғауда. Түркістандық тәртіп сақшыларының ...

Толығырақ »

Балаға қатыгездік көрсетпей тәрбиелеу

Түркістан қаласындағы аналар кеңесі бастаған және өзге де қоғамдық ұйым өкілдері қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімімен бірлескен түрде балалардың зорлық-зомбылықтан ада болуы үшін түрлі кездесулер өткізіп келеді. Соның ішінде аталмыш бастамашыл топты әсіресе мектеп жасындағы балалардың жай-күйі алаңдататын көрінеді. Осындай жағдайға байланысты ЮНИСЕФ балаларға зорлық-зомбылық көрсетуді еш құптауға болмайды және бірлесіп белсенді жұмыс жасаудың арқасында барлық зорлық-зомбылық оқиғаларының жолын кесуге ...

Толығырақ »

Мақсат — білімді, зияткер ұрпақты тәрбиелеу

Болашақ бағдарламасымен Британияда 2 жыл оқып келген Нартай Советханұлы Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде математика пәнінен сабақ береді. Мектеп директорының орынбасары бізбен сұхбатында Британ елі неліктен білім саласында алдыңғы қатарда тұрғанын, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің шәкірттері не себепті өзге мектептерге қарағанда жоғары нәтиже көрсететінін себебін әңгімелеп берді. – Әңгімені зияткерлік мектебіндегі еңбек жолыңыздан бастасақ. Сонымен қатар шәкірттеріңіз бен олардың жетістіктері жайлы ...

Толығырақ »

САМАРҚАНДТА UNWTO БАС АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ ФОРУМЫ ӨТТІ

Жуырда Самарқандтта БҰҰ-ның Дүниежүзілік мамандандандырылған UNWTO Бас Ассамблеясының халықаралық білім форумы өтті. Ауқымды іс-шараға дүниежүзіндегі 140 мемлекеттен арнайы келген туристік ұйым мамандары туризм саласының дамуы аясында атқарылып жатқан жұмыстарын таныстырды және бір-бірімен өзара тәжірибе алмасты. Түркістан облысы (Оңтүстік Қазақстан) Білім басқармасының колледждері Ташкент қаласының құрылыс, білім, қызмет көрсету салалары бойынша меморандумдарға тұрып, бірлесе іс-шаралар атқарып келеді. Осы бағытта Түркістан облысының ...

Толығырақ »

ЖАҺАНДЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ТҮСІНЕТІН САНАЛЫ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Болашақ бағдарламасымен Британияда 2 жыл оқып келген Нартай Советханұлы Түркістан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде математика пәні мұғалімімен сұхбат. –Математиктерден кімдерді үлгі тұтасыз? Ұстаздарыңыз туралы айтып өтсеңіз. –Университетте Қажи Нұрсұлтанұлы есімді профессор дипломдық жетекшім болған. Сол кісіні қатты үлгі тұтамын. Жас кезімізде ол кісінің қадірін білмедік. Кейіннен ойлаймын, сол кезде қадірін білгенімде, дүниеден өткенінше қасынан бір елі ажырамайтын едім. Ол кісі ...

Толығырақ »

БІЛІМ БИІГІНЕ БАСТАЙТЫН ЖОБАЛАР

Ұстаз болу – көреген болу деген сөз. Біз шәкірттерді өзімізді өсірген әлем үшін оқытпаймыз, тіпті қазіргі әлем үшін де емес – біз оларды өзіміз келешекте өмір сүретін болашақ үшін, тіпті қазір елестете алмайтын болашақ үшін оқытамыз», – деп Гордон Браун айтқандай, мектептің дамуы – ең алдымен, оқыту, тәрбиелеу және басқару жүйелеріндегі сапалық өзгерістер процесінен басталады. Яғни мұндай өзгерістер нәтижесінде мектеп ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ «ҰСТАЗ БАРЫСЫ – 2023» ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан облыстық білім басқармасы, «Білім беруді дамыту орталығы» мен Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен, Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің қолдауымен 25 қазан — «Республика күні» қарсаңында облыс педагогтары арасындағы қазақ күресінен «Ұстаз барысы» жарысы өтті. «Ұстаз барысы» жарысы «Білім беруді дамыту орталығы» тарапынан 2022 жылы бастау алған болатын. Ұстаздықпен қоса құрыштай ...

