Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 13.11.2026

ШЫМКЕНТТЕ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДАҒЫ КӘРІЗ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қаланы аралау барысында Еңбекші ауданындағы кәріз жүйелерінің құрылыс барысымен танысты. Су бұру жүйесін кеңейту жұмыстары Қазыбек би, Асанов, Тәжібаев, Шолохов, Уәлиханов, Мәметов, Ұлықбек және Циолковский көшелерінде жүргізілуде. Қазіргі таңда сегіз көшенің төртеуінде құрылыс жұмыстары аяқталған. Екінші жоба аясында Орынбай ақын, Төреқұлов, Ақсу, Айтжанов, Толстой және Менделеев көшелерінде жұмыстар атқарылуда. Бұл учаскедегі алты көшенің төртеуінде құрылыс ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласында тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау шараларын кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың 10 айында қала тұрғындарына 4 131 пәтердің кілті табысталды. Оның 2 373-і несиелік тұрғын үй болса, 1 758-і жалдамалы баспана. Жыл соңына дейін тағы 5 503 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жалпы жыл қорытындысы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды ...

Толығырақ »

ТҰРАН АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛІК ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

Шымкент қаласының Тұран ауданында кәсіпкерлікті қолдау, тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Аудан әкімдігі халықтың әл-ауқатын арттыруға, білім беру нысандарын жаңғыртуға және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр. 2026 жылдың тоғыз айында ауданда 38 645 шағын және орта бизнес өкілі тіркелген. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 22 843-ке жетті. ...

Толығырақ »

Спасатели стран СНГ собрались в Шымкенте

XXXVIII заседание Межгосударственного совета по чрезвычайным ситуациям (МГС по ЧС) стран СНГ прошло 13 ноября 2026 года в Шымкенте. Казахстан впервые за 11 лет выступал принимающей стороной мероприятия международного уровня. В заседании совета приняли участие руководители и представители спасательных ведомств ряда государств Содружества. Среди гостей были министры по ЧС Узбекистана, Беларуси, Кыргызстана, Таджикистана, России. Глава МЧС Казахстана Мурат Муханов представил ...

Толығырақ »

ТМД елдерінің құтқарушылары Шымкентте тәжірибе алмасты

Бүгін Шымкент қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше елдердің Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің XXXVIII отырысы өтті. Қазақстан соңғы 11 жылда алғаш рет халықаралық деңгейдегі аталған іс-шараны ұйымдастырды. Жиынға Достастық елдерінің құтқару қызметтері мен төтенше жағдайлар ведомстволарының басшылары және өкілдері қатысты. Олардың қатарында Өзбекстан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресейдің төтенше жағдайлар министрлері бар. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов әріптестеріне ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің техникалық жағдайын жақсарту, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Биыл тұрғын үй қорын күрделі жөндеуден өткізуге және ортақ пайдаланылатын нысандарды жаңартуға басымдық берілген. 2026 жылы қаладағы 31 тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізуге 2,7 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта оның 23-інде құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Қалған нысандардағы жөндеу жұмыстарын ...

Толығырақ »

ТҰРАН АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласының Тұран ауданында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, жол сапасын жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімі Б. Әзімбердиевтің мәліметінше, 2026 жылы ауыз су, электр энергиясы, газ, кәріз жүйесі және абаттандыру салаларында бірқатар жоба жүзеге асырылған. Қазіргі таңда Тұран ауданының аумағы 36 300 гектарды құрайды. Мұнда 22 шағын аудан, 39 357 жеке тұрғын үй мен 548 ...

Толығырақ »

Экономика выходит на свет: Казахстан сократил теневой сектор до исторического минимума

Казахстану за десять лет удалось заметно сократить долю ненаблюдаемой экономики. Однако часть денежных потоков по-прежнему остаётся за пределами официального учёта. Особенно это заметно в отдельных регионах и отраслях, где привычные схемы работы меняются медленнее. По данным Бюро национальной статистики, по итогам 2025 года доля ненаблюдаемой экономики составила 15,7% ВВП. Если учесть, что общий объём валового внутреннего продукта превысил 159,6 трлн ...

Толығырақ »

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Түркиядағы «Аккую» АЭС-інде жұмыс істейтін қазақстандық мамандармен кездесу барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, 33 мыңға дейін адам тұруға есептелген атомшылар қалашығы қолданыстағы ауылдың құрамына біріктіріледі. Мұнда тұрғын үйлер, мектептер, медициналық нысандар, ...

Толығырақ »

«ЫНТЫМАҚ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Әділет» партиясының Шымкент қалалық сайлауалды штабы мүшелері «Ынтымақ» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті. Басқосуда Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелер талқыланып, партияның Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Кездесуде ел экономикасын дамыту, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту және халықты тұрақты жұмыспен қамту мәселелеріне назар аударылды. Бұл бағыттар Президент ...

Толығырақ »

НҰРШУАҚ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Әділет» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Таймас Қамбатыров бастаған сайлауалды штаб мүшелері Абай ауданына қарасты Нұршуақ шағынауданындағы №2 «Талант» мектебінде тұрғындармен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген міндеттер талқыланып, партияның Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Кездесуге партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Ербол Байқонысов, Абай аудандық филиалының төрағасы Жандос Қамбарбеков, қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар, мектеп ұжымы ...

Толығырақ »