Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » 2025 » Январь

Месячные архивы: Январь 2025

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКЕН ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР

Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2025 жылғы 28 — 30 қаңтар аралығында «Туризм және спорт» бағыты бойынша 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» XX республикалық зерттеу жобалары байқауының қорытынды кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. Байқауға Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан ауылдық ...

Толығырақ »

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ШЕКСІЗ ШИПАЖАЙ

Түркістан облысының Сайрам ауданында орналасқан «Sairam Thermal Resort» шипажайы ем алушыларға жоғары білікті медициналық көмек, ыңғайлы тұрғын жайлар, дәмді және пайдалы тағамдар, жылдам қызмет көрсету және бос уақытты тиімді пайдалану үшін түрлі қызмет көрсетуімен ерекшеленеді. Мемлекет және қоғам қайраткері Қалық Абдуллаев негізін қалап кеткен шипажайда озық үлгідегі ең заманауи жабдықтар қойылған. Шипажай қонақтары емдік ванналар қабылдап, асқазан, ішек жолдары, буын ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛУДА

Түркістан қаласы туризмді дамыту бағытында қарқынды дамып келеді. Соңғы екі жылда салаға 88,8 млрд теңге инвестиция тартылса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 61,9 млрд теңгені құрады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2024 жылы Түркістанға келуші туристер мен зияратшылардың саны 1,1 миллион адамға жетіп, оның 23,2 мыңы шетелдік қонақтар болды. Қалада 3 048 төсек-орны бар ...

Толығырақ »

САЙРАМДА ТҰҢҒЫШ РЕТ «КӨСЕМ» ДРАМАСЫ САХНАЛАНДЫ

Биыл көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына — 113 жыл. Сайрам аудандық Қазақ халық театры Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне «Көсем» атты психологиялық мұңды драмасын сахналады. Қойылымды тамашалауға аудан әкімі Арман Сәбитов, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты. Оқиға өткен ғасырдың 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына барып, мекеменің жұмыс барысымен танысты. Сапар барысында қаланың қорғаныс саласындағы қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған негізгі мәселелер талқыланды, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында әскери міндеттерді орындау, азаматтарды уақытылы әскери қызметке шақыру және қорғаныс бағдарламаларын іске асыру жолдары баяндалды. Әкім қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ...

Толығырақ »

КӨКСАЙ ШАҒЫН АУДАНЫН ЖАҢҒЫРТУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ АЯСЫНДА АЛТЫ ОТБАСЫНА ЖАҢА ПӘТЕРЛЕР БЕРІЛДІ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тапсырмасымен өткен жылы Көксай шағын ауданын жаңғырту тұжырымдамасын жүзеге асыру қолға алынған болатын. Бірінші кезеңде Реновация бағдарламасы аясында көппәтерлі үйлердің тұрғындарын көшіру болып табылады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Ішкі Саясат Басқармасының фейсбук парақшасына сілтеме жасап. Бүгін қала әкімі Нұрлыбаев көшесінде тұратын тағы алты отбасыға жаңа пәтерлердің кілтін табыс етті. Пәтерлер «Green City» тұрғын үй кешенінде ...

Толығырақ »

ҚЫЗЫЛ ОРАМАЛДЫ ШЫНАРЫМ

Бұған дейін Астана, Алматы қалаларында өткен қырғыздың жауһар жазушысы Шыңғыс Айтматовтың “Қызыл орамалды шынарым” шығармасы енді Шымкентте көрсетіледі! Танымал шығарманың сахналануына Қазақстан Республикасының халық әртісі, профессор, режиссер Талғат Теменов ықпал етті. Елімізге танымал тұлға Талғат Теменовтің режиссерлігімен сахналанатын премьера Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында 30-31 қаңтар және 1 ақпанда сағат 18:30-да көрсетіледі. Шығармада Қырғыз жерінде бой алған оқиға ...

Толығырақ »

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ КӘСІПТІК БІЛІМ – ЖАҢА БАҒЫТТЫҢ БАСТАУЫ

Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларының бірі – қысқа мерзімді кәсіптік оқу. Бұл бағдарлама кәсіптік білім беру ұйымдарында және жұмыс берушілердің жұмыс орнында екі бағыт бойынша ұйымдастырылады. Кәсіптік оқуға 18 жастан (студенттерден басқа) зейнет жасына дейінгі жұмыссыз қала тұрғындары қатыса алады. Оқу мерзімі – 3 ай. 2024 жылы мегаполисте 670 тұрғын кәсіптік оқуға жолданып, оның ішінде 393 адам оқуын ...

Толығырақ »

ЖЕДЕЛ ӘРЕКЕТ ЖАСАУ ҚАЖЕТТІЛІГІ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНЫП, ШАРАЛАР БЕКІТІЛДІ

Жалпы, зиянкестерге қарсы жұмыстың маңыздылығын өткен жылдың нәтижесі шегелей түсті. Шегірткелер шаруашылыққа қауіп төндірсе, шіркейлерден адамдар зиян шекті. Бұл бағытта нақты алгоритмге сәйкес, ұйымдасқан, ғылыми тұжырымға сүйене отырып жүйелі әрі жедел әрекет жасау қажеттілігі облыс әкімінің басшылығымен талқыланып, шаралар бекітілді. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарына дайындықты пысықтау үшін жауапты басқарма басшыларының, аудан әкімдері ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

2025 жылдың 16 қаңтарынан бастап тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылданады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Шымкент қаласы Ішкі Саясат Басқармасы парақшасына сілтеме жасап. Тұрғын үй сертификаты – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында «2-10-20», «5-10-20» және «Наурыз» бағыттары бойынша тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық қарыздың бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай көмегі. Тұрғын үй сертификаты ...

Толығырақ »