Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2023 (страница 47)

Годовые архивы: 2023

Шымкент: Тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланды

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланды, деп хабарлайды didarbek.kz. Қазіргі таңда Республика даңғылы-Гагарин-Павлов-Исмаилов-Сеченов -Алпысбаев-Қалдаяқов көшелерінің шекарасындағы 350 гектарға егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының сметалық құжаттамасын мәслихат талқылауына ұсыну жоспарлануда. Жобадағы тұрғын үйлер қабатының өзгеруіне байланысты халық саны және оларға қажетті әлеуметтік, инженерлік, көлік инфрақұрылымы қайта қаралуы қажет. Сондай-ақ қазір 46 ...

Толығырақ »

«Дұрыс мамандық таңдау – кемелдi болашақ кепілі»: Шымкентте жастармен кездесу өтті

Шымкент қаласы Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Дұрыс мамандық таңдау – кемелдi болашақ кепілі» тақырыбы аясында Әл-Фараби академиялық мектебінің оқушыларымен кездесу өткізілді, деп хабарлайды didarbek.kz. Аталған кездесудің басты мақсаты – мектептердегі жоғары сынып оқушыларын дұрыс мамандық таңдау бойынша ақпараттандыру және сол бойынша бағыт-бағдар көрсету. Кездесуге Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының дефектолог-логопед маманы Мәлік Жанерке Ерланқызы мен Шымкент қаласындағы №9 ...

Толығырақ »

Шымкентте «Менің гүлді аулам» байқауы өз мәресіне жетті 

Шымкент қаласында өткен жылдың қазан айында бастау алған «Менің гүлді аулам» байқауының жеңімпаздарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды didarbek.kz. Аталған байқауға жалпы қала бойынша 100-ге жуық көпқабатты үй өтінім тастап, арнайы құрылған комиссия мүшелері әр ауланы аралап, тұрғындармен кездесіп, критерийлерге сәйкес бағасын берді. Енді сәуір айының соңына дейін жеңімпаздарды марапаттау шарасы қалалық фестиваль форматында ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар, қаланың ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МҮГЕДЕКТІКТІ АЗАЙТУ МАҚСАТЫНДА АРНАЙЫ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің қатысуымен өткен жиында ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету шаралары талқыланды. Қалада бүгінде мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға 11 орталық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді. Мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерге арнайы портал арқылы тапсырыс беруде. Сондай-ақ жиында ересектер мен балалар арасындағы мүгедектікті алдын алу, ерекше күтімді қажет ететін азаматтардың өзекті мәселелері қарастырылды. Қала ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ 800-ДЕН АСА ЖҰМЫСШЫ ЖАС БАСПАНАЛЫ БОЛАДЫ

Биыл Шымкентте «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында – 324 арендалық пәтер, жұмыс істеп жүрген жастарға – 888 пәтер, несиелік негізде – 1919 пәтер беру жоспарланған. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаева мәлімдеді. 2022 жылы Шымкент қаласында жұмысшы жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы аясында 857 жас қоныс тойын тойлаған. ...

Толығырақ »

QAMQOR ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Шымкентте өңірлік Qamqor бағдарламасы аясында несиелеу үшін алғашқы транш 3 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Өтебаева мәлімдеді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. – Биыл Шымкентте тұрғын үймен қамту мәселесін шешуде өңірлік Qamqor бағдарламасы іске қосылды. Аталған бағдарламаны жүзеге асыруда 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға басымдылық беріледі. Тұрғын үйді бастапқы ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: 6 ЕМХАНА, 200 ОРЫНДЫҚ ПЕРЗЕНТХАНА САЛЫНАДЫ

«Еліміздің басты құндылығы – адам». Бұл Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқан сөзі. Президент бұл Жолдауда әрбір қазақстандықтың сапалы өмір сүруін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды тапсырмалар берді. Оның ішіндегі ең басты бағыт ұлт саулығына арналып отыр. Мемлекет басшысы Жолдауда «…еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ЖҰМЫС ЖҮРІП ЖАТЫР

Биыл Шымкент қаласын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешімін табады. Ол үшін биыл қаладағы 5 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүріп, жыл соңына дейін аяқталады. Нәтижесінде 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына арнап өткізілген баспасөз туры барысында Шымкент қаласы әкімдігі энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары ...

Толығырақ »

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ СУБСИДИЯЛАУ – АУЫЛ ШАРУШЫЛЫҒЫНА СЕРПІН БЕРЕДІ

Мемлекет басшысы өз Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешенін субсидиялаудың ұзақ мерзімді жаңа тәсілдерін әзірлеуді тапсырды. Кәсіпкерлерге жерді жедел әрі ашық бөлудің тиімді әдістерін тұжырымдау жөнінде Үкімет алдына міндеттер қойған еді. Президент тапсырмасына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік қолдауды жетілдіру мақсатында Шымкент қаласында жұмыс тобы құрылған. Бүгінде жұмыс тобы осы салада сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмау үшін арнайы талдау жүргізіп, ...

