Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2022 (страница 30)

Годовые архивы: 2022

ТУРИСТЕРДІҢ НАЗАРЫ – ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТЕ

Шымкент – туристік әлеуеті жоғары қала. Қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыровтың айтуынша, биылғы 6 айда Шымкентке 216 249 турист келген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,7 пайызға жоғары. Оның ішінде 200 549 адам ішкі турист болса, 15 700 адам – шет ел азаматтары. Ал 9 айда өңірге 300 000-ға жуық турист келетіні күтіліп отыр. ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТТА БАРЛЫҚ САЛА БОЙЫНША ІЛГЕРІЛЕУ БАР

Қазығұрт ауданы экономикасының негізгі бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы саласы болып табылады. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар көңіл көншітеді. Ауыл шаруашылығы Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі бүгінгі таңға 11 481,3 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 8023,4 млн. теңгеге өнім көлемі ұлғайды (2021-ж. сәйкес кезеңі 9164,7 млн.тг). Нақты көлем индексі 109,8 пайызды құрады. Оның ішінде 9 958,6 млн. теңге мал шаруашылығы, 1 522,7 ...

Толығырақ »

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТЫҢ ҚАЙЫРЫМЫ МОЛ

Қазығұрт ауданында мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алып, өз кәсібін ашқандардың қатары көбейіп келеді. Биылдың өзінде қаншама жас кәсіп иесі қайтарымсыз 1225200 теңге грантының иегері атанып үлгерді. Соның бірі Хадиша тігінші. Ол арнайы «Бастау бизнес» жобасы бойынша білімін жетілдіріп, сертификат иегері атанып конкурстық негізде қайтарымсыз қаржы иегері атанып, кәсібін бастап кеткен жандардың бірі. Бүгінде өз үйінен бір бөлмесін тігін шеберханасына айналдырып, тігін ...

Толығырақ »

Дін және заман: Ысырапшылдық – исламға жат қылық

Ысырап – иман, сөз және іс-әрекеттерде діннің, ақылдың немесе ғұрыптың белгілеген өлшемдерінің шегінен шығу немесе асыра сілтеу, қолдағы бар мүмкіндікті рұқсат етілмеген мақсатта жұмсап, шашуды білдіреді. Имам Ғазали «Мүмкіндіктерді діннің, ғұрыптың және адамзаттың қажеттілігіне керекті мөлшерде жұмсау – жомарттық, одан төменгі мөлшерде жұмсау – сараңдық, ал осы өлшемдерден асып кету – ысырап»,– деген екен. Сондықтан адам баласы қолындағы барлық мүмкіндіктерді ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «БАЙТАСОВТЫҢ БАЙТАҚ ӘЛЕМІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Күллі Түркі халықтарының рухани-мәдени орталығы – Түркістан қаласында қоғамдық маңызы бар іс-шаралар жиі өткізілуде. Осы орайда, қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен  «Түркістанның таңдаулы туындысы -2022» акциясы аясында журналист, жазушы, баспагер, қайраткер тұлға Төрекелді Байтасовтың шығармашылығын насихаттау барысында «Оңтүстіктің өр оғланы» атты шара өтті, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі. Тақырыптық кешке зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысты. Аталмыш кештің басты мақсаты — ...

Толығырақ »

Қазығұрт: Тұрбатта атқарылған шаруа көп

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сай жергілікті атқарушы билікке орасан зор міндеттер жүктеліп отыр. Ауылдағы азаматтардың әлеуметтік мұң-мұқтажын тыңдап дер кезінде шешуде аудан басшысы А.Абдуллаев бар күш жігерін салуда. Сонымен қатар ауылдағы түрлі атқарылып отырған жұмыстардың басы қасында жүруде. Тұрбат ауылы округінде ауыл шаруашылығы саласы бойынша егін және мал шаруашылығы қолға алынған. Атап айтар болсақ ауыл округінде жалпы ауыл шаруашылығы ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТ: ФУТБОЛДАН ӨТКЕН АУДАНДЫҚ ТУРНИР

Жуырда Қазығұрт ауданының орталық футбол алаңында 2022-жыл «Балалар жылы және ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылы» және «Спорт күніне» арналған футболдан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазығұрт аудандық №4БЖСМ турнирі өтті. Жарысқа №4 БЖСМ командалары қатысты. Ойындар айналым тәсілімен екі топта өтті. Ойындардың нәтижесінде бірінші орынды «Қазығұрт», екінші орынды «Рабат» үшінші орынды «Қожамберді» командалары иеленді. Жеңімпаздарға №4 БЖСМ тарапынан ...

