Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРМАН СӘБИТОВ: «ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЗАҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ШЕШІЛУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ»

АРМАН СӘБИТОВ: «ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ЗАҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ШЕШІЛУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ»

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов тұрғындарды кезекті рет тікелей жеке мәселелері бойынша қабылдады. Алдын ала қабылдауға жазылған азаматтар түрлі мәселелерді көтерді.
Қабылдау барысында тұрғындар заңсыз салынған үйлерді заңдастыру, жол құрылыс жұмыстарын жүргізу, аяқжол салу, ауыл аумағына бейнебақылау камерасын орнату, тозығы жеткен электр бағаналарын жаңарту, табиғи газ құбырын іске қосу, жайылым жер телімін алу, қоғамдық көлікті жүргізу секілді өтініштерін білдірді.
Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тиянақты тыңдаған аудан басшысы Арман Сәбитұлы өтініш-тілектердің заң шеңберінде шешілу жолдарын түсіндіріп берді.
Қабылдауда көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті басшылар тарапынан қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.

Пікір жазу