Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ (страница 314)

Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ

Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі

Мұражай жалпы Қажымұқанның мемориалдық музей-үйі болып Түркістан облысы (бұрынғы — ОҚО), Ордабасы ауданының орталығы Темірлан елді-мекенінде 1976 жылы негізі қаланып, 1981жылдан бастап аудандық мәдениет бөліміне қарап, 1985жылдан 2001жылға дейін облыстық тарихи өлкетану мұражайының бөлімі болып жұмыс жасады. 2001 жылы халық демеушілігінің және күш атасына лайықты құрмет деп біліп жекеше демеушілік еткен ел азаматтарының арқасында ұлттық нақышта бір қабатты, төрт бөлмелі ...

Толығырақ »

ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАНДА ӨНЕР КӨРСЕТІП, ҰШАҚ ЖАСАТҚАН

Қажымұқан атындағы мұражайдың қызметкері, балуанның немересі Перизат Қажымұқанова былай дейді: «Атамыздың өмірінің соңғы жылдары Ұлы Отан соғысына тұспа-тұс келді. Егде тартқан жасына қарамастан, ауыл-ауылды аралап өнер көрсетіпті. Сөйтіп 100 мың сом жеке қаражат жинаған. Ол ақшаны еліміздің қорғаныс қорына ұшақ жасату үшін жіберген. Сталиннің атына арнайы хат жазады. Сөйтіп, өз өтініші бойынша ол ақшаға әскери ұшақ жасалады. Сталин де балуанға ...

Толығырақ »

ҚАРА ҚЫПШАҚ ҚОБЫЛАНДЫНЫҢ ҰРПАҒЫ

Қажымұқаннан: «Дүниежүзінің балуандарымен күрестіңіз ғой. Қай елдің балуандары мықты екен?» деп сұраса: «Күрестік қой талайымен, көбі өзім шамалас. Бірақ мынау зәңгілерде (қара нәсілділерде) қара күш көп болады», – депті. «Канадалық бір қызбен кездестім» деп басталатын әңгімесі бар. Ол әңгімесінің аяғы: «Жігіттік дер шағым еді, «әуелі ауырлық көтерісіп сынасайық» деп әрқайсысы он пұттық кірдің тасын аспанға кезек-кезек лақтырып қақпақылдап тұрдым. Ол ...

Толығырақ »

ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ПОДДУБНЫЙМЕН ДОСТЫҒЫ

Поддубный мен Қажымұқан тізе қосқанда жеңбеген балуаны қалмаған. Қажымұқан досын ылғи «Ваня» деп сыйлап өткен. Поддубный соғыс біткен жылдары аштан, таршылықтан өліпті. Украинаны жау басып алғанда, көшеде балпаңдап жүрген Поддубныйға немістер тиіспейді екен. Дүниежүзіне аты мәшһүр болған балуан өмірінің соңында ішер асқа, киер киімге жарымаған. Өмірден өтер шағында: «Қазақстанда Қажымұқан деген досым бар еді, соған апарыңдаршы», – деп жалынумен болыпты ...

Толығырақ »

ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ ЕРЛІГІ

Денешынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Рес­публикасы Орталық Атқару Комитеті Президиумының 1927 жылы арнайы шешімімен Қажымұқанға «Қазақ даласының батыры» деген құрметті атақ берілді. Патриот ағамыз ел басына ауыр күн туған Отан соғысының отты жылдарында жасының егде тартып қалғаны­на қарамастан, тағы бір ерлік іс жаса­ды. Ол белін бекем байлап, ел аралап, өнер көрсетіп, одан жинаған қаржыға ...

Толығырақ »

ҚАЖЫМҰҚАН ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІКТЕРДЕН ҮЗІНДІ

(Қажымұқан өмірінен жаңа деректер) Әр нәрсеге ақыл көзімен қараған, жұртқа жаға жырттырмаған намысқой қазақтың билік басындағыларға жолдаған хатының жүз пайыз шындық екеніне күдік-күмәніміз бар. Неге десеңіз, Қажекеңнің сауаты хат жазатын деңгейде емес-тін. Бұған ешкім таласпауы тиіс. Кезінде атақты балуанның абырой-беделін алға тарта сол кісінің атынан билік басындағыларға хат жазу үрдісі орын алған. Әуелбек Қоңыратбаевтың естелігінен бір үзінді келтірсек, дәлелге жарайды. ...

