Қазығұрт ауданы экономикасының негізгі бағыттарының бірі ауыл шаруашылығы саласы болып табылады.
Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар көңіл көншітеді.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі бүгінгі таңға 11 481,3 млн. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 8023,4 млн. теңгеге өнім көлемі ұлғайды (2021-ж. сәйкес кезеңі 9164,7 млн.тг). Нақты көлем индексі 109,8 пайызды құрады. Оның ішінде 9 958,6 млн. теңге мал шаруашылығы, 1 522,7 млн. теңге егін шаруашылығы құрады.
Өсімдік шаруашылығы
Аудан көлемінде биылғы 2022-жылы 93 330,0 гектар егістік жерді игеру жоспарланса, игерілгені 90 334,75 гектарды құрады. Яғни, меже 100,01 пайызға орындалып отыр (дақылдар бойынша тарқатып айтар болсақ– бидай- 39 940,6 га, арпа – 5378,2 га, дәндік жүгері –255,03, бұршақты дақылдар – 95,03, ноқат – 25,0 га, мақсары – 9870,14 га, күнбағыс – 248,53 га, көкөністер – 484,5 га, бақша – 111,01, картоп – 315,09 га, жаңа жоңышқа – 1726,6 га, ескі жоңышқа – 31 885,0 га).
«1 алқаптан 2 өнім алу» жобасы бойынша да біршама жұмыстар атқарылуда. Жоба бойынша 11 ауыл округінен 122 шаруа қожалық иелері 170,0 гектар жерге 1-ші дақылдарын егіп, толығымен 1-ші өнімдерін жинап алды. Жалпы 1-ші дақылдың өнімі бүгінгі таңға 2716,63 тоннаны құрады.
2022-жылы жылыжай бүгінгі таңға 3,5гектарға ұлғайтылып, жылдық меже 70,0 пайызға орындалды. Жалпы жылыжай көлемі 174,78 гектарға жеткізіліп отыр. Сонымен қатар, тамшылатып суғару әдісі 45,0 гектарға ендіріліп, меже 89,1 пайызға орындалды. Қарқынды бау шаруашылығын дамытудың жылдық жоспары 40 гектар болса, қазіргі таңда 40,0 гектарға орындалып, жылдық жоспарды 100,0 пайызға орындалып (жалпы 662,3 гектар). 2022-жылы бүгінгі таңға 21 ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып, жылдық меже 25,6 пайызға орылып отыр.
Мал шаруашылығы
Мал өнімдері бүгінгі таңға ет 7025,5 тн, сүт 16 207,7 тн. жұмыртқа 2319,3 дана өндірілді. Мал басы санына келер болсақ: ірі қара мал басы 93 305 бас, қой 414 858 бас, ешкі 25 745 бас, жылқы 38 110 бас, құс 70 203 басты құрады.
Ауданда тек мал санын көбейтіп қана қоймай, мал басын асылдандыру жұмыстары да алға басып келеді. Бұл бойынша аналық ірі қара мал басын тұқымдық түрлендірудің жылдық жоспары 18 000 бас болса, бүгінгі таңға орындалуы 7312,0 басты құрап, жылдық жоспар 40,6 пайызға орындалды.
Н.ҚАЛДЫКӨЗОВ,
аудандық кәсіпкерлік және
ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы.