Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу

Жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу

Бүгін Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Б.Шамуратов, ішкі саясат, білім, спорт, мәдениет және жастар мәселелері бойынша бас маман Д.Нарымбетов және Сайрам ЖПҚ УПИ полиция капитаны С.Адахамов Қарабұлақ ауылдық округіндегі жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау, ұлтаралық достықты сақтау, нығайту мәселелері бойынша «Ұлықбек» атындағы және №100 жалпы орта мектептерінің жоғары сынып оқушылары және ата-аналарымен кездесу өткізді.
Кездесуді мектеп басшылары ашып, жүргізіп отырды.
Ауыл әкімінің орынбасары Б.Шамуратов жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу және болдырмау туралы, ұлтаралық татулықтың еліміздің дамуының негізгі тетігі екенін жастарға түсіндіріп айтып берді. Тәрбиелі жастар елдің болашағы, ата-ана әрбір жас балаға үлгі, оның бүгін қандай болып тұрғанын білдіретін және ертеңіне жол көрсетіп тұрған бағдаршам. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген дана халқымыздан қалған ұлағатты сөздің бекер еместігі, бала тәрбиесінде ата-ана өте мұқият болуы керек.
Сөз кезегін алған полиция капитаны С.Адахамов, қазіргі таңда жастардың құқықбұзушылығының кең тараған түрі, жүргізуші куәлігінсіз автокөлік жүргізудің жиілеп кеткендігін тілге тиек етті. Осындай құқықбұзушылықтардың салдарынан жол жүру ережесінің өрескел бұзылып, жастардың жауапкершілігі қаралып жатқан бірнеше мысалдарын келтірді. Бұған қоса түнгі мезгілде жасөспірімдердің заңды өкілінсіз шектеулі уақыттан кейін жүруі көптеп байқалуда екенінде жеткізді. Полиция капитаны С.Адахамов мұндай құқықбұзушылықтарға алдымен ата-ана жауапкершілікке тартылатынын қатаң ескертіп айтты.
Аталған іс-шаралар ауылдың басқа мектептерінде жалғасын табады.

Пікір жазу