Толығырақ »

Түркістанда «Отбасы — тәрбие бастауының қайнар көзі» тақырыбында жиын өтті

Отбасы күні мерекесіне орай, Түркістан қаласындағы Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінде «Отбасы — тәрбие бастауының қайнар көзі» тақырыбында ата — аналар жиналысы өткізілді. Жиналысты коллед директоры Н.А.Калиева сөз алып 1 курс студенттерінің ата-аналарын құттықтап, колледждің мамандықтарына жеке-жеке тоқталып, 2022-2023 жаңа оқу жылына қойылатын талаптар, мақсаты мен міндеттері, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері жайлы айтып өтті. Қазіргі уақытта  қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — ...

Толығырақ »

БАУЫРЛАС ЕЛДЕРДІҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫНА – 30 ЖЫЛ

Шымкентте Қазақстан және Өзбекстан Республикалары арасындағы дипломатиялық байланыстардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай халықаралық конференция өтті. «Қазақстан халқы Ассамблеясының халықаралық қатынастарды дамытудағы рөлі» тақырыбы аясында өрбіген басқосу Достық үйінде ұйымдастырылды. Жиынға ҚХА Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы ұлтаралық келісім және шет ел мемлекеттерімен достық байланыстары комитеті төрағасының орынбасары Азамат ...

Толығырақ »

«SHYMKENT TOWER» САУДА-ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ БОЙ КӨТЕРМЕК

Бүгін қала әкімі М.Әйтенов Қонаев даңғылы бойында бой тіктейтін «Shymkent Tower» сауда-іскерлік орталығының құрылысының басталуына орай ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. Бұл жобаның негізгі инвесторы “САУТС-Ойл” компаниясы, ал құрылысын салушы бас мердігер «Koç Construction». “Алдағы 5 жыл ішінде қалаға 5 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тарту міндетін қойдық. Ал бүгін Шымкент қаласы үшін бірегей жоба бастау алады. Бастамаға сәттілік тілеймін. Жалпы қазіргі ...

Толығырақ »

САЙРАМ: АУДАН ОРТАЛЫҒЫ – АУДАН АЙНАСЫ

Аудан орталығы аудан айнасы болғандықтан, әкімдік тарапынан ең алдымен сыртқы келбеті мен тазалығына назар аударылды. Осыған сәйкес, бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Ақсукент ауылдық округінің ауыл әкімшілігінен бастап, Ұлы Жібек жолы даңғылы және Манкент ауылымен шекараласатын жол бөлігін абаттандыру, ондағы жолжиектері мен тазалық жұмыстарының жағдайымен танысты. Аралау барысында аталған аумақта абаттандыру және тазалық жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмейтіні сынға алынды. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ КЕҢІНЕН ДӘРІПТЕЛУДЕ

Түркістан қалалық №9 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен «Абайдың әсем әндері»  атты іс-шара болып өтті, , деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі.  Іс-шараның мақсаты Абай шығармашылығын жас ұрпақтың жүрегіне терең бойлатып, Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту, ой — қиялдарын поэзия әлеміне енгізу,  Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой — толғауларын насихаттау. Іс шара барысында Отбасы хрестоматиясы қоғамдық қорының директоры Бағдат Құдияров және ...

Толығырақ »

Қазығұрт ауданында электр жүйелері жаңғыртылды

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 2016-2022 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасын биыл жылдың соңында аяқтайды. Бес жылда Түркістан облысындағы аудандардағы елдімекендерде тозығы жеткен қосалқы стансалар, трансформаторлар мен электр желілері мен бағаналар алмастырылды. Қазығұрт аудандық электр жүйесі мекемесі бүгінде 61 елдімекенді электр энергиясымен қамтып отыр. Мекемеге 386 жиынтық трансформатор қосалқы стансасы, 35/10 киловольттық 14 , 100/10 бір киловольттық қоссалқы стансасы, ұзындығы 206 шақырым ...

Толығырақ »

ҮЛГІЛІ ОТБАСЫ

Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала өз отбасында ата мен әже, әке мен шешенің, бауырлардың қарым-қатынасын көріп, солардан үлгі алады. «Дәулет есіктен – ақыл бесіктен», – демекші, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана. Осындай ынтымағы жарасқан үлгілі отбасы – Жантасовтар отбасы. Қазығұрт елдімекені тұрғыны Жантасов Қамбар Күздешұлы Сарапхана елдімекенінің ...

Толығырақ »

САРАПХАНАДА БІРШАМА ІСТЕР АТҚАРЫЛЫП КЕЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022-жылғы 11-қаңтардағы Парламент Мәжілісінің отырысында жасаған мәлімдемесі мен ағымдағы жылғы 16-наурыздағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауына сәйкес, атқарушы билікке біршама мақсаттар жоспарланған. Сарапхана ауылдық округінің тұрғындарымен аудан әкімі А.Абдуллаевтың үш рет кездесуі өтті. Сол кездесуде барша халықтан түскен өтініш талаптарды атқару бойынша төмендегі жұмыстар атқарылуда. Сәуір айында орын алған нөсер ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Қазығұрт ауданында ­жалпы 15 өнеркәсіп кәсіпорын­дарының өнім көлемі ағымдағы жылдың 8 айында 8720,8 млн. теңгеге жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 611,0 млн. теңгеге артты. Нақты көлем индексі 105,5%-ға орындалып отыр. Жыл қорытындысымен өнім көлемін 13231,4 млн. теңгеге жеткізу жоспарлап отырмыз. Көптеген кәсіпорындардың өндіріс қарқынының өсуі, жаңа қуаттардың енгізілуі және технологиялық процесті модернизациялау өнеркәсіптік сектордың орнықты дамуына ықпал етеді. Ол үшін ауданымыздағы ...

Толығырақ »

ОҚТАРБЕК АЙДАРБЕК — ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИРДІҢ ТҮЙЕ БАЛУАНЫ

Түркістан облысы, Сайрам ауданының орталығы Ақсукентте ұлттық спортымыздың төресі саналатын қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған 59-шы дәстүрлі турнирдің жалауы көтерілді. Тартысты додаға өңіріміздің барлық аймақтары мен қатар Шымкент қаласының балуандары қатысып, бас жүлдені сарапқа салды. Жоғары дәрежеде ұйымдастырылған сайыстың ашылу салтанатында Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев ...

Толығырақ »

Еңбек күніне орай сауда нысандарының басшыларымен кездесу өткізілді

Қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтетін Еңбек күні мерекесіне орай, Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері сауда орындарындағы өрттердің алдын алу мақсатында сауда нысандарының басшыларымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді. Сонымен бірге, қала аумағындағы сауда орындары мен адамдар көп шоғырланған жерлерде «Өрт қауіпсіздігін сақтау» жайында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Өрттің алдын алу үшін: – базар ауласында ашық от көздерін пайдалануға; – кез келген ...

Толығырақ »

АДАЛ КӨМЕК: Халықты жұмыспен қамту саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес алыңыз

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні «АДАЛ КӨМЕК» жобасы аясында Түркістан облысының Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің, Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің, Түркістан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының, Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының, Түркістан облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының, Түркістан облыстық ...

