Түркістан облысы жер қатынастары басқармасы басшысы Тілеген Аманкелдіұлы, Түркістан облысы ветеринария басқармасы басшысы Ғани Құрманбай, Түркістан облысының аумақтық ветеринариялық инспекциясының басшысы Калдыбеков Сундетали ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді зерделеу, талдау жайлы кездесу өткізді. Жиынды Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов жүргізіп отырды.
Басқосу барысында аудандағы ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді зерделеу, талдау жүргізуге бағытталған қадамдық іс-шараларға сәйкес, атқарылып жатқан жұмыстар барысы талқыланды. Бүгінде ауданда мал шаруашылығын дамыту бағытында қолға алынған бірқатар жобалар жайлы айтылды.
Бұдан бөлек, жиынға қатысушылар аудан бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді зерделеу, талдау жүргізуге бағытталған іс-шараларға сәйкес, ұсыныстарын білдірді.
Айта кетейік, ауылдық округ кесіндісінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне зерделеу жұмыстарын жүргізу схемасы жер кадастры, кірістер департаменті, ветеринария, ауыл шаруашылығы басқармалары тарапынан жүзеге асырылмақ.
Кездесу соңында жұмысшы топ өкілдері арнайы бөлінген ауылдық округтерде заң аясында жүйелі жұмыстар атқарылуы қажеттігін айтты.