Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ӘЙЕЛДЕР КӨШБАСШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ БОЙЫНША ФОРУМ ӨТТІ

ӘЙЕЛДЕР КӨШБАСШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ БОЙЫНША ФОРУМ ӨТТІ

Шымкент қаласында өткен «Әйелдер көшбасшылығы және қоғамдық өзгерістер: Re.Women-нің Қазақстан болашағындағы рөлі» атты форум еліміздің әлеуметтік және экономикалық даму бағыттарын талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Жиында кәсіпкерлік саласын қолдау, шағын және орта бизнестің (ШОБ) мәселелерін шешу, сондай-ақ әйелдердің экономикадағы және қоғамдық үдерістердегі рөлін арттыру мәселелері кеңінен қарастырылды, — деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей и текст "ШЫМКЕНТТЕ ЭйеЛДер КОШБАСШЫЛЫГЫ МЕН ΚΘСΙΠΚΕΡЛΙΚΤΙ колдау МЭСЕЛЕЛЕР ТАЛКЫЛанДЫ ΘНИРЛΙΚ Sk shymkent"

Respublica партиясы жаңа Салық кодексінде «оңайлатылған режимді» сақтау туралы ұстанымын жариялап, өңірлердегі кәсіпкерлердің сұраныстарын ескере отырып, нақты шешімдер ұсынды. Форумды Respublica партиясының Шымкент қалалық филиалы мен Re.Women қауымдастығы ұйымдастырды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, партия мүшелері, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым жетекшілері мен белсенді әйелдер қатысты.

Форумға қатысушылардың пікірлері:

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек форумның ашылуында сөз сөйлеп, жиналғандарды маңызды басқосудың басталуымен құттықтады. Ол әйелдер көшбасшылығы мен кәсіпкерлікті дамыту қаладағы әлеуметтік-экономикалық өсімнің негізгі қозғаушы күші екенін атап өтті. Құранбек мырза бұл бағыттағы жұмыстың одан әрі қарқынды жалғасатынын және форумның нәтижелері қала дамуына өз ықпалын тигізетінін тілге тиек етті.

Возможно, это изображение текст "ES"

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, Respublica партиясының аймақтық кеңес төрағасы Асқар Молдабек өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіпкерлікті қолдауға қатысты тапсырмаларын орындаудың өңірлік деңгейде қалай жүзеге асырылып жатқанын айтып берді. Асқар Молдабек партияның белсенді араласуымен салықтық режим мәселелеріне қатысты бірқатар оң шешімдер қабылданғанын, сондай-ақ шағын бизнестің дамуына бағытталған нақты шаралар енгізілгенін жеткізді.

Мемлекет басшысының тапсырмалары: Шағын бизнесті қолдаудың жолдары

– Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын қабылдау қажеттігін атап өтіп, кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау шараларының өңірлік ерекшеліктерді ескеріп жүзеге асырылуы тиіс екенін айтты. Партия өкілдерінің айтуынша, бұл бағдарлама кәсіпкерлердің сұраныстарына сай жасалып, тиімділікке негізделуі керек. Сонымен қатар, Президент ауылды жерлер мен шағын қалалардағы бизнесті дамыту мақсатында жергілікті өнімдер мен технологияларды пайдалану арқылы мемлекет пен бизнес арасында «ынтымақтастық» қағидаты бойынша жұмыс істеуді ұсынған болатын, – деді Асқар Молдабек.

Возможно, это изображение помост и отдел новостей

Форумның басты мақсаты – әйелдер көшбасшылығын және кәсіпкерлікті дамыту жолында мемлекет пен қоғамның бірлесе жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сонымен қатар, әйелдердің әлеуметтік және экономикалық рөлін арттыру болды. Қатысушылар талқылаған мәселелер мен ұсыныстар өңірде әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына, сондай-ақ жалпы шағын және орта бизнестің қалыптасуына үлкен серпін береді деп күтілуде.

© Didarbek.kz

Пікір жазу