Толығырақ »

МӘРТЕБЕЛІ МҰҒАЛІМ – ЕЛ ЕРТЕҢІНІҢ ШЫРАҒЫ

Кез-келген мемлекет білімді жастарымен мақтана алады. Қоғамның қозғаушы күші де сол жастар. Ал, өсер ұрпаққа тәлімді тәрбие мен сапалы білім беру бүгінгі «Жаңа Қазақстанның» ұзақ жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы. Ендеше, осыдан төрт жыл бұрын ғана облыс мәртебесін алған Түркістанда бүгінгі таңда 33 білім ошағы бар. Онда мыңдаған балалар білім алумен бірге кәсіби біліктіліктерін де жетілдіруде. Бұл мақсатта ұстаздардың мәртебесінің көтеріліп, ...

Толығырақ »

МҰҒАЛІМ – МЕКТЕП ЖҮРЕГІ

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау болып табылады. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі – мұғалім. Ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Адамның адам болып қалыптасуына ата-анамен қатар, ұстаздың да рөлі маңызды. Болашағымыздың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді емес ...

Толығырақ »

МҰҒАЛІМ – ҮНЕМІ ІЗДЕНІСТІ ТАЛАП ЕТЕТІН МАМАНДЫҚ

Ерғазы Дәулет Мақсатбекұлы Ж.Тәшенов атындағы N23 IT-мектеп-лицейінде ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмыс істеп жүрген жас маман. Жас ұстаз болса да мектеп және қоғам жұмысына белсене қатысып, нәтижелі еңбегімен ұжымда елене бастады. Ол алдыңғы жылдары ағылшын тілінен Республикалық ғылыми жоба сайысына оқушы дайындап, қалалық кезеңінен 1-орынға ие болса, былтырғы жылы облыстық ғылыми жобадан дайындаған шәкірті 11 «б» сынып оқушысы Дариға ...

Толығырақ »

МҰҒАЛІМНІҢ БЕДЕЛІ ІЗДЕНІСПЕН КӨТЕРІЛЕДІ

Кезінде Шоқан Уәлиханов «Әр халықтың өркендеп дамуы үшін алдымен азаттық пен білім керек», – деген екен. Шындығында Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ұлттық мектептеріміздің іргесі көтеріле бастады. Кеңес кезінде де білімге жақсы көңіл бөлінді. Алайда, аса қажетті кітаптардың дені орысшадан аударылатын. Қазір елімізде электронды кітаптар да көптеп шыға бастады. Үнемі ізденіп білімін талмай жетілдіріп отыратын ұстаздардың орны қашанда төрде. Мектеп ...

Толығырақ »

“Дені сау ұрпақ- ел болашағы” атты шара өтті

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: “Дені сау ұрпақ- ел болашағы” атты шара өтті Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты С. Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінде бүгін «Зиянды заттардың адам денсаулығына тигізетін кері әсері» тақырыбында іс-шара өткізілді. Мақсат — зиянды заттардың адам денсаулығына тигізетін кері әсерін түсіндіру, психологиялық көмек көрсету, репродуктивті денсаулық ...

Толығырақ »

Ордабасылықтар өнертапқыштар байқауында оза шапты

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: Ордабасылықтар өнертапқыштар байқауында оза шапты Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» 2023 жылғы 18 қыркүйектегі №70 санды бұйрығына сәйкес,  Түркістан қаласы, «Төлеби атындағы №19 жалпы орта мектебінде Республикалық «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар байқауының облыстық кезеңінде ордабасылықтар толағай жетістіктерге жетті. ...

Толығырақ »

Келестік оқушы қамшы жасау өнерін меңгерген

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: Келестік оқушы қамшы жасау өнерін меңгерген Қамшы өнер туындысы, сый — сияпаттың төресі. Қилы- қилы замандар ағымында қамшы қазақтың керегесінен кетіп, ұмыт бола бастады. Атам қазақ қамшының қыр-сырына бесігінен қаныққан, кие-қасиетін ана сүтімен қатар сүйегіне сіңіріп өскен. Өкінішке қарай, қазіргі таңда қамшы өруді, қам¬шыгерлікті жас ...