Толығырақ »

БАЛА ҚУАНСА, ӘЛЕМ ҚУАНАДЫ

Түркістан қаласының “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар” бөлімінің ұйымдастыруымен басталған “Мейірімді жүрек” қайырымдылық акциясы бүгінде жалғасуда. Іс-шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев сөз алып, балаларға жылы лебізін білдірді. “Біз мүмкіндігінше қоғамнан қамқорлық күтетін жандарға әсіресе, ерекше жағдайдағы балаларға қолайлы орта қалыптастыруға ықпал жасауымыз қажет. Алдағы уақытта осындай игі шаралар дәстүрлі түрде өткізіліп, жалғасын табады”– деді ол өз сөзінде. Сонымен ...

Толығырақ »

САЙРАМДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА КИКБОКСИНГТЕН ЖАРЫС ӨТУДЕ

«AMANAT» партиясының ардагері, Сайрам ауданы ядролық полигоны ардагерлері кеңесінің төрағасы Ирсметов Махаммеджанның бастамасымен, «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының қолдауымен жасөспірімдер арасында кикбоксингтен VII-ші облыстық турнир басталды. Жастарымыздың бос уақыттарын тиімді өткізу, оларды спортқа баулып, қызушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізіліп жатқан турнир 2013 жылдан бастап тұрақты өткізілуде. Турнирдің ашылу салтанатына Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, Семей ядролық ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТОҚТАРБЕК ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Қазақ күресінен Сайрам ауданында «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған 59-шы дәстүрлі турнир өтті. Тартысты додаға облыстың аймақтары мен қатар Шымкент қаласының балуандары қатысып, бас жүлдені сарапқа салды. Қазақ күресін насихаттау мақсатында өткен шарада 120 балуан 6 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Түйе балуандар арасында бас жүлдеге қол жеткізген балуан Түркістан қаласының тумасы Айдарбек Тоқтарбек Жақыпбекұлы «Nexia» автокөлігінің иесі атанды. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАС ТЕННИСШІ ГРУЗИЯДАҒЫ ТУРНИРДЕ КҮМІС МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

«Балалар жылы» аясында елімізде және шет елдерде жетістікке жетіп жатқан түркістандық оқушылар аз емес. Солардың бірі — Тбилисиде (Грузия) үстел теннисінен жасөспірімдер арасында WTT Youth Contender турнирі өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған түркістандық Марлен Жұмағұл күміс медаль иеленді. Халықаралық турнирде әр түрлі жас топтарында Қазақстанмен қатар Армения, Әзірбайжан, Бельгия, Египет, Грузия, Голландия, Гонконг, Үндістан, Иран, Йемен, Катар, Тайбэй, ...

Толығырақ »

ДЛЯ РАЗЪЯСНЕНИЯ ПОЛОЖЕНИЙ ПОСЛАНИЯ В РЕГИОНЫ БУДУ ВЫЕЗЖАТЬ СПЕЦИАЛЬНЫЕ МОБИЛЬНЫЕ ГРУППЫ

Для разъяснения основных направлений Послания Главы государства «Справедливое государство. Единая нация. Благополучное общество» в социально-трудовой сфере и норм проекта Социального кодекса РК, Министерством труда и социальной защиты населения сформированы специальные мобильные группы, которые в период с 19 сентября по 15 ноября текущего года будут выезжать в регионы Казахстана. В состав этих мобильных групп вошли вице-министры труда и социальной защиты населения, ...

Толығырақ »

«AMANAT» ҚАЗЫҒҰРТ: ЖОЛ КАРТАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАРҒА БАҚЫЛАУ БЕКЕТТЕРІ ҚҰРЫЛДЫ

Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауыл округі, Сырлысай елді мекеніне құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептке партиялық бақылау бекеті құрылды. Құрылған бекетке жетекшілері мен мүшелері құрылыстың сапасына, бөлінген қаржының тиімді игерілуіне, құрылыс материалдарының талан-таражға түспеуіне, онда жұмыс жасап жатқан жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы мен техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуына, сондай-ақ жалақыларының уақытылы алуын қадағалап, ай сайын партия филиалына ақпарат жолдап отыратын болды. Шараның мақсаты, «AMANAT» ...

Толығырақ »