Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БҮГІН ЖЕРГІЛІКТІ АҚЫН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

БҮГІН ЖЕРГІЛІКТІ АҚЫН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Төлеби ауданының 90 жылдығына орай, «Төлебидің ғажайып өрнектері» атты облыстық фестивалінің жазба ақындар байқауына ауданның қаламгері, жергілікті «Мәртөбе» газетінің редакторы Нұрғиса Төремұратов қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.
Айта кетелік, Нұрғиса Төремұратов 1975 жылы дүниеге келген. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Сайрам аудандық «Мәртөбе» газетінің редакторы.
Өзбекстан Республикасындағы Науаи мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. 2004 жылы облыстық «Үш бәйтерек» мүшәйрасының бас жүлдегері. 2006 жылы Арал қаласында өткен республикалық мүшәйраның 2-орын жүлдегері, 2012 жылы Астанадағы және ұлт мақтанышы Д.Қонаевтың 100 жылдығына арналған Қызылордадағы, Түркістандағы С.Ерубаев мүшәйраларының жүлдегері. 2007 жылы Баянауылда өткен жас қаламгерлердің республикалық I форумының делегаты. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында жарық көрген облыстық ақын-жазушыларының туындылары топтастырылған «Тәуелсіздік тебіреністері» жинағына өлеңдері енген. «Самала» (Шымкент-2007), «Көңіл көкжиегі» (Алматы-2013) атты өлеңдер жинағы бар.
Өзбекстан жазушысы Миркарим Осимнің «Томирис», Машрап туралы, Увайсий ақын туралы хикаяларын, өзбек халқы лапарларін қазақшаға аударған. «Жаңарған Сайрам», «Сайрам ауданының үздік жастары» кітаптарына редакторлық еткен.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевтың алғыс хаттарымен, Түркістан облыстық мәслихатының Грамотасымен, «Сайрам ауданына 90 жыл», «М.Шолохов» атындағы қоғамдық ұйымның медальдерімен марапатталған.
2021жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Пікір жазу