Толығырақ »

​«Өмірді сақта»: Шымкентте әскери бөлімде дөңгелек үстел өтті

Шымкент қаласында Қорғаныс министрінің бастамасымен қолға алынған «Өмірді сақта» бағдарламасын іске асыру аясында 10216 әскери бөлімінің жеке құрамымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған шарада құқық бұзушылықтардың, билікті асыра пайдалану фактілерінің алдын алу, жарақаттануды азайту, сондай-ақ әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының ТжИЖ жөніндегі орынбасары ...

Толығырақ »

АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫНДА КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының «Достық үйінде» қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Жиынға Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов қатысып, ақсақалдар кеңесінің ережесі мен құрамы қалалық ассамблея төрағасының шешімімен бекітілгенін айтты. Консультативтік-кеңесші органмен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда мемлекеттік саясат аясында бірлесе жұмыс жүргізетінін жеткізді. – Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ақсақалдар кеңесін құру ...

Толығырақ »

Шымкенттік жастар кітапханаға экскурсия жасады

Бүгін Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен М.Тынышпаев атындағы QazATK колледжінің жастарына А.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды didarbek.kz. Аталған шараның мақсаты – болашақ жасөспірімдерге қаламыздағы белгілі орындар мен тарихи мекендерді кеңінен насихаттау, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғырту, ұлттық руханиятымызды кеңінен дәріптеу. Кітапхана ғимаратын аралаған жастар кітапхана тарихымен, онда қандай кітаптар мен мерзімді басылымдардың ...

Толығырақ »

Шымкент: Абай ауданы 2024 жылы толық табиғи газбен қамтылады

Шымкент қаласы Абай ауданы 2024 жылы толық табиғи газбен қамтылады, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Абай ауданы аумағы бойынша 27 елді мекеннің 20-сы табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 7 елді мекен қатты отынды пайдалануда. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, биыл Абай ауданындағы Асар-2, Қайнарбұлақ /1-2 кезең, Бозарық 74 га, Нұршуақ елдімекендері табиғи газға қосылады. Ал, 2024 ...

Толығырақ »

Шымкенттіктер 59 мың көлікті қайта тіркеген

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалы халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жыл басынан бері ең көп сұратылған мемлекеттік қызметтердің рейтингін жасады, деп хабарлайды didarbek.kz. Нәтижесінде үшінші мегаполисте жыл басынан бері халық арасында ең көп сұранысқа ие қызметтің бірі – автокөлікті қайта тіркеу қызметі екені анықталды. Алдын ала есептеулер бойынша, шымкенттіктер 59 мың көлікті қайта тіркеген. Ал, екінші орында – ...

Толығырақ »

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ЕМДЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫНДА БОЛДЫ

Шымкентке жұмыс сапарымен келген Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев қаладағы бірқатар медицина ұйымдарын аралап, жұмыстарымен танысты. Алдымен қалалық онкологиялық орталығында ашылған яндролық медицина орталығында болды. Онда заманауи технологиялық аппараттар қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтап, науқастарға шұғыл, сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Соңғы 4 жылда онкологиялық орталықта 2 мыңға жуық науқасқа түрлі деңгейдегі эндоваскулярлы оталар жасалынды. Кіші инвазивті операциялардың ...

Толығырақ »

ЖАС ҒАЛЫМДАР ҮЗДІК ЖОБАЛАРЫН ҚОРҒАДЫ

12 сәуір — ғылым қызметкерлерінің күніне орай Тәшенов университетінде «Жастар және ғылым – 2023» атты жас ғалымдар мен студенттер арасындағы екі күндік республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ғылымға қызығушылық танытатын студенттерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған бұл конференцияға Тәшенов университетінің белсенді студенттері қатысты. Конференция барысында студенттер өз ғылыми жобаларын қорғап, түрлі тақырыптарда зерттеу еңбектерін ұсынған. Конференцияның екінші күні шығармашылық идеялармен жалғасын тапты. Тәшенов ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ҚОҚЫС ЖӘШІКТЕРІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Тұран ауданында қала көркін қашыратын қолданыстағы қоқыс жәшіктерін жаңарту жұмыстары басталды. Бүгін жоспар бойынша бұл жұмыстар Қонаев даңғылы мен Байтұрсынов көшесінде жүргізілді. Алдағы күндері Асқаров, Момышұлы, Мангельдин көшелеріне мен Республика, Рысқұлов даңғылдарына, Темірлан тас жолы бойына заманауи талапқа сай 300 жаңа қоқыс жәшігі орнатылатын болады. Айта кетейік, Шымкент қаласында магистральді көшелерде санитарлық, механикалық және қолмен тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Қазіргі ...

