Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ДЕҢГЕЙІ 100 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

ШЫМКЕНТТЕ КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ДЕҢГЕЙІ 100 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қалалардың инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында Шымкентте көлік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Соның бірі – көшелерді жарықтандыру жүйесін жаңарту.

Соңғы жылдары қалада көшелерді сапалы жарықтандыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Егер 2023 жылға дейін Шымкенттегі 6 882 көшенің тек 2 196-сы ғана жарықтандырылып, қамту деңгейі 30 пайызды құраса, бүгінде бұл көрсеткіш айтарлықтай артты.

Атап айтқанда, соңғы жылдары 4 686 көшеге жаңа жарықтандыру жүйесі орнатылып, қаланың негізгі көшелері толықтай жарықпен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде негізгі көшелердің жарықтандырылу деңгейі 100 пайызға жетті.

Жарықтандыру желілерін жаңғырту тұрғындардың қауіпсіздігін арттырумен қатар, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, көлік инфрақұрылымының сапасын жақсартуға және қала тұрғындары үшін жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Қалада инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес кезең-кезеңімен жалғасады.

Жарықтандыру жүйесінің жаңаруы әсіресе кешкі және түнгі уақытта тұрғындардың еркін қозғалуына қолайлы жағдай қалыптастырды.

Сонымен қатар, жаңа жарықтандыру желілері қаланың көркін арттырып, көшелердің заманауи әрі жайлы келбетке ие болуына ықпал етуде.

Бұл бағыттағы жұмыстар шалғай орналасқан аумақтардағы инфрақұрылым сапасын жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы қалалық ортаны одан әрі қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жаңа жарықтандыру желілерін іске қосу қала аумағындағы инфрақұрылымның сапасын арттырып, қауіпсіз  орта қалыптастыруға оң әсерін тигізуде.

Пікір жазу