Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ​«Өмірді сақта»: Шымкентте әскери бөлімде дөңгелек үстел өтті

​«Өмірді сақта»: Шымкентте әскери бөлімде дөңгелек үстел өтті

Шымкент қаласында Қорғаныс министрінің бастамасымен қолға алынған «Өмірді сақта» бағдарламасын іске асыру аясында 10216 әскери бөлімінің жеке құрамымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды didarbek.kz.

Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған шарада құқық бұзушылықтардың, билікті асыра пайдалану фактілерінің алдын алу, жарақаттануды азайту, сондай-ақ әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының ТжИЖ жөніндегі орынбасары полковник Сергали Әлімқұловтың төрағалығымен өткізілген дөңгелек үстелге Шымкент гарнизоны әскери прокурорының орынбасары әділет подполковнигі Ермек Шалбаев, қалалық дін істері басқарманың теологы, психологиялық диспансер орталығының маман дәрігері, сондай-ақ қалалық әкімшілік полиция басқармасының бастығы қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Сергали Әлімқұлов жиналғандарға әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтауға, сондай-ақ әскери қызметтің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және әскердегі тәрбие жұмысын жетілдіруге бағытталған «өмірді сақта» бағдарламасы туралы айтып берді. — Әскерлерде енгізілген сарбаздар мен олардың ата-аналары арасында апта сайынғы «отбасымен бейнеқоңырау» бағдарламасы, сондай-ақ сарбаздардың ата-аналары, олардың командирлері мен тәрбиешілер офицерлерінің қатысуымен мессенджерлерде құрылған чаттар әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған, — деп атап өтті полковник Сергали Әлімқұлов.

Сонымен қатар, жиын барысында бағдарлама енгізілген сәттен бастап әскери бөлімдердің жұртшылық үшін ашықтығын арттыру бойынша өткізілген іс-шаралар айтылды. Айта кететін жайт, соңғы айда 10216 әскери бөлімінде гарнизонның әскери полиция бөлімінің өкілдері қоғамдық ұйымдардың өкілдерін және осы бөлімнің әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерін шақырып іс-шаралар өткізген. Сондай-ақ, Шымкент қаласы бойынша «Аналардың жүрегі» сарбаздардың аналар комитетінің өкілдері де кенеттен бөлімге келіп, жеке әңгімелесу өткізіп, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің тұрмыстық жағдайларын бақылай алады.

Пікір жазу