Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН НЫСАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАН НЫСАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласында қалалық орта сапасы мен құрылысқа бақылау күшейтілуде. Қала әкімдігіне қарасты Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы 2025 жылдың 11 айында сәулет-құрылыс саласында ауқымды мониторинг жүргізіп, заңсыз және талапқа сай келмейтін құрылыс нысандарына қатысты жүздеген әкімшілік шара қолданған, — деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы

Басқарманың мәліметінше, жыл басынан бері құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы жөнінде 1909 хабарлама түскен. Оның 1309-ы басқарма реестріне тіркеліп, 600 хабарламаға бас тарту берілген. Сондай-ақ, нысандарды пайдалануға қабылдау актілеріне қатысты 1721 өтініш қаралып, тек 642-сі ғана мақұлданған. Қалған өтініштердің 1079-ы заң талаптарына сәйкес келмегендіктен кері қайтарылған.

Возможно, это изображение текст "ШЫИКЕН ΘΗИΡЛΙΚ I БΥΓΙΗΓΙ БРИФИНГТЕ Τι IK ЦИЯЛАР ШЫМКЕНТ КАЛАСЫНЫН КАЛАЛЫК ОРТΑ САПАСЫ НАЗАР ДА: ЗАН ТАЛАПТАРЫН БУЗГАН НЫСАнДАР ЖАУАПКА ТАРТЫЛДЫ shymkent"

Лицензиялау және аттестаттау

Құрылыс саласындағы лицензиялау және аттестаттау бағытында да бақылау күшейтілді. 2025 жылдың 11 айында құрылыс саласына қатысты 479 лицензиялық өтініш түскен. Нәтижесінде, 40 лицензия беріліп, 181-і қайта рәсімделді, ал 61 өтінішке бас тартылды. Сонымен қатар, 196 сарапшыға аттестат беріліп, саладағы мамандардың кәсіби біліктілігіне де назар аударылды.

Құқық бұзушылықтар және айыппұлдар

Әкімшілік бақылау нәтижесінде 178 құрылыс нысаны бойынша 422 құқық бұзушылық анықталып, жалпы сомасы 102,3 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Оның 80,5 млн теңгесі өндірілді. Айыппұлдардың басым бөлігі заңсыз құрылысқа қатысты болып отыр. Нақты айтқанда, 125 нысан бойынша 369 хаттама толтырылып, 70,7 млн теңге айыппұл салынған.

Құқық бұзушылықтар негізінен Абай, Әл-Фараби, Тұран және басқа да аудандарда тіркелді. Сондай-ақ, құрылыс сапасына байланысты 38 нысанға қатысты, ал үлестік қатысу туралы заң талаптарын бұзған 15 тұрғын үй кешеніне қатысты істер сотқа жолданып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Возможно, это изображение один или несколько человек, отдел новостей и текст

Мониторинг қорытындылары

Қала аумағында жүргізілген мониторинг барысында 185 құрылыс нысанында заң бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 102 нысан қажетті құжаттарсыз құрылыс жүргізген. Қазіргі таңда олардың бір бөлігіне шара қолданылып, қалған нысандар бойынша тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл тексерулердің нәтижесінде, 25 құрылыс нысаны бойынша сотқа талап арыз жолданды, оның 11-і қанағаттандырылды.

Возможно, это изображение один или несколько человек и больница

Шымкент қаласындағы құрылыс саласындағы заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында осындай бақылау шараларының жалғаса беретіні атап өтілді. Қала әкімдігі бұл жұмыстарды қала аумағында сапалы және қауіпсіз құрылыс нысандарын салуды қамтамасыз ету үшін жүзеге асырып отыр.

 

© Didarbek.kz

 

Пікір жазу