Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2022 (страница 31)

Годовые архивы: 2022

Шымкентте 25 қабатты тұрғын үй кешені салынып жатыр

Шымкент қаласында ең биік тұрғын үй кешені салынуда. “Capital City” — 12-25 қабат, 20 блоктан тұратын үшінші мегаполистегі ең биің тұрғын үй кешені болмақ. Жалпы ауданы 5 га, “Шымкент сити”-ден бой көтеруде. Құрылыс барысы қарқынды. Жаңа тұрғын үй кешенін көруге арнайы барған қала әкімі Мұрат Әйтенов мердігер мекемеге нысанның құрылысы барысында туындаған мәселелердің шешімінде жан жақты көмек көрсетілетінін атап өтті. ...

Толығырақ »

БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ

Шымкенттік оқушылар түрлі кәсіпорындарға экскурсия жасады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. «Болашаққа қадам» жобасы озық ойлы өскелең ұрпақтың пікіріне құлақ асатын, оның жүзеге асуын бірігіп ақылдасатын, мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беруге бағытталған ашық алаңға айналды. Осыған орай, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Болашаққа қадам» жобасы аясында қаламыздағы бірнеше мектептің бітіруші сыныптағы оқушылары белгіленген кесте бойынша түрлі кәсіпорындарға экскурсия жасады. Ондағы ...

Толығырақ »

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫ ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ЕЛЕУЛІ ҮЛЕС ҚОСТЫ

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығында «Жасыл ел» еңбек жасақтары маусымының жабылу салтанаты өтті. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов биылғы маусымды қорытындылап, жобаның маңызына тоқталып өтті. – «Жасыл ел» еңбек жасақтары – ел аумағында жастарды кең ауқымда қамтыған жобаның бірі. Осы жастар қаланың көгалдандыру жұмыстарына белсене араласып, алаңдарда, саябақтарда абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Еңбектеріңізге алғысымды ...

Толығырақ »

БІЛІМ САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тассайдағы биыл ашылған “Зияткер Тұран” мектебіне барды. Шымкенттегі жекеменшік мектептердің білімберу сапасы шаһар басшысы М.Әйтеновтің жіті бақылуында. Аталған білім ошағы 816 орынға лайықталып, 3 қабатты типтік үлгіде салынған. Қазір мұнда 340 оқушы 1 ауысымда оқуда. Мұнда 260 балаға арналған асхана, акт залы, шеберхана, компьютер сыныбы, спорт зал, жалпы оқу кабинеттері қарастырылған. “Кәсіпкерлердің білім саласындағыинвестициялары бұл ...

Толығырақ »

​Шымкентте пробациялық бақылауда тұрған азаматтардың саны азайған

Шымкентте биылғы жылғы 6 айдың мәліметі бойынша пробациялық бақылауда 1360 адам есепке алынған, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласы прокуратурасының мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бақылауда жүргендер саны 215 адамға азайған. Алайда, қайталама қылмыстар саны екі есеге өсіп отыр. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтың төрағалығымен өткен консультациялық-кеңес мәжілісінде мәлім болды. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, 36 қайта жасалған ...

Толығырақ »

Шымкенттегі «Самал» базарында өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді

Шымкент қаласындағы «Самал» базарында өрт-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өткізілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпарттық агенттігі. Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған өрт-тактикалық оқу-жаттығудың мақсаты — Шымкент қаласы гарнизонының өртке қарсы бөліністері жеке құрамының киімдер мен халық тұтынатын тауарларды сататын сауда орталықтарындағы өртті сөндіру кезіндегі тәжірибелік дағдыларын машықтау, аталған нысандарда өртті сөндіру бойынша басшы құрамның дағдыларын жетілдіру, Шымкент ...

Толығырақ »

Шымкенттегі мамандандырылған ХҚО сенбі күні жұмыс істейді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қалалық филиалы 24 қыркүйектен бастап Достық шағынауданындағы автоХҚО-ның жұмыс кестесі өзгереді. Енді кезекші автоХҚО сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді. Ал дайын құжаттарды беру секторы сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейді. Жұмыс күндері автоХҚО-ның кестесі өзгеріссіз – 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетейік, автокөлікті eGov.kz порталы, eGov.kz, Kaspi және Halyk ...

Толығырақ »

Шетелдік сарапшылар Шымкенттегі жедел жәрдем орталығының жұмысымен танысты

Қазақстанның әр өңірінен келген медицина қызметкерлері үшінші мегаполистегі жедел медициналық жәрдем көрсету стансасы сall-орталығының жұмысымен танысты. Айтулы шараға Өзбекстан, Қырғызстан, Германия, Италиядан келген сарапшылар қатысып, қала тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсететін 103 қызметін жоғары бағалады. Халықаралық стандарттарға сай жаңартылған 103 орталығы – еліміздегі үздік мекемелердің бірі. 103 қызметіне түсетін қоңыраулардың барлығын диспетчерлер орталықта қабылдап, бірыңғай автоматтандырылған жүйе арқылы бақылай алады. ...

