Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ — МӘДЕНИЕТТІҢ ӨЛШЕМІ

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ — МӘДЕНИЕТТІҢ ӨЛШЕМІ

Қала тазалығы — мәдениеттіліктің өлшемі. Бұл баршамызға ортақ міндет болғандықтан, қала тұрғындарын қарапайым тазалықты сақтауға шақырамыз. Осы орайда, Шымкент қаласында тазалық жұмыстары бойынша атқарылған жұмыстармен таныс болыңыздар.
Қаламыздағы өзен және каналдардың жалпы ұзындығы 98,8 шақырымды құрайды.
Қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты қала аумағындағы 9 каналды (Қошқар ата, Қарасу, Ақсай Қарабастау, Шымкент, Жаңа-Шек, Компас, Тоғыс, Сасық, Ынтымақ) күтіп ұстау және тазалау жұмыстарын «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-шы мекемесі жүргізуде. Ондағы күнделікті 56 адам 4 дана арнайы техника арқылы атқарылңан жұмыстар нәтижесінде 18 текше метр қоқыс өзен-канал арналарынан шығарылды.

Пікір жазу