Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: ЖИЫНДА АУДАН БЮДЖЕТІН ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

САЙРАМ: ЖИЫНДА АУДАН БЮДЖЕТІН ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сайрам ауданының 2025 жылға арналған бюджеттік барысын бағамдау ауданымыздың даму болашағын жоспарлауда маңызды қадам саналатыны анық. Осыған орай, аудан әкімдігінде салалық және дербес бөлім басшыларының қатысуымен жиын өтті.
Аталған жиынға Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов төрағалық жасады. Күн тәртібінде 2025 жылға арналған аудан бюджетін жоспарлау және оны тиімді пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды.
Басқосу барысында Арман Сәбитұлы бюджет қаражатының әрбір теңгесін халықтың жағдайын жақсартуға тиімді бағыттау керектігін тілге тиек етті.
«Біз алдымен тұрғындарды толғандырып жүрген көкейкесті мәселелерге көңіл бөлуіміз керек. Мұндағы басты мақсатымыз – халықтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету арқылы аудан бюджетін алдағы жылға жүйелі жоспарлай алуымыз қажет», — деді аудан әкімі.
Жиналыс нәтижесінде 2025 жылға арналған аудан бюджетін жоспарлау бойынша тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Бюджеттің әрбір бөлігін тиімді пайдалану үшін алдағы жылда ауданымызды дамытуға бағытталған жұмыстарды жалғастыру қажеттігін айтты.

Пікір жазу