Қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтетін Еңбек күні мерекесіне орай, Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері сауда орындарындағы өрттердің алдын алу мақсатында сауда нысандарының басшыларымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді.
Сонымен бірге, қала аумағындағы сауда орындары мен адамдар көп шоғырланған жерлерде «Өрт қауіпсіздігін сақтау» жайында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Өрттің алдын алу үшін:
– базар ауласында ашық от көздерін пайдалануға;
– кез келген орындарға қоқыстарды (жанғыш заттарды) жинауға немесе оны өртеуге; – базар ауласында эвакуациялық жолдарды кедергілермен жауып тастауға;
– базар ауласында орналасқан дүкендер мен дүңгіршектерде және т.б. ғимараттарда тозған электр приборларын қолдануға;
– кез келген орындарда темекі шегуге немесе темекі тұқылдарын толық сөндірмей тастауға қатаң түрде тиым салынады.
Өрттің алдын алып, өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын қатаң сақтаңыздар.
Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 телефоны арқылы өрт сөндіру бөліміне хабар беріңіздер!
Айта кетейік, қыркүйек айының соңғы жексенбісінде елімізде Еңбек күні аталып өтті. Бұл күнді Елбасы 2013 жылы бекіткен. Осыған орай, қалалық әкімшілік пен кәсіподақтар ұйымы бірлесіп дөңгелек үстел ұйымдастырды. Еңбек күні ұжымдық бірлікті нығайта түсуге бағытталған. Мұнда басты назарды еңбек адамына, жұмысшының еңбек жағдайына аудару көзделген. Жиынға қатысушылардың айтуынша, мерекеге орай өңіріміздегі кәсіпорындар мен ұйымдарда мерекелік іс-шаралар, шығармашылық және спорттық сайыстар өткен. Сондай-ақ, еңбек жолында табыстарға қол жеткізген түрлі салалардағы еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілген.