Түркістан қалалық №9 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен «Абайдың әсем әндері» атты іс-шара болып өтті, , деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі. Іс-шараның мақсаты Абай шығармашылығын жас ұрпақтың жүрегіне терең бойлатып, Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту, ой — қиялдарын поэзия әлеміне енгізу, Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой — толғауларын насихаттау. Іс шара барысында Отбасы хрестоматиясы қоғамдық қорының директоры Бағдат Құдияров және Жастар орталығының қызметкері Әнел Мейірбек Абай Құнанбайұлы туралы бірер сөз айтып, жастарды кітап оқуға әсіресе Абай қара сөздерін жатқа білуге шақырып ойлы пікірлерімен бөлісті. Оқырманымыз Бахтиярова Мадина Абай туралы күй орындаса, Нұрман Талшын, Жураханова Чарос, Сиқымбай Балаусалар Абай атамыздың өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Іс шара соңында «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты кітап көрмесі таныстырылды.
Ал, қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Абай лебі, Абай үні…» атты әдеби сазды кеш болып өтті.
Басты мақсаты — Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармаларын оқырмандарға кеңінен насихаттау, поэзияға деген құштарлығын ояту, ақынның өлеңдері арқылы жастардың бойына адамгершілік қасиеттерін дарыту. Кешке филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық қазақ –түрік университінің доценті, 2010 жылдың қыркүйек айынан Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті «Абайтану» ғылыми –зерттец орталығының аға ғылыми қызметкері, 2016 жылдан бастап Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ «Абайтану» ғылыми – зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, «Адамгершілік ілімі және Хакім Абай» атты кітаптың авторы Мақсат Әліпхан, «Тілдерді оқыту орталығының» маманы, кітапхананың тұрақты оқырманы айгерім Жұмабай, көзі көрмейтін және әлсіз көретін арнайы кітапхананың кітапханашысы Ибрагимов Ержан, Нәзір Төреқұлов атындағы музейінің аға ғылыми қызметкері Исабекова Айгүл, Нәзір Төреқұлов атындағы музейінің экскурция жүргізушісі Ташимов Бағлан, Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директор міндетін атқарушы директор орынбасары Базарбекова Жанар, «Түркістан» газетінің тілшісі, жас ақын Дәурен Тілеухан қатысып, Абай өлеңдері халықты өнерге, білімге, ғылымға шақырады, әрі жанға жайлы, жүрекке жылы тиетін айтып өтсе, кітапхананың тұрақты оқырмандары кемелбек дария, Кемелбек Маруан, кемелбек Фараби, Берік Қарақат Абай атамыздың өлеңдерін мәнерлеп оқып берсе, Исахан Қасымхан ақынның 16 қара сөзін жатқа оқып берсе, «Тілдерді дамыту орталығының» маманы Жұмабай айгерім мен «Түркістан» газетінің тілшісі, жас ақын Дәурен Тілеухан өз арнауларын тебіренте айтып берді.
Одан бөлек, қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес…» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты жас ұрпақты ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларымен кеңінен таныстыру, ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа, мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.
Кітап көрмесіне Абайдың өмірі мен шығармашылығы, еңбектері мен танымал тұлғалардың ақын туралы жазылған мақалалары ұсынылған.
Оқырмандар көрмеге қойылған ақынның өлең жинақтары, қара сөздері, хикмет топтарымен танысты.
Айта кетейік, Абай Құнанбаев – ұлы ақын, композитор, ағартушы және қоғам қайраткері. Оның шығармашылығы, поэзиядағы жетістіктері туралы көптеген зерттеулер жүргізіліп, ғылыми мақалалар да жарияланды.