Толығырақ »

ИМАНЖҮСІПТІҢ ҚАЖЫМҰҚАНДЫ ҚАМШЫМЕН ҰРУЫ…

Қажымұқан қылшылдап тұрған жас кезінде шетелдік сапарларының бірінен елге оралады. Дүниежүзінде қарсы келер палуан табылмай, атағы дүркіреп тұрған шағы. Халық: «Қажымұқан келді» деп, бір көріп қалуды ойлап, қаумалап маңайынан шықпайтын көрінеді. Қоянды жәрмеңкесінде жүрген сондай қызық күндердің бірінде бір қиқар шал Қажымұқанның алдын кес-кестеп, тілімен шағып алыпты. Қымызға қызып лепіріп келе жатқан балуан жастықтың буымен әлгі шалды өңірінен қаусырып ұстап: ...

Толығырақ »

Ұлылардың кездесуі. Балуан Шолақ пен Қажымұқан белдескен бе?

Қазақтың атақты халық әнші-композиторы, айтыскер-ақын, ат үсті ойынының түрлі тәсілдерін меңгерген ерекше өнерпаз, күш өнерін көрсеткен спортшы Балуан Шолақ (Нұрмағанбет Баймырзаұлы — Авт.) пен қазақ тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқанның кездесуіне қатысты талай зерттеу мен мақала жазылды. Бізге белгісі қайсы, аңызы мен ақиқаты қайсы? Осы орайда, назарларыңызға «Ұлылардың кездесуі» мақалалар циклын ұсынылып отыр. *** 1864 жылы дүниеге келген Балуан Шолақ пен ...

Толығырақ »

«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСТАРЫ» ЖАБЫЛЫП КӨТЕРЕ АЛАР МА ЕКЕН?

Біз балуанның шаршы алаңдағы жекпе-жектеріне емес, былайғы өмірдегі ерліктеріне, азаматтық болмысына, өнерге деген көзқарасына үңілуге талпындық. Әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай Қажымұқанның ізінен ерген аңыздар жайында бірнеше қызықты деректі алға тартады. Мысалы, ол аңыз әңгімелер бүй дейді: «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСТАРЫ» ҚАЖЫМҰҚАН КӨТЕРГЕН ТАСТЫ ҮШ-ТӨРТЕУІ ЖАБЫЛЫП КӨТЕРЕ АЛАР МА ЕКЕН? 1923 жылы маусым айында (кей деректерде 1921 жылы) Қажымұқан Баянауылға келіп өнер көрсетеді. ...

Толығырақ »

БАЛУАН СЫЙЛАҒАН ҰШАҚПЕН ЖАУҒА ҚАРСЫ ШАБУЫЛ ЖАСАҒАН

75 жыл бұрынғы Жеңіс күнін жақындатуға қазақ даласының даңқты ұлы, әйгілі палуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының ұшағы да зор септігін тигізгені белгілі. Маңдай терімен тапқан 100 мың сомға ұрыс техникасын жасатқан балуанның өз өтініші бойынша тізгін қазақ ұшқышына берілді. Семейлік сайыпқыран Қажытай Шалабаев бұл сенімді ақтай білді. Жауға қарсы 120 рет шабуыл жасап, күйрете соққы берді. Өкініштісі сол, батырдың есімі ескерусіз қалды. ...

Толығырақ »

Балуан көтерген тас Баянауылдағы саябаққа орнатылды

Баянауылда әйгілі Қажымұқан қайратының куәсі болған тас бар. Бұл туралы Қазақстан ұлттық арнасына сілетеме жасаған DIDARBEK.KZ хабарлайды. 100 жылдан бері сақталып келе жатқан ерекше жәдігер аудан орталығындағы саябаққа орнатылды. Табиғаты тұмса Баянауылды тамашалауға қысы-жазы ағылатын жұрт апайтөс балуан көтерген алып тасты көрмей кетпейді. Тастың да тарихы бар. Баянауылдықтар «балуан көтерген тас» деп ерекше әспеттейтін мұрағат осы. Төрт қырлы, таудың кәдімгі ...

Толығырақ »

АЛТЫ ҚАСҚЫРДЫ СОҒЫП АЛҒАН БАЛУАН

Сәбит Мұқановтың: «Қажымұқан «мынау пәлен жерде, мынау түген жерде түскенім еді деп қалтасына пәшкелеп салып алған фотокарточкалар көрсетеді», – деп басталатын ғажап естелігі бар. Сол естелік: «Қалың елдің ішінде Қажымұқан үш қасқырды оң қолымен, үш қасқырды сол қолымен желкелерінен қапсыра ұстап, басынан асыра жоғары көтеріп тұр. Сібірдің үлкендігі тайдай қасқырлары», – деген сөздермен әрі қарай өрбиді. Қысқасы, Қажымұқан Кеңес үкіметінің ...

Толығырақ »

Қажымұқанның жапон палуаны Саракикидің мойнын үзген видеосы табылды

Қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының жапон палуаны Саракикидің мойнын үзген видеосы табылды, — деп хабарлайды  Абай-ақпаратқа сілтеме жасаған DIDARBEK.KZ ақпараттық агенттігі. Бұл жекпе-жек 1911 жылы Харбин қаласында өткен болатын. Кейбір мәліметтер бойынша, жекпе-жектің 1905 жылы болғаны айтылады. Бұл Қажекеңнің джиу-житсу бойынша жапон палуаны Саракики Джиндофумен болған жекпе-жегі. Харбинде өткен (кейбір деректер бойынша Жапонияда болған дейді) француз күресінен ресми чемпионат аяқталған кезде, ...

Толығырақ »

ЖЕТПІС ЖЕТІ ЖАСЫНДА ДА ӘКЕ БОЛҒАН ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ ҰРПАҒЫ ҚАЙДА ЖҮР?

Қажымұқанның әйелдері мен ұрпағы жөнінде де түрлі деректер айтылады. Немересінен естіген дерегіміз мынадай: «Қажымұқан атамыздың төрт әйелі болған. Олардан үш ұл, бір қыз өсіп-жетілген. Атамыздан туылған балалардың ешқайсысы қазір дүниеде жоқ. Бірақ, немере-шөберелері көп. Атамыздың бірінші әйелі поляк қызы. 1909 жылы Рига қаласында цирк труппасында жұмыс істеп жүрген кезінде танысқан. Надежда Николаевна Чепковковская деген анамыз циркте акробат болыпты. Екеуі мұсылман ...

Толығырақ »

«Түсімде табаным тоғыз жерден тілініпті…»

Атақты  Қажымұқан Мұңайтпасов жайлы ел ішінде әңгіме көп. Палуан кесенесіне зиярат етушілер Мінәй әжеме көп сұрақ қояды екен. Кейде сұрақтарынан мезі болғанда «не айтам, бәрін жазып жүр ғой…» деп жалғыз ауыз сөзбен құтылатын көрінеді. Ал, бір ақтарыла қалса, сарқыла сөйлейтін. Келушілердің «Қажекең бос кезінде немен айналысушы еді және жұртқа беймәлім қандай өнері бар еді?» деген сауалына «мінезі кішкене бала сияқты ...

Толығырақ »

АГЕНТТІК ӨКІЛІ ШЫМКЕНТТЕГІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН АРАЛАП КӨРДІ

Шымкентке арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілі Ғ.Асанұлы және республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының басшысы Ы.Тұрсынзада қаладағы мектеп, колледж директорлары мен балабақша меңгерушілерімен кездесті. Агенттіктің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қолға алынған «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ» жобаларына тоқталып, осындай маңызды салада жемқорлыққа жол жоқ екендігін хабарлады. Білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың ...

Толығырақ »

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ

«Адалдық алаңы» алаңында Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Shymkent ӘКК» акционерлік қоғамының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері қаралды. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы Т.Бүрлібаев, партиялық бақылау, Арнайы мониторингтік топ, Жобалық кеңсе мүшелері, қоғам ...

Толығырақ »

КОРРУПЦИОННЫЕ РИСКИ В СФЕРАХ КОММУНАЛЬНОГО ХОЗЯЙСТВА И СПК «SHYMKENT»

На площадке «Адалдық алаңы» рассмотрены результаты внешних анализов коррупционных рисков в деятельности Управления энергетики и коммунального хозяйства и Акционерного общества «СПК «Shymkent». Рабочее совещание проведено в прямом эфире «ANTIKOR.LIVE» с участием первого заместителя руководителя Департамента Агентства по противодействию коррупции по городу Шымкент Т.Серикбаева, председателя Общественного Совета по противодействию коррупции при «Nur Otan» Т.Бурлибаева, членов партийного контроля, общественности, СМГ, Проектного офиса ...

