Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » СЫРДАРИЯ ЖАҒАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

СЫРДАРИЯ ЖАҒАСЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

Түркістан облысында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кезекті іс-шара өтіп, оған өңір журналистері мен табиғат жанашырлары белсенді қатысты. Баспасөз туры барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Сырдария өзенінің бойында атқарылып жатқан табиғатты қорғау жұмыстарымен танысып, кейін өзен жағасын қоқыстан тазарту акциясына қатысты.
Возможно, это изображение олень
Танымдық сапар Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар «Сырдария – Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» мекемесіне қарасты бұхар бұғыларын өсіретін тұқымбаққа барып, сирек кездесетін жануарларды қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды өз көздерімен көрді.
Мамандардың айтуынша, бұхар бұғыларын сақтау және олардың санын көбейту мақсатында арнайы тұқымбақ алғаш рет 1999 жылы құрылған. Бүгінде мұнда жануарларды күтіп-баптау, қорғау және тұрақты бақылау жұмыстары заманауи талаптарға сай жүргізілуде. Вольерлер кеңейтіліп, аумаққа бейнебақылау жүйелері орнатылған. Сонымен қатар бұғылардың тіршілігі фототұзақтар арқылы бақыланып, олардың өсіп-өнуі тұрақты назарда ұсталады.
Возможно, это изображение олень
Ал 2017 жылы Арыс орманшылығы аумағында көлемі 20 гектарды құрайтын Шөгірлі бұғы тұқымбағы пайдалануға берілген. Бұл жерде де жануарларды азықтандыру, күтіп-баптау және табиғи ортаға бейімдеу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді.
Возможно, это изображение тетерев
Қазіргі таңда өңірдегі бұхар бұғыларының саны 319 басқа жеткен. Табиғи парк қызметкерлері олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, популяцияның көбеюіне де ерекше көңіл бөліп отыр. Мамандар алдағы уақытта сирек кездесетін жануарлар мен құстарды қорғау, олардың мекендеу ортасын сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.
Баспасөз турының соңында қатысушылар «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясына қосылды. Сенбілікке шамамен 70 адам қатысып, Сырдария өзенінің жағасын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Акция барысында қоршаған ортаны қорғау, өзен жағалауының тазалығын сақтау және табиғатқа жанашырлықпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Возможно, это изображение трава
Осындай игі бастамалар экологиялық жауапкершілікті арттырып қана қоймай, қоғамның табиғатты қорғау ісіне белсенді араласуына да оң ықпал етуде. Түркістан өңірінде ұйымдастырылып жатқан мұндай шаралар қоршаған ортаны сақтау бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жалғасып жатқанын көрсетеді.
© Didarbek.kz

Пікір жазу