Толығырақ »

Шымкентте нашақорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу мақсатында кездесу өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Аталған кездесудің мақсаты — есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жүргізу және жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуының, пайдаланудың алдын алу. Кездесуге ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева, Шымкент қаласының №3 ...

Толығырақ »

Шымкентте әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізудің өзекті мәселелері талқыланды

Шымкент қаласы әкімнің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдері, қаланың аудандық шақыру комиссияларының төрағаларымен бірлесе көктемгі мерзімді әскери шақыру іс-шараларының қорытындылары мен күзгі әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізудің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Қала әкімінің бірінші орынбасары көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны өз деңгейінде өткенін атап өтіп, күзгі шақыру бойынша да жұмысты жоғары деңгейде атқару ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЙЫСТА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БІЛІКТІЛІГІН ШЫҢДАП ЖАТЫР

Шымкент қаласында ауыр жағдайда жедел жәрдем шақырған науқастарды сәтті реанимациялау көрсеткіші өте жоғары. Салыстырмалы түрде қарасақ, республика бойынша сәтті жансақтаудың орташа көрсеткіші 46 пайызды құрайтын болса, Шымкентте ауыр жағдайда жедел жәрдем шақырған 100 адамның 59-ы сәтті реанимацияланған. Мұны денсаулық сақтау саласындағы өте маңызды жетістік деуге болады. Бұл жөнінде Шымкент қаласында өтіп жатқан жедел медициналық жәрдем қызметкерлері арасындағы халықаралық жарыс барысында ...

Толығырақ »

ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫЛАРДЫҢ САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары, полковник Рустам Ақбаров Шымкент қаласы жергілікті әскери басқару органдарының басшылық құрамына күзгі әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру мен өткізу тақырыбында оқу-әдістемелік жиын өткізді. Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Әскери полиция, Әскери прокуратура, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы өкілдері, жергілікті әскери басқару органдарының ...

Толығырақ »

ҚАЗЫҒҰРТТА ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА!

Қазығұрт ауданының әкімі А.Абдуллаев аудандағы салынып жатқан құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысын көруде, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Атап айтқанда, КХ-48 Қазығұрт-Тұрбат-Өндіріс бағытындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолының құрылысы, КХ-88 Шарбұлақ-Ақбастау-Қарабау-Амангелді бағытындағы су өткел көпірінің ағымдағы жөндеу жұмысын, КХ-48, КХ-88 автомобиль жолдарының орта жөндеу жұмыстарының барысын, Алтынтөбе, Жаңабазар, Жігірген ауыл округтеріндегі КХ-47 Сынтас, Қаржан, ...

Толығырақ »

«Shymkent Urban Farm Festival»: Шымкентте фермерлік фестиваль өтеді

Шымкент қаласында 24-25 қыркүйек аралығында «BAQYT» сауда алаңында «Shymkent Urban Farm Festival» атты бірінші қалалық фермерлік фестиваль өтеді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде сүт және ет өнімдері, кептірілген, мұздатылған балық, балдың түрлері, көкөністер мен жемістер, ірімшік, кондитерлік өнімдері ұсынылады. Сондай-ақ, тамақ дайындауға арналған фуд-корттарды да тұтынуға болады. Сонымен қатар, келушілер үйге қажетті табиғи өнімдерді сатып алу ...

Толығырақ »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ПРИНЯЛ ЖИТЕЛЕЙ КАЗЫГУРТСКОГО РАЙОНА ПО ЗЕМЕЛЬНЫМ ВОПРОСАМ

Аким Туркестанской области Дархан Сатыбалды принял жителей нескольких сел Казыгуртского района и выслушал предложения и пожелания граждан по земельному спору. Во встрече приняли участие руководители земельных учреждений, аким Казыгуртского района Арман Абдуллаев. Сначала были заслушаны обращения граждан от имени жителей Жумысшы, Сынтас и Карабау. Они отметили, что многолетний земельный спор нашел свое положительное решение, и теперь подняли вопрос о справедливом ...

Толығырақ »

САЙРАМДА «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ДӘСТҮРЛІ 59-ШЫ ТУРНИРІ ӨТУДЕ

Сайрам ауданы Ақсукент ауылына қарасты Орталық саябақта «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесіне қазақ күресінің дәстүрлі турнирі салтанатты ашылып, аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков құттықтады. Өз сөзінде: «Құрметті қонақтар, «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған қазақ күресінен дәстүрлі 59-шы турниріне қатысушылар! Киелі Сансыз баптар Сайрам өңіріне қош келдіңіздер! Баршаңызды сайрамдық спортсүйер қауымның атынан «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің жүлдесіне арналған қазақ күресінен ...