Толығырақ »

«ОқыSay» кітапқұмарлар клубы салтанатты түрде ашылды

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда: «ОқыSay» кітапқұмарлар клубы салтанатты түрде ашылды Арыс қаласының білім бөліміне қарасты қарасты №8 В.Комаров атындағы жалпы білім беретін мектебінде кітапханашы Г.Жанайбекова мен педагог-ұйымдастырушы Н.Құдайбергенованың ұйымдастыруымен «ОқыSay» кітапқұмарлар клубы салтанатты түрде ашылды. Аталған жиын шымылдығын мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.С.Мархабаеваға ашып, аталған білім ордасының ...

Толығырақ »

Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» — деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару — екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – ...

Толығырақ »

АРДАГЕР ҰСТАЗ

Ұстаз… Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнаақжарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі…Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны — әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз — өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне ...

Толығырақ »

ҰСТАЗ ҰЛЫ ЖАН

Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі Ұстаз. «Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады. Алғаш рет жол танытып, өмірдің қыр ...

Толығырақ »

АДАЛДЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ҰСТАЗ

Қарымды қаламгер, сатирик, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Ахмет Төреқұлов есімі түркістандықтарға жақсы таныс. Әсіресе, шыншылдығы, адалдығы, турашылдығы ел есінде. Сатира қоғамның кемшілігін әшкерелеуші құрал ретінде аса пәрменді жанр. Сатира сонысымен де құнды, сонысымен де көпшілікке етене жақын. Содан да болар кез келген қаламгердің қолы бармайтыны рас. Ахмет Төреқұлов «әдебиеттегі оппозициялық жанр» айдарын еншілеген ерекше қасиетке ие болған қаламы қарымды ...

Толығырақ »

АРДАГЕР ҰСТАЗ, АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТ

Бүгiнгi әңгiме әріптес әпкеміз, Ынтымақ ауылының тумасы Ұлдаш Санаубекқызы туралы өрбiмек. Ұлдаш Санаубекқызы Жәнiбекова Түркiстан қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық училищенi 1977 жылы бастауыш сынып мұғалiмi мамандығы бойынша бiтiрген. Алғашқы еңбек жолын қаламыздағы Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектебiнде мұғалiм қызметiнен бастаған. Ұстаздық ете жүрiп, Шымкент педагогика институтына сырттай оқуға түсiп, 1985 жылы филология факультетiнiң қазақ мектептерiндегi орыс тiлi мен әдебиетi пәнiнiң ...

Толығырақ »

ҰСТАЗЫ ЖАҚСЫНЫҢ – ҰСТАМЫ ЖАҚСЫ

Өнегелі ұстаздар шәкірттеріне әрқашан әділдіктің, білімділіктің, тазалықтың дәнін егеді, ізгілікке баулиды. Ұстаз болашақтың алтын көпірі, тірегі мен жүрегі екені алашқа аян. Ұрпақтың ұлы болуы, заман талабымен білім арнасына қосылып, өмір белесін бағындыру- тікелей ұлағатты ұстазбен ұштасып сабақтасатыны белгілі. Шәкіртті қия-шыңға шарықтататын да, білімнің қайнар көзімен сусындатып, жастардың ұшқыр ойына ұтымды сөз қосатын да – ұлы ұстаз. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден ...

Толығырақ »

ШЕБЕР ҰСТАЗ

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады» дейді ұлы Абай. Жас шыбықтай иілгіш баланы жақсы жолға жетелеп, тағылымды тәрбие мен тәртіпке баулитын ұстаздардың мәртебесі қашан да биік. Өмірде өнегелі ізі қалған текті тұлғалардың өзі де қандай жағдай болмасын ұстаздардың ұлағатын ұмытпаған. Адам үшін қайбір белеске шықса да, қайбір биіктен көрінсе де ең әуелі сауатын ашып, санасына білім сәулесін шашқан шуақты жандардың орны ...

Толығырақ »

Жасөспірімдермен жиын өтті

Түркістан облысы білім басқармасының Бәйдібек ауданының білім бөлімінің С.Ерубаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде «С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ-де «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу» тақырыбында аудан прокуроры Байтелиев Мәди Мұратбекұлымен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндет балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар ...

Толығырақ »