Толығырақ »

ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІҢ ЖЕТКІЗІЛУІНЕ ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында отандық медицинаны дамытуға және осы саладағы өзекті мәселелерді шешу жұмыстарына қатысты нақты тапсырмалар берген болатын. Осы ретте, арнайы жұмыс сапарымен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Ғ.Асанұлы қаладағы «СК-Фармация» қоймасына барып, сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің жеткізілу деңгейіне зерделеу жұмыстарын жүргізді. «СК-Фармация» қызметкерлерінің айтуынша қалада дәрі-дәрмек қоры жеткілікті және шетелдерден ...

Толығырақ »

Қажымұқан мұражайы

Қажымұқан — қазақ даласының батыры, патриоты, қазақ халқының ұлы перзенті және нағыз мақтанышы. Осыған арнап 2001 жылғы 26 маусымда Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайы Түркістан облысы, Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылында құрылды. Мұражайда ол туралы көп деректер берілген. Мысалға ол 75 жаста болғанда оның бойы 195 см, салмағы 154 кг ал аяғының өлшемі 54 болған. Ол өзінің 77 жылдық өмірінде ...

Толығырақ »

Мұражай құндылықтары (ФОТО)

Қажымұқан Мұңайтпасұлының әлемдік жарыстарда жеңіп алған 48 алтын, күміс, қола орден медальдары болған. Өкінішке орай олардың көбі осы уақытқа дейін сақталмаған. Біздің мұражайымыздың қорында Қажымұқанның 2 ордені, 2 медалі бар, міне солар көрерменнің көзайымы ретінде мұражай экспозициясына қойылған. 1914 жылдары Георг Лурих бастаған бір топ палуандар олардың арасында Қажымұқан да болған. Прибалтика елдерінде жарыстарда жүрген кезінде Қажымұқан әкесі дүниеден өткені ...

Толығырақ »

Теңдессіз қара күштің иесі Қажымұқан атамыздың медальдары (ФОТО)

Теңдессіз қара күштің иесі Қажымұқан атамыз Ресей, Франция, Германия, Швецария, Америка, Финлияндия, т.б. сынды 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц секілді палуандарды боз кілемдегі айқастарда шетінен жыққан. «Алтын күн мен арыстан» атты парсы ордені. Қажымұқан Парсы елінде өткен француз күресінен ...

Толығырақ »

Алаштың алыбы — Қажымұқан

Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты ХХ ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары ...

Толығырақ »

ЖЕТПІС БЕСІНДЕ ДЕ ҚАЙРАТЫ ҚАЙТПАҒАН ЕДІ

Аты аңызға айналған палуан Қажымұқан Мұңайтпасов жайлы ел ішінде әңгіме көп. Бабаның қарашаңырағында туып-өскен соң ес білгелі палуанның үйіне бас сұққан ғалымдардың, шырақшы болған марқұм Есболған атам мен Науат әжемнің әңгімелеріне қанықпын. 1946 жылдың күзінде Қажымұқан атамыз Түлкібас ауданының Үрбұлақ ауылына қонаққа барып, өнер көрсетеді. Сонда палуан бірнеше адам әрең көтеретін нән тасты кеудесіне қойдыртып, дәу балғамен ұрғызып, қиратқанда да ...

Толығырақ »

ОЛ ӨЗ АЛДЫНА ҰЗАҚ СҮРЛЕУ …

(Қажымұқан өмірінен жаңа деректер) Жазушы Қалмақан Әбдіқадыров иісі қазаққа белгілі «Қажымұқан» хиқаятында Қажекеңнің Айдарханнан кейінгі ұлы – кенжесі Жәнәбілді Мінәйімнен туылды деп жаза басып, шалағайлық шегінен шыға алмаған келімге келіп, қиғаштық танытыпты. Қиянның қиынындағы нәрсе емес, Жәнәбілдің анасы Сіргелі тайпасындағы Қарабатыр руынан шыққан Бибіжан Бүркітқызы. Мұны білетін көзкөргендер арамызда жүр. Композитор Қалдыбек Құрманәлінің жөн сілтеуімен Бибіжанның 1936 жылы дүние есігін ...

Толығырақ »