Толығырақ »

ТАПСЫРЫС САНЫ 40 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

Бұл жөнінде Шымкент қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Алмаз Тілеуханов айтты. Ол «Шымкент қаласы бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында жасаған баяндамасында 2019 жылдан бері әскерге шақырушылар саны 40 пайызға артқанын жеткізді. Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары полковник ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – еліміздің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі. 2022 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы деп жариялады. Осыған орай биыл балаларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау ...

Толығырақ »

БҮГІН ЖЕРГІЛІКТІ АҚЫН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Төлеби ауданының 90 жылдығына орай, «Төлебидің ғажайып өрнектері» атты облыстық фестивалінің жазба ақындар байқауына ауданның қаламгері, жергілікті «Мәртөбе» газетінің редакторы Нұрғиса Төремұратов қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Айта кетелік, Нұрғиса Төремұратов 1975 жылы дүниеге келген. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Сайрам аудандық «Мәртөбе» газетінің редакторы. Өзбекстан Республикасындағы Науаи мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 2004 жылы облыстық «Үш бәйтерек» мүшәйрасының ...

Толығырақ »

ҚАРАСУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДАРЫМЕН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаев 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» мақалын назарға жеткізіп, өсіп келе жатқан ұрпақтың сапалы білім алу қажеттілігін атап өтті. Сапалы білім алудың педагог тарапынан оқытуымен қатар, құрастырушы бөліктері ретінде ол жастардың дұрыс бағыттағы жүріс-тұрысы, алдағы буынның тәрбиелік мәні бар өмірлік тәжірибемен бөлісу, олардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады. ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ТҮНДЕ БАЛАҢЫЗ ҮЙДЕ МЕ?

Бүгінгі таңда қоғамдық маңызы бар басты міндеттердің бірі – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы орайда, облыс орталығы Түркістан қаласының аумағында 19-22 қыркүйек аралығында “Жасөспірім” жедел профилактикалық іс-шараcы өткізілді.        Іс-шараның негізгі мақсаты — кәмелетке толмаған ...

Толығырақ »

ҮЛКЕН ТЕННИСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЛА БІРІНШІЛІГІ ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛДЫ

Облыс орталығында Балалар жылы аясында ұйымдастырылған кезекті республикалық деңгейдегі спорттық шара басталды. Шара қалалық «Балалар мен жасөспірімдер спорт клубының» ашылғанына бір жыл толуына орай ұйымдастырылды. Бәйгеде еліміздің түрлі аймағынан келген ең жасы 8 жасар спортшыдан бастап, 17 жасқа дейінгі спортшы бақ сынасуда. Жалпы саны 64 спортшы Түркістан облысынан бастап, Алматы, Қызылорда облыстары және Тараз, Шымкент, Түркістан қалаларынан келген. Доданың ашылуында ...

Толығырақ »

Жолдау — жолбасшымыз: КЕМЕЛ ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕЙІК

Мемлекет басшысының қыркүйектің 1-індегі халыққа Жолдауында адам қамы үшін жасалар көптеген жұмыстар айқындалды. Экономика, салық саласы, өндіріс, әлеуметтік сала бойынша жан-жақты талдау және оны шешуге міндеттерді байқадық. Әрине, бұл жұмыстарды тек қана оқып не айтып қоймай, іске асыруға да тікелей аталысамыз. «Уәде орындалуымен құнды» демекші, Президент айтқан жұмыстар іске асуымен өлшенеді. Қоғамның байлығы — оның адамдары, еліміздің тұрғындары, ал сол ...

Толығырақ »

Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу

Бүгін Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Шамуратов, ішкі саясат, білім, спорт, мәдениет және жастар мәселелері бойынша бас маман Д.Нарымбетов және Сайрам ЖПҚ УПИ полиция капитаны С.Адахамов Қарабұлақ ауылдық округіндегі жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау, ұлтаралық достықты сақтау, нығайту мәселелері бойынша «Ұлықбек» атындағы және №100 жалпы орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары және ата-аналарымен кездесу өткізді. Кездесуді мектеп басшылары ашып, ...

Толығырақ »

ӘДІЛЕТТІЛІКТІҢ ЖАРШЫСЫ

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Біздің елімізде бүгінгі күні «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әділет органдарының міндеттері жалпы мемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заң жобалау жұмысын жүргізу, заңнаманы талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын ...

Толығырақ »