Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитов бюджет қаржысын тиімді игеру және мемлекеттік сатып алулар бойынша жиын өткізді. Жиында Сайрам аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Айтекеева аудан бюджетінің игерілуі мен мемлекеттік сатып алулар бағытында талдау қорытындысына тоқталды.
Сонымен қатар, әрбір жоба бойынша атқарылған жұмыс барысын баяндады.
Бюджет қаржыларының тиімді әрі мақсатты жоспарлануын жеткізген аудан басшысы оларды уақытылы игеру керек екендігін ескертті. Бұдан бөлек, кез келген жобаны мерзімнен кешіктірмей жүзеге асыру қажеттігін айтты. Қаражатты халыққа аса қажетті деп танылған мәселелерге бағыттау керектігін жеткізді.
Сондай-ақ, бюджеттің нақтылануы барысында аталған жобаларды толық енгізіп, алдағы жылға арналған бюджеттік өтінімдерді мерзімінде ұсынуды тапсырды.