Іс-шараға қала прокуратурасының, Түркістан ҚПБ жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының, Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің, Жастар ресурстық орталығының және адами әлеуетті дамыту бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Жүргізілген рейдтік іс-шара барысында заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орындарда жүрген 10 жасөспірім анықталып, полиция басқармасына жеткізілді.
Олардың ата-аналарына — Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы), кәмелетке толмағандардың түңгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол берген ойынхана иелеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 132-бабы бойынша хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды.
Іс-шара барысында түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған және заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген кәмелетке толмаған 52 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналары әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 5 жасөспірім есепке алынып, 2 жайсыз отбасы тіркелсе, алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орында масаң күйде жүрген кәмелетке толмаған 2 бала ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.