Толығырақ »

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРГЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Жыл соңына дейін қалада 40 көпқабатты тұрғын үй жөндеуден өтеді. Сондай-ақ биыл коммуналдық меншіктегі 20 тұрғын үйге қайтарымсыз негізде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Былтыр қаладағы 60 үй ағымдағы және күрделі жөндеуден өткен болатын. Құрылыс барысында тұрғын үйлердің шатыры ауыстырылып, кіреберісі мен жертөлелері, қасбеттері жаңартылды. Жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған өтінішіне сәйкес қайтарымды ...

Толығырақ »

Шымкентте «Университет аруы — 2023» байқауы өтті

Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығының қолдауымен Орталық Азия Инновациялық университеті қыздары арасында «Университет аруы-2023» байқауы өтті, деп хабарлайды didarbek.kz. Аталған байқаудың мақсаты — қатысушы аруларды ізгілікке, еңбекқорлыққа және жауапкершілікке баулу. Байқауға қатысушылар ережеде көрсетілген 4 кезең бойынша өнер көрсетті. Арулар сайысының қазылар алқасында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны директоры ...

Толығырақ »

Шымкент: Сауда орындарында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Мобильді топ» мемлекеттік бағдарламалар бойынша «Қазына» сауда орталығында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды didarbek.kz. Аталған шараның негізгі мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту. Сондай-ақ, кәсіпкерлік бағдарламалары мен тұрғын үй жөнінде ақпараттармен таныстыру. Түсіндірме жұмыстары барысында жастарға «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісім-шарты» сынды мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары жөнінде ақпараттар ...

Толығырақ »

«Барыңмен бөліс»: Шымкентте қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №3 қиын өмірлік жағдайдағы балаларды оңалту орталығының тәрбиеленушілеріне «Барыңмен бөліс» қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды didarbek.kz. Аталған шараның мақсаты — жас ұрпақтың бойына ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сынды асыл қасиеттерді дарыту. Мерекелік концертке Жауқазын би ансамбілі, «Жа-ай» дуэті, Керуен этно ансамблінің дәстүрлі әндер шеруі, «Әдемі» триосы және Африкалық өнерпаз Кристі қатысып, балаларға мерекелік ...

Толығырақ »

Шымкент: 2023 жылы Арғымақ және Ақтас елді мекендері табиғи газбен қамтылады

2023 жылы Шымкент қаласындағы Арғымақ және Ақтас елді мекендері табиғи газбен қамтылатын болады, деп хабарлайды didarbek.kz. Бүгінде Тұран ауданы аумағындағы елді мекендердің 95,5 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. 2022 жылдың соңында Арғымақ және Ақтас, Ақтас-2, Ақжар елді мекендерін табиғи газбен қамту құрылысы толық аяқталды. «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан сынама жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 2023 жылы Арғымақ және Ақтас елді мекендері табиғи газбен қамтылатын ...

Толығырақ »

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласында жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында биылдан бастап берілетін шағын несиені 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар ала алады. Мемлекеттік қолдау биыл қаладағы 261 жасқа көрсетіледі. Өтініш берген сәтте үміткердің жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Бағдарламаға жұмысшы жастар да қатыса алады. Несиелеу шарттары: • Несие сомасы: 5 млн теңгеге дейін • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 2,5% • ...

Толығырақ »

Шымкентте магистральді көшелер күнделікті тазаланады

Шымкент қаласында магистральді көшелерде санитарлық, механикалық және қолмен тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіледі, деп хабарлайды didarbek.kz. Қазіргі таңда арнайы бригадалар газондарды орып, ағаштар мен жасыл желектерді зиянкестерден, күннен қорғау үшін әктеуге кірісті. Сондай-ақ, ауын- шашын салдарынан су алу қауіпі бар аумақтар да қатаң бақылауға алынды. Қаладағы 443 магистральды көшенің тазалығына 5 мердігер мекеме бекітілген. Орталық көшелерді тазалау жұмыстарына күн сайын 1500-ге ...

Толығырақ »

ШНПЗ ПРИСТУПИЛ ПОСЛЕ РЕМОНТА К ВЫПУСКУ ПРОДУКЦИИ ДЛЯ ВНУТРЕННЕГО РЫНКА

Завод завершил планово-предупредительные работы раньше срока на сутки и приступил к выпуску продукции для внутреннего рынка. 7 апреля заводчане приступили к выпуску собственной продукции для внутреннего рынка. По оценке аналитиков и поставщиков из нефтяного сектора, почти месячный плановый простой завода мог в какой-то мере повлиять на сложившийся в некоторых регионах страны дефицит топлива. В апреле предприятие планирует выработать более 110 ...